41
рынан бөлініп шығатын əлі толықтай анықталмаған факторлардың
обыр жасушаларының өсуі мен ұйқы безі қызметіне ықпал
ететіндігін дəледейді. Қаңқа бұлшық еттері бөліп шығаратын
көптеген белоктар бұлшық еттің жиырылуына байланысты. Дене
белсенділігінің төмендеуі нəтижесінде миокиндердің синтезделмеуі
– отырықшы өмір салтын ұстану мен көптеген созылмалы ауру-
лар арасындағы байланыстың бір себебі. Авторлар: «Бұлшық ет
массасының азайып, висцералдық (ішкі) майлардың жинақталуы
инсулинрезистенттілікке, атеросклерозға, ісіктердің өсуі мен
нейродегенерацияға əкеліп, созылмалы аурулар кластері дамуына
əкеледі», – деген қорытындыға келген. Бұлшық еттердің миокиндерді
бөліп шығаруы – дене белсенділігінің мезгілсіз қазаның алдын ал-
уын түсінудегі молекулалық негіз болып табылады. Миокиндердің
ми қызметіне де жағымды ықпалы анықталған.
Бұлшық ет организмдегі ең үлкен мүше, ал оны тірек-қимыл
жүйесінің белсенді бөлігі ретінде ғана емес, секрециялық əрі
иммуногендік мүше ретінде қарастыру ғалымдар қоғамы күн
тəртібіндегі өзекті тақырып.
Достарыңызбен бөлісу: