Диханбаева ф. Т., Джетписбаева б. Ш., Матибаева а. И



Pdf көрінісі
бет9/64
Дата26.01.2023
өлшемі1,2 Mb.
#63057
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   64
1.3. Өнім сапасын бақылау 
 
Өнімнің қажетті сапасын қамтамасыз ету мәселелерін шешуде өнімнің 
өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде: оны құрастыру, өндіру және қолдануда 
сапаны бақылау маңызды орын алады. Бұл кезеңдерде құрастырылатын, 
жобаланатын немесе қолданылатын өнімнің параметрлерінің бекітілген 
талаптарға сәйкестігі тексеріледі. Сонымен қатар қалыптастыруға және жоғары 
деңгейде ұстауға әсер ететін факторлар мен шарттар бақыланады. 
Сапаны бақылау түрлерінің алуан түрлілігі оларды бірқатар белгілер 
бойынша жіктеу мен жүйелеу қажеттігін тудырады. Сапаны бақылау түрлерінің 
жіктелуі суретте көрсетілген. 
Сурет 2. Сапаны бақылау түрлерінің жіктелуі. 
Өнім сапасын бақылау 
Бақыланған 
өнімді 
қолдану 
мүмкіндігі 
бойынша 
Бақыланатын 
өнім 
көлемі 
бойынша 
Бақылау мақсаты 
бойынша 
Өндірістік 
процесс кезеңдері 
бойынша 
Бұзатын, 
бұзбайтын 
Толық, таңдап 
Қабылдау 
кезіндегі, 
технологиялық 
процесті 
статистикалық 
реттеу 
Кірме, 
операциондық, 
дайын 
өнімді 
бақылау, 
тасымалдау 
кезіндегі сақтау 
кезіндегі 


11 
Бақылау сипаты 
бойынша 
Қабылдау шешімі 
бойынша 
Бақылау 
құралдары 
бойынша 
Өнімнің 
бақылауға 
түсу 
сипаты бойынша
Инспекциялық 
ұшқыш 
Белсенді 
Белсенді емес 
Көзбен бақылау 
Органолептикалық 
инструменталды 
Партияны 
бақылау үздіксіз 
Бақыланатын өнімді қолдану мүмкіндігі бойынша бақылау бұзатын және 
бұзбайтын бақылау болып бөлінеді. 
Бұзатын бақылау өнімді ары қарай қолдануға жарамсыз етеді және көп 
шығын қажет етеді. Оның нәтижелері белгілі бір дәрежеде сенімсіз болады. 
Осы себептерге байланысты бұзбайтын бақылауды таңдаған жөн ол жанама 
бақылау нәтижелеріне сонымен қатар рентген және инфрақызыл техника 
электроника және т.б құралдарын қолдануға негізделген. Бұзатын бақылау 
бұзбайтын бақылауда жалпылама сапа көрсеткішін бақылауға жататын бірлік 
көрсеткіштердің көп бөлігін ескеру мүмкін болғанда бұзбайтын бақылауды 
жүргізуге кететін шығындардан асып кететін құнға қарағанда белгілі бір 
мөлшерде өнім бірлігін бұзу маңыздырақ болғанда қолданылады. 
Бақыланатын материал көлеміне байланысты:
- толық бақылау – барлық өнім бірлігі бақыланатын бақылау 
- таңдап бақылау – жинақты белгілі бір өнім бірлігі бақыланады. 
Барлық жинақты өнім сапасы туралы шешім таңдап алынған өнім 
бірліктерін бақылау нәтижелеріне негізделіп қабылданады. 
Процедуралары мен ережелері математикалық статистика заңдарына 
негізделген таңдап бақылау өнім сапасын статистикалық бақылау деп аталады. 
Аз шығындар мен нәтижелердің жоғары дәрежедегі сенімділігіне байланысты 
статистикалық бақылау өнім сапасын қамтамасыз етудің тиімді құралы болып 
табылады. Математикалық статистика заңдарына негізделмеген таңдап бақылау 
қате шешімдерге алып келуі мүмкін. 
Толық бақылау бірлік және өз сериялы өндірісте, ал таңдап бақылау 
қалған жағдайларда қолданылады. 
Бақылау мақсаты бойынша: 
- қабылдау кезіндегі бақылау - өнім жарамдылығы мен қабылдауға 
болатынын анықтау үшін жүргізіледі.
Бақыланатын белгісі бойынша 
Сандық белгісі бойынша 
Сапалық белгісі бойынша 
Альтернативті белгісі бойынша 


12 
- Технологиялық процесті статистикалық реттеу – технологиялық 
процесс күйін бағалау және осы жөндеудің қажеттігі туралы шешім қабылдау 
үшін өнім сапасын бақылау. 
Өнімді құрастыру процесінде бақылау жеріне байланысты: 
- кірме бақылау міндетті емес, бірақ бірқатар жағдайда пайдалы. Мысалы 
өнімнің сапа көрсеткіштері тасымалдау және сақтау кезінде өзгеруі мүмкін. 
Өндіріске жіберер алдында мұндай өнім кәсіпорын жағдайында тексерілуі 
қажет. Кірме бақылау - дайын өнім сапасы бастапқы материалдарға тәуелді 
болғанда жүргізіледі. 
- операциялық бақылау өте маңызды. Операциялар кезінде уақытылы 
ақауларды айқындау ақаулы өнімдер тұтынушыға кетуін жояды, өндірістік емес 
шығындарды қысқартып өндіріс тиімділігін арттырады. 
Бақылау сипаты бойынша: 
- инспекциялық бақылау – айқындалған ақаулы өнім жойылған 
бақыланған өнімді бақылау. Оны бақылау автоматы жұмысы сапасын тексеру 
кезінде жүзеге асырады. 
- ұшқыш бақылау деп инспекциялық сипатқа ие. Ол аяқ астынан және 
кездейсоқ уақытта жүргізілетіндіктен нәтижелері сенімдірек болады. 
Қабылданатын шешім сипаты бойынша: 
- белсенді бақылау кезінде өнім сапасын жақсарту жөнінде шешімдер 
қабылданады; 
- белсенді емес бақылауда тек ақаулы өнім анықталады. 
Бақыланатын параметрге байланысты: 
- бақылау процесінде бір немесе бірнеше параметр мәнін анықтап ол 
мәндерге байланысты бақыланатын жиынтық туралы шешім қабылданатын 
бақылау сандық балгісі бойынша бақылау деп аталады; 
- бақылау процесінде әрбір тексерілген бірлікті белгілі бір топқа 
жатқызып әр топтағы бірліктер қатынасына байланысты барлық жиынтық 
туралы шешім қабылданатын бақылау сапалық белгі бойынша бақылау деп 
аталады; 
- Альтернативті белгі бойынша бақылау жеке жағдай болып табылады.
Бақылау нормативтерінің шамасы стандартта қабылданған ақаулықтың 
қабылдау деңгейі мен бақылау тәртібіне тәуелді. 
Ақаулықтың қабылдау деңгейі (стандартта AQL деп белгіленеді – рұқсат 
етілген сапалық деңгей) – қабылдау мақсаты үшін қанағаттандырарлық деп 
қарастырылатын ақаулықтың максималды деңгейі. 
Статистикалық бақылау үш тәртіпте жүргізілуі мүмкін: 
Қалыпты бақылау – алдынғы өнім партиясын тексеру нәтижесі,
ақаулықтың нақты деңгейі қабылдау деңгейінен ауытқуы туралы шешім 
қабылдауға негіз болмайтын жағдай. 
Әлсіз бақылау – алдынғы өнім партияларын тексеру нәтижесі оң 
болғанда, яғни ақаулық деңгейі қабылдау деңгейінен төмен болғандағы жағдай. 
Күшейтілген бақылау – алдынғы өнім партияларын тексеру нәтижесі 
теріс болғанда қажет. 


13 
Қабылдау кезіндегі статистикалық бақылау – партиядағы өнімнің 
ақаулық деңгейін нормативтік құжаттарға сәйкестігін тексеру. 
Қабылдау кезіндегі статистикалық бақылаудың маңызды түсінігі 
ақаулықтың қабылдау деңгейі (AQL) – бақылауға түсетін партиядағы жарамсыз 
өнімнің ең көп рұқсат етілген пайызы. Ақаулық деңгейі AQL мәнінен аспайтын 
партияны нормативті құжат талаптарына жауап береді деп есептейді. 
Таңдап тексеру жағайында жақсы өнім парияларын қателесіп жарамсыз 
деп шешім қабылдау мүмкін. Ол қателерді жібермеу мүмкін емес және тек 
толық бақылау кезінде жойылуы мүмкін сондықтан оларды аз жіберуге 
тырысады. Ол үшін қабылдау кезінде статистикалық бақылауда «өндіруші 
тәуекелі» түсінігі бар ол AQL мәнінен аспайтын ақаулық деңгейі бар партияны 
жарамсыздығының 
максималды 
пайызы. 
Өндіруші 
тәуекелі 
әдетте 
жоспарланады және бақылау жоспарын құру кезінде ескеріледі.
Екінші жағынан тұтынушы да AQL мәнінен артық партия алудан 
сақтанғысы келеді. Ол үшін ол ақаулықтың жарамсыздық деңгейін (QL) – 
партиялар кепілді түрде жарамсыз деп саналуы қажет ақаулық деңгейін 
орнатады. Кепіл ретінде тұтынушы тәуекелі (β) болып табылады ол ақаулық 
деңгейі QL аз емес партияны таңдап бағалау нәтижесі бойынша қателесіп 
қабылданатын максималды пайыз болып табылады. Қабылдау кезіндегі 
статистикалық бақылау бір сатылы екі сатылы көп сатылы және реттік болады.
Бір сатылы бақылау – бақыланатын партия туралышешім бір таңдау 
негізінде қабылданатын бақылау. 
Бұл бақылау түрі қарапайым және ыңғайлы. 
Екі сатылы бақылау – бақыланатын партия туралы шешім екі таңдау 
негізінде қабылданады соның соның ішінде екінші таңдау бірінші бақылау 
нәтижелеріне тәуелді.Екі сатылы бақылауды артықшылығы бір сатылы 
бақылауға қарағанда етсеру үшін 20-30% аз өнім қажет. Бірақ екі сатылы 
бақылау бақылаушының жоғарғы біліктілігін қажет етеді және ұйымдастыру 
кезінде белгілі бір қиындықтары бар. 
Көп сатылы және реттік бақылау түрлері екі сатылы бақылауға қарағанда 
бақыланатын партия туралы шешім қабылдағанда бірқатар таңдау алуды қажет 
етеді. Соңғы таңдауды алу алдыңғы тексеру нәтижесіне тәуелді. 
Ұйымдастырушылық қиындықтары көп сатылы және реттік бақылауды 
қолдануды шектейді.
Жеті бақылау деңгейі бар:
- жалпы – І, ІІ, ІІІ; 
- арнйы – S-1. S-2. S-3. S-4^ 
Қолдануда негізгісі ІІ бақылау деңгейі қолданылады. Егер І және ІІ 
деңгейді қолдану құнына байланысты негізсіз немесе ақаулық бірліктер үлесі 
AQL көп өнім партияны қабылдау аса көп шығындарды тудырмаса, ІІІ деңгейді 
қоланылады. 
Арнайы деңгейлер аз таңдау қажет болғанда, ал аса үлкен тәуекелді 
қабылдау негізделген болғанда қолданылады.
Бақылау жоспарларының келесідей бар: 


14 
Бір сатылы, екі сатылы, көп сатылы және реттік. 
Бір сатылы жоспарлар ең үлкен таңдау көлемімен сипатталады, ол келесі 
жағдайларда қолданылады: өнімді бақылау құны аз бақылау ұзақтығы өте 
ұзақжәне партия бақылау соңына дейін тоқтатылуы тиіс. 
Екі сатылы бақылау жоспары аралық таңдау көлемімен сипатталады. (бір 
сатылы жоспарға қарағанда аз және көп сатылы жоспарға қарағанда көп). Бұл 
жоспарлар үлкен таңдау көлеміне байланысты бір сатылы қолдану мүмкін емес 
және аса ұхақтығына байланысты көп сатылы бақылауды қолдану мүмкін емес 
болғанда қолданылады. 
Көп сатылы жоспарлар ең аз бақыланатын өнім санымен сипатталады. 
Бұл жоспарды өнім бақылауға аз уақыт және сынау құны жоғары болғанда 
қолданылады.
Реттік бақылау жоспарын экономикалық және техникалық жағынан аз 
таңдауды бақылау қажет, ал таңдау құны көп болғанда қолданылады. 
Кез келген бақылау мақсаты жарамды, жарамсыз және ақаулық өнімдерді 
айқындау болып табылады. 
Жарамсыз өнім (брак) - өз қасиеттері бойынша стандарт талаптарына 
сәйкес емес өнім. Жарамсыздық көрсеткіштеріне мыналар жатады: 
- Жарамсыздық өлшемі; 
- Жарамсыздық пайызы – жарамды өнімдерге қатысты; 
- Жарамсыз өнімдер саны; 
- Жарамсыздықтың меншікті салмағы – жарамыз өнімдер санының 
жарамды және жарамсыз өнімдердің жалпы санына қатынасы; 
- Ақшалай өрнектелген жарамсыздықтың абсолютті өлшемі – соңғы 
жарамсыз өнімдерді өндіру мен түзетілетін жарамсыздықты жөндеуге кеткен 
нақты шығындардың сомасы. 
- Жарамсыздықтан шығындардың абсолютті өлшемі – жарамсыздықтың 
абсолютті өлшемінен жарамсыздыққа жауапты адамдардан алынған, жарамыз 
өнімдерді қолданудан түскен сомаға аз шама. 
- Жарамсыздықтың салыстырмалы көрсеткіші – абсолютті көрстеткіші 
белгілі бір периодта өнім өндірумен байланысты нақты шығындардың жалпы 
сомасына қатынасы. 
Өнімнің орнатылған талаптарға әрбір жеке сәйкессіздігін ақау деп 
аталады. Ақаулар төмендегі белгілер бойынша жіктеледі: 
- айқын – айқыдау үшін әрекеттегі нормативті құжатта сәйкес әдістер, 
ережелер, және құралдар қарастырылған ақау.
- Жасырын – айқындау үшін әрекеттегі нормативті құжатта сәйкес 
әдістер, ережелер және құралдар қарастырылмаған ақау. Бұл ақаулар қолдану 
кезінде айқындалады. 
Жою мүмкіндігі бойынша жойылатын және жойылмайтын ақаулар болып 
бөлінеді. Бұл жіктеу шартты, себебі бұл ақау өндіруші кәсіпорын жағдайында 
жойылып және сауда кәсіпорында жойылмайтын болуы мүмккін. 
Сапаға әсер ету деңгейі бойынша: 


15 
- Критикалық - өнімнің тағайындалуы бойынша қолдану мүмкіндігін 
жояды. 
- Маңызды - өнімнің тағайындалуы бойынша қолданылуы мен ұзақ 
мерзімділігіне әсер ететін ақау
- Аз маңызды - өнімді тағайындалуы бойынша қолдануы мен ұзақ 
мерзімділігіне онша әсер етпейтін ақау. 
Бақылау сұрақтары: 
1. Өнім сапасын бақылау түрлері қандай белгілер бойынша жіктеледі? 
2. Бақыланатын өнімді қолдану мүмкіндігі бойынша қалай бөлінеді? 
3. Сапаға әсер ету деңгейі бойынша бөлінуі? 
4. Жарамсыздық көрсеткіштеріне не жатады? 
5. Жеті бағалау деңгейін атаңыз? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет