334
Биоырғақ жəне жұмысқа қабілеттілік
Жұмысқа қабілеттілік ырғақтары физиологиялық үдерістер
ырғақтары іспеттес өзінің табиғаты бойынша эндогендік бо-
лып келеді.
Дене температурасы, алмасу реакциялары, ұйқы
жəне сергектік сияқты физиологиялық үдерістер тəуліктік
ырғақтары жеткілікті тұрақты келеді. Дене жұмыс қабілеттілігі
ырғағы тəуліктің түрлі кезеңінде айқын емес жəне
жарыс немесе
төтенше күш сала орындалатын жаттығу жүктемелері ықпалынан
айтарлықтай өзгеруі мүмкін. Бұл өзгерістердің ырғағы көбіне, өмір
салтының стереотиптілігіне сəйкес келеді. Жұмыс қабілеттілік
күндізгі сағаттарда жоғары, таңғы жəне түнгі уақытта төмен бола-
тыны белгілі. Мұнда жылдамдықты-күштік
сипаттағы жаттығулар
(жеңіл атлетикалық секіру, лақтыру, т.б.) көрсеткіштері барын-
ша өзгерістерге (7-10%-ға дейін) душар келеді.
Айтарлықтай емес
өзгерістер төзімділік жаттығулары нəтижелерінде байқалады. Ресми
жарыстарда спортшылардың жоғары нəтижелерді көрсетуі көпшілік
жағдайларда ерте кешкілік сағаттарда орын алады.
Жұмысқа қабілеттілік жеке немесе бірлесе əсер ететін көптеген
факторларға байланысты. Бұл факторларға мотивация деңгейі,
ас қабылдау,
сыртқы орта факторлары, физикалық дайындық,
денсаулық күйі, жас, т.б. жатады. Жұмысқа қабілеттілік динамикасы-
на дегенмен, қалай ықпал ететіні толық түсініксіз болғанмен, қажу
(таңдаулы спортшыларды – созылмалы қажу) да əсер етуі мүмкін.
Жаттығуды (жаттықтыру жүктемелерін) орындау кезінде туындаған
қажуға жеткілікті мотивацияланған спортшының өзінің мойынсын-
бауы қиынға соғады. Қажу жұмысқа қабілеттілікті төмендетеді,
ал қайталап жаттығу (біріншіден кейін 2-4 сағат интервалдан соң)
спортшының функциялық күйін жақсартады.
Биологиялық ырғақтарды қалпына
келтіру қарқынды дене
жүктемелерін орындауға мүмкіндік береді, ал бұзылған биологиялық
ырғақтар кезіндегі жаттықтыру түрлі функциялық бұзылуларға, кей-
де сырқаттануға да əкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: