Диханбаева ф. Т., Джетписбаева б. Ш., Матибаева а. И



Pdf көрінісі
бет7/64
Дата26.01.2023
өлшемі1,2 Mb.
#63057
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   64
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1. Өнімнің сапасын жоғарылату негіздері
1.1. Өнім сапасы көрсеткіштерін жіктеу және номенклатурасы 
 
Өнім сапасын көтеру мәселесі күрделі және көп қырлы және әртүрлі 
аспектілерді қамтиды: техникалық, экономикалық, әлеуметтік және т.б.
Өнім сапасы мәселесі шаруашылықтың қазіргі жағдайында әртүрлі 
ұйымдық-құқықтық формалардың кәсіпорындары мен кәсіпкерлер үшін ерекше 
маңызды.
Өнім сапасы – өнім қасиеттерінің жиыны, оның ұсыныстарына сәйес 
белгілі қажеттіліктерді қанағаттандыру жарамдылығы (қоғамдық тамақтану 
өнімдері үшін – адамның физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру, яғни 
тағамдық заттар мен рационалдық тамақтану принциптерін есепке алғандағы 
энергия). 
Аспаздық өнім –тамақтардың, аспаздық тағамдардың және аспаздық 
жартылай өнімдер жиынтығы. 
Аспаздық өнімнің сапасы – өнімнің ары қарайғы өңдеулерге немесе 
тамақты 
қолдануға 
жарамдылығын, 
құрамының 
тұрақтылығы 
мен 
тұтынушылық қасиеттерін, тұтынушылар денсаулығы үшін қауіпсіздігін 
шарттайтын аспаздық өнім қасиеттерінің жиынтығы. 
Өнім дегеніміз пайдалы қасиеттерге ие, белгілі бір уақыт аралығында, 
белгілі бір жерде алынған және қоғамдық, сондай-ақ өзіндік сипатта олардың 
жарамдылығын қанағаттандыру мақсатында тұтынушылар қолдану үшін 
арналған еңбектік қызмет процесінің заттанған нәтижесі. Өнім дайын немесе 
аяқталмаған өнім ретінде болуы мүмкін.
Өнім бірлігі дегеніміз бір өнімнің жеке данасы, бір немесе бірнеше 
өнімнің белгілі қойылған реттілік саны. Өнімдерді белгілі бірліктерге бөлудің 
өнім сапасын басқару кезінде айтарлықтай мәні бар, көбінесе оның сапасын 
бағалауда, әрбір бірлікті (жаппай бақылау), немесе кейбір бірліктерін
бақылауда (таңдамалы бақылау). 



Өнім (бұйым) деп өнеркәсіптік өнімдердің бірлігін айтады, оның саны 
бір-бірден немесе данамен саналады. Бұйымның түрлеріне бөлшектер, 
құрастыратын бірліктері, жиынтықтар жатады.
Өнімнің қасиеті – өнімнің шынайы ерекшелігі, оның ерекшелігі өнімді 
жасап жатқанда, пайдаланғанда немесе тұтынғанда байқалуы мүмкін. 
Қасиеттердің жинақтылығы өнімнің бір түрін екінші түрінен айыруға мүмкіндік 
береді. Өнімнің қасиетін шартты түрде жай және күрделіге бөлуге болады. Жай 
(қарапайым) қасиеттеріне дәмін, сыртқы түрін, түсін, ал күрделіге – 
құнарлығын, қорытылуын, сіңімділігін және т.б. жатқызуға болады.
Қоғамдық тамақтану өнімі көптеген қасиеттерге ие, ол қасиеттер өнімді 
жасау мен тұтыну кезінде, яғни жасау, өңдеу, сақтау, тасу, қолдану кезінде 
байқалуы мүмкін.
Өнім сапасы оны құраушы өнімдердің сапасына тәуелді. Өнімнің 
сапасын өнімнің техникалық, технологиялық және эксплуатациялық 
сипаттамаларының жалпы жиынтығы түрінде анықтауға болады, осылардың
салдарынан өнім тұтыну кезінде тұтынушының талаптарына жауап беретін 
болады. Өнім сапасын өлшеу негізінен осы жоғарыда айтылған жалпы 
жиынтықтардың сәйкестіктік деңгейін немесе дәрежесін анықтау мен 
бағалауды білдіреді.
Өнімнің сапасын бағалау үшін сапа көрсеткіштерін қолданады. Өнім 
сапасының көрсеткіші – өнімнің жасалуы мен пайдалануы немесе тұтынуының 
белгілі жағдайларда қолдануылуын қарастыратын өнімнің сапасын құрайтын
бір немесе бірнеше қасиеттерінің сандық сипаты. Өнім сапасының көрсеткіші 
әртүрлі бірліктер түрінде (құндылықпен, пайызбен, балмен және т.б. ) 
көрсетілуі, немесе өлшемсіз болуы да мүмкін. Сапа көрсеткішін 
қарастырғанда бір жағынан көрсеткіштің аталуын (ылғалдылық, күлділік, 
тығыздығы, созылмалығын және т.б.), ал екінші жағынан – өзгеруі мүмкін
есептеп табылған мәнін ажыратуға болады.
Өнімнің сандық және сапалық белгілері болады.
Өнім белгісі – өнімнің кез келген қасиеті немесе күйінің сандық немесе
сапалық сипаттамасы. Өнімнің сандық белгісі оның параметрі болып табылады. 
Өнімнің параметрі оның қасиеттерін сандық сипаттайды, соның ішінде өнім 
сапасының құрамына кіретін қасиеттерін де (физикалық бірліктер түрінде 
көрсетіледі). 
Бақылау сұрақтары: 
1.Өнім сапасы қандай аспектілерді қамтиды? 
2.Өнім дегеніміз не? 
3.Өнім сапасы қандай көрсеткіштер арқылы көрсетіледі? 
4.Өнім сапасын өлшеу нені бағалайды? 
5.Өнім параметрі не түрінде көрсетіледі? 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет