Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Орта биіктік жағдайында жəне теңіз деңгейіне оралғаннан



Pdf көрінісі
бет164/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   258
Байланысты:
О улы Алматы, 2014 2 аза стан Республикасы Білім ж не ылым ми

Орта биіктік жағдайында жəне теңіз деңгейіне оралғаннан 
кейінгі спорттық жұмысқа қабілеттілік
Адамның дене жұмыс қабілеттілігі биіктікке көтерілген сай-
ын төмендейді. Бұл ең алдымен жəне бастысы, төмендеуі 1200 
м биіктікте-ақ байқалатын аэробтық жұмысқа қабілеттілікке 
(төзімділікке) қатысты. Осы тұрғыдан алғанда жаттыққан жəне 
жаттықпаған адамдар арасында ешқандай айырмашылық жоқ. 
Екеуінде де тауға шығудың бас кезінде жазықтағы деңгейге 
қатысты жұмысқа қабілеттілік шамамен, бірдей төмендейді. 


325
Айтарлықтай биіктікте спортшыларда биіктік ауруының симптом-
дары соншалықты жиі жəне тіпті, елеулі айқын дəрежеде байқалады.
Жылдамдықты-күштік (анаэробтық) жаттығуларды орын-
дау кезіндегі спорттық жұмысқа қабілеттілік. Қысқа мерзімдік 
максималды күш салу кезінде бұлшық ет күші мен қуаттылығы, соны-
мен қатар қозғалыс координациясы (үйлесімділігі) тауға шыққанда 
немесе құрамындағы оттегі төмен газ қоспасымен тыныс алғанда 
өзгеріссіз қалады. Сондықтан тау жағдайларында орындалатын ұзақ 
емес (1 минутқа дейін) жылдамдықты-күштік сипаттағы спорттық 
жаттығулар жəне координациялық (үйлесімділік) жаттығулар 
кезінде жазықтағы жағдаймен салыстырғанда нəтижелердің 
айқын төмендеуі байқалмайды. Мұнымен қатар биіктікте ауа 
тығыздығының (орын ауыстыру кедергісінің) төмендеуі салдары-
нан қысқа (спринтерлік) қашықтыққа жүгіру, əсіресе, велобəйге 
кезіндегі нəтижелер тіпті, теңіз деңгейінен жоғары болуы да мүмкін. 
Дегенмен, организмдегі қалпына келу үдерістерінің биіктік 
жағдайында баяу жүретінін ескерген жөн. Сондықтан теңіз деңгейіне 
қарағанда осы жағдайларда тіпті, қысқа мерзімдік жаттығулардың 
өзін қайталап орындау неғұрлым қажуды (жұмысқа қабілеттіліктің 
төмендеуін) тез тудырады.
Биіктікте 
жылдамдықты-күштік 
жəне 
координациялық 
жаттығулар бойынша өткізілетін жарыстарға қатысу үшін спортшыға 
осы биіктікке арнайы алдын ала акклиматизация қажет емес. Егер 
спортшы биіктік ауруымен зардап шекпесе, оның жарысқа келу 
мерзімі өз еркімен таңдалуына болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет