Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Жаңа климаттық орта жағдайындағы спорттық жұмысқа



Pdf көрінісі
бет167/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   258
Байланысты:
О улы Алматы, 2014 2 аза стан Республикасы Білім ж не ылым ми

Жаңа климаттық орта жағдайындағы спорттық жұмысқа 
қабілеттілік
Эволюция үдерісінде қалыптасқан организмнің қоршаған ор-
тамен байланысы оның тіршілік етуі үшін қажетті жағдай екенінін 
И.М. Сеченов еңбектерінің өзінде көрсетілген болатын. Табиғи фак-
торлар кезеңдік өзгерістерге ұшыраған. Адам организмінің тіршілік 
əрекетінің барлық көріністері де тұрақты болып қалмайды, ырғақтық 
сипатта болады. Мұнда басты орынды тəуліктік ырғақ алады.
Адамның биологиялық ырғақтары. Биологиялық ырғақ – 
тіршілік барысында, өсіп-дамуда, организм жүйелерінің қызметінде, 
зат алмасуда, олардың үнемі белгілі бір уақытта, маусымда күшейіп 
жəне баяулап отыратын табиғи құбылыс. Басқаша айтқанда, тірі 
организмдердегі биологиялық үдерістер мен құбылыстардың си-
паты мен қарқындылығының кезеңмен қайталанатын өзгерістері. 
Биологиялық ырғақтың тəуліктік, апталық, айлық, маусымдық, 
жылдық жəне бірнеше жылдық болатыны анықталған. Ол 


329
организмнің ішкі ортасының тіршілік тəртібіне, организмдердің 
қызметіне, 
тамақтануына 
да 
байланысты 
қалыптасады. 
Физиологиялық қызметтердің биологиялық ырғақтары сонша дəл, 
нақты болғандықтан оларды көбіне, «биологиялық сағат» деп те 
атайды. Уақытты есептеу механизмінің адам денесінің əр молеку-
ласында, соның ішінде генетикалық ақпаратты сақтайтын ДНҚ мо-
лекулаларында орналасқанын жорамалдауға негіз бар. Жасушалық 
«кіші» биологиялық сағаттардан басқа мида орналасқан жəне 
организмдегі барлық физиологиялық үдерістерді синхрондайтын 
«үлкен» сағаттар бар. 
Биоырғақтардың жіктелуі. Ішкі «сағаттармен» немесе ырғақ 
жүргізушілермен қалыптасатын эндогендік жəне сыртқы факторлар-
мен реттелетін экзогендік деп аталатын ырғақтар болады. Көпшілік 
биологиялық ырғақтар аралас, яғни жартылай эндогендік жəне жар-
тылай экзогендік болып келеді. 
Көпшілік жағдайларда ырғақ белсенділігін реттейтін басты 
сыртқы фактор – фотопериод, яғни күннің ұзақтығы болып табыла-
ды. Бұл уақыттың сенімді көрсеткіші болатын жалғыз фактор жəне 
ол «сағаттарды» құруға қолданылады. 
«Сағаттардың» нақты табиғаты белгісіз, бірақ мұнда жүйкелік 
сияқты эндокриндік компоненттер қатысатын физиологиялық 
механизмдердің əсер ететіндігі күмəн келтірмейді. 
Көпшілік ырғақтар жеке даму (онтогенез) үдерісінде 
қалыптасады. Мəселен, баланың түрлі қызметтері белсенділігінің 
тəуліктік тербелісі дүниеге келгенге дейін байқалады. Оларды 
жүктіліктің екінші жартысында-ақ тіркеуге болады. Адамдағы 
көптеген қызметтердің тəуліктік циклділігі дүниеге алғаш келген 
күндерде көрініс береді. 
Биологиялық ырғақтар қоршаған ортамен тығыз өзара қатынаста 
жүзеге аса отырып, осы ортаның циклді өзгеретін факторларына 
организмнің бейімделу ерекшелігін көрсетеді. Жердің Күнді айна-
луы (жылға жуық кезең), Жердің өз осінде айналуы (24 сағатқа жуық 
кезең), айдың Жерді айналуы (28 күнге жуық кезең) жарықтың
температураның, ылғалдылықтың, электромагниттік өрістердің, 
т.б.-дың өзгерістеріне əкеледі жəне «биологиялық сағаттар» үшін 
уақыттың датчиктері болып табылады. 
Биологиялық ырғақтардың жиілігі немесе кезеңдері бойын-
ша көптеген айырмашылықтар бар. Тербеліс кезеңі шамамен, се-


330
кунд үлесінен жарты сағатқа дейін болатын жоғары жиілікті 
биологиялық ырғақтар деп аталатын топқа мысал ретінде ми, 
жүрек, бұлшық ет, басқа мүшелер мен ұлпалардың биоэлектрлік 
белсенділігінің тербелісін келтіруге болады. Оларды арнайы аппара-
тура (ЭЭГ, ЭМГ, ЭКГ, т.б.) көмегімен тіркей отырып, осы органдар 
қызметінің физиологиялық механизмі туралы құнды ақпарат алуға 
болады жəне ауруларды анықтауда (диагностикада) қолданады. Осы 
топқа тыныс алу ырғағын да жатқызуға болады.
20-28 сағат кезеңді биологиялық ырғақтарды циркадты немесе 
тəуліктік ырғақтар деп те атайды. Мысалы, тəулік барысында дене 
температурасы, пульс жиілігі, артериялық қан қысымы, жұмысқа 
қабілеттілік, т.б. кезеңдік өзгерістер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет