Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Төзімділік жаттығуларын орындау кезіндегі спорттық



Pdf көрінісі
бет165/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   258
Байланысты:
О улы Алматы, 2014 2 аза стан Республикасы Білім ж не ылым ми

Төзімділік жаттығуларын орындау кезіндегі спорттық 
жұмысқа қабілеттілік. Биіктікте шекті ұзақтығы 1 минуттан асатын 
спорттық жаттығу нəтижелері теңіз деңгейіне қарағанда төмен бо-
лады. Тек бұған нəтижесіне ауа кедергісі (тығыздығы) мөлшері көп 
ықпал ететін салыстырмалы ұзақ емес жаттығулар, мысалы, тректегі 
велобəйге жатпайды. Бұл жаттығулар барысында спортшының 
физиологиялық мүмкіндіктерінің төмендеуі оларды орындау 
кезіндегі механикалық жағдайлардың жақсаруымен өтеледі.
Қаншалықты арақашықтық (жаттығудың шекті ұзақтығы) ұзақ 
болған сайын соншалықты нəтижелердің төмендеуі айтарлықтай 
болады. Неғұрлым биіктік артқан сайын соғұрлым ОМП азаюы-
мен қатар жүретін физикалық аэробтық жұмысқа қабілеттіліктің 
төмендеуі күштірек болады. Биіктікке төзімділіктің азаюының басты 


326
себебі аэробтық өнімділіктің төмендеуі болып табылады. Жұмысқа 
қабілеттіліктің төмендеуіне байланысты ықпал ететін жаттығу 
жүктемелерінің қарқындылығы биіктік сайын азаяды.
Биіктік 
гипоксиясына 
адам 
организмінің 
бейімделу 
механизмдерінің дамуына қарай өте айтарлықтай дəрежеде 
жəне барлық жағдайда болмаса да, дегенмен оның сол биіктікте 
дене жұмыс қабілеттілігі жақсарады. Мұнда биіктікте неғұрлым 
ұзақ жаттығуларды орындауға бейімделу үшін соғұрлым 
акклиматизацияның ұзағырақ кезеңі қажет етіледі. 2000 м жəне 
одан жоғары биіктікте максималдыға жуық жəне максималды 
аэробтық қуаттылықты жаттығуларды орындау барысында жақсы 
нəтижелерге жету үшін акклиматизацияның минималды кезеңі (2-3 
апта) қажет болады. Орта биіктік жағдайында бұдан əрі қарай болу 
аэробтық жұмысқа қабілеттілікті жақсарта қоймайды, сондықтан да 
оның ешқандай мəні жоқ.
Жақсы жаттыққан адамдар жаттықпаған адамдарға қарағанда 
жоғары биіктікке тезірек немесе неғұрлым тиімдірек акклиматиза-
цияланбайды. Биіктік жазық тұрғындарының жұмыс қабілеттілігіне 
сияқты таудың тұрғылықты халқының да жұмыс қабілеттілігіне ық-
пал етеді. Жазық тұрғындары сияқты таудың тұрғылықты халқының 
да спорттық нəтижелері жазықтағы нəтижелерімен салыстырғанда 
арақашықтық артқан сайын (жұмыс мезгілі) төмендейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет