Оқулық ретінде «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет92/120
Дата31.01.2023
өлшемі8,53 Mb.
#64112
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   120
Байланысты:
0bb643b3eadc5d8ca84637975cb483a4

 
Жұмыстың мақсаты: өсімдік жасушасының құрылымын зерттеу
цитоплазма қозғалысын анықтаудың әдістерімен танысу. 
Матариалдар және жабдықтар: микроскоп, үстел шамы, се-
кундомер, төсеніш және жабын шынылар, кішкентай қысқыштар, 
скальпель, іреуіш ине, сүзгіш қағаз, этанол, жылы су. 
Өсімдік объектілері: қызыл түйінді пияз; итмұрын, долана, шетен, 
қызанақ жемістері; канадалық элодея. 
Жұмысқа арналған түсіндірме 
Пияз қабығы жасушалараның құрылымының ерекшеліктері. 
Пияздың қабыршағын сыртқы жағынан және ішінен жабатын эпидерма 
(қабық) тірі жасушалардың бір қабатынан тұрады. Микроскопты 
болмашы есе үлкейткен кезде жасушалардың қабықшалары бір-біріне 
тығыз жанасқанын көруге болады. Әрбір тірі жасушада бір ядро жақсы 
көрінеді. Егер жасуша зақымдалмаса, онда ядро мөлдір болып көрінеді 
және цитоплазмадан ерекше көзге түспейді. Әдетте, ядро қабықшаға 
қысылған және аз ғана қабысқан болады, себебі жасушаның көп 
бөлігінде вакуоль орналасқан. Егер ядро үстіңгі немесе астыңғы 
жасушалық қабырғаға қысылса, онда оның ішінде бірнеше 
ядрошықтарды көруге болады. Цитоплазма қабықшаға үздіксіз қабатпен 
жанасады. Цитоплазма қабырғасының қабатының ішінде жасуша 
сөлімен вакуоль бар. Жасуша сөлі антоцианның ерітілген пигментінің 
қызғылт бояуымен боялған.
Пластидтер. 
Өсімдік 
жасушасы 
жанауар 
жасушасынан 
пластидтердің болыумен ерекшеленеді. Боялған пластидтердің 
арасында


164 
хлоропласттар (жасыл) және хромопласттар (қызыл, сары, қызғылт 
сары) бар. Пластидтерді жарық микроскобында жақсы көруге болады.
Хромопласттар гүлдерге, піскен жемістерге, сондай-ақ күзгі 
жапырақтарға ашық бояуды келтіреді. Олардың бояуы пигменттер – 
каротиноидтерге байланысты. Шетен жемістерінің жасушаларында 
хромопласттар созылмалы, сүйір, аздап бүгілген пішінді; итмұрын 
жемістерінде – сопақ; долана жемістерінде – үшбұрышты, ромб тәрізді; 
қызанақ жемістерінде – домалақ пішінді. 
Цитоплазманың 
қозғалысы. 
Элодея 
жасушасындағы 
хромопласттарды бақылап, цитоплазманың қозғалысын көруге болады.
Цитоплазманың қозғалысы барлық тірі жасушаларға тән, ол АҮФ 
түріндегі энергияның шығынын талап етеді. Цитоплазма қозғалысының 
биологиялық мәнісі – жасуша ішінде және жасушалар арасында 
құнарлы заттар мен ыдырау өнімдерін тасымалдауда және жасуша 
ішінде органеллаларды ауыстыруда. Цитоплазманың қозғалысы 
микрофиламенттердің қатысуы кезінде орын алада. Ол кенеттен 
(қалыпты табиғи жағдайларда) және индукцияланған (физикалық және 
химиялық тітіркендіргіштердің: температураның, жарықтың, химиялық 
заттардың әсері нәтижесінде) болады. 
Жасушалы органеллалардың орын ауыстыруын бақылау үшін үлкен 
вакуольдары бар ірі жасушалар ең қолайлы болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет