Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет16/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   258
Байланысты:
О улы Алматы, 2014 2 аза стан Республикасы Білім ж не ылым ми

12-сурет. Бұлшық еттің негізгі жиырылғыш элементі (саркомерлер 
актомиозин кешенінің бірі) – актин құрылымы
Актин шиыршықты жіпшелерден тұрады, олардың ішінде əрбір 
40 нм аралығында домалақ басы бар тропонин молекуласы жəне тро-
помиозин белогі кездеседі. Тропомиозин жіпшелері жиырылмаған 
бұлшық етте актиннің миозин өсінділері жабысатын жерін жауып, 
миозиннің актинге жабысуына кедергі жасайды (12-, 13-суреттер). 
Бұлшық еттің жиырылу жəне босаңсу механизмін, бұлшық ет 
жиырылған кезде талшықтар неліктен қысқаратынын түсіндіруде 
қазірге уақытта З. А. Хаскельдің «белок талшықтарының жылжуы» 
теориясы айрықша қолдау тауып отыр. Бұл теория бойынша бұлшық 
ет жиырылған сəтте актин талшықтары миозин бойымен толығымен 
сырғып, толығынан олардың ара-арасына кіреді (13-суретті 
қараңыз). Мұның салдарынан миофибрилдердің ашық бөлімі (І) 
қысқарады, тіпті жоғалып та кетеді, ал күңгірт бөлімі (А) оның қақ 
ортасындағы тек миозин жіпшелерінен тұратын ашыңқы (Н) зо-
насы жоғалып, одан əрі күңгірттене түседі жəне күңгірт бөлімдері 
(А) бір-біріне жақындайды. Осы сəтте миофибрилдерді жай микро-
скоппен қараса, оның көлденең жолақтығынан айырылғанын көруге 
болады. Актин жəне миозин жіпшелерінің ұзындығы бұлшық ет 
жиырылғанда өзгермейді, яғни қысқармайды. Тек актин жіпшелері 
миозин жіпшелерінің арасына енгендіктен саркомер қысқарады. 
Бірнеше миллиондаған саркомерлердің қысқаруы миофибрилді 
əжептəуір қысқартады. 


36
13-сурет. Көлденең жолақты бұлшық еттің жұмыс істеуі. Талшықтардың 
жылжу моделі. (From Vander, Sherman, Luciano Human Physiology, 
McGraw-Hill)
Актиннің миозиндер арасына кіруі миозиндердің домалақ баста-
ры немесе көлденең өсінділері, актомиозиннің ферменттік қасиетінің 
жоғарылауы жəне саркоплазмада Са
2+
иондары деңгейінің артуымен 
байланысты (14-сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет