295
Айтыс VI том
осы Аралда туылған бір ұлың ем,
Құмында жалаң аяқ ойнап кеткен.
осы жерде достасып балалықпен,
осы жерде қоштастым бойдақтықпен.
елдің қамын ойлаған ер аман ба?
Халық қамын ойлаған қайраттықпен.
Балықшы қауымдарым,
армысыңдар,
Ақ айдынның бетінен ойнақ күткен.
Көлдегі сазанның да құйрығынан,
Ауыртпай шанышқымен жайлап түрткен.
мал баққан маңғаздарым, армысыңдар,
еміреніп езуінен қаймақ сүрткен.
өрісіне қозы, лақ, тайлақ біткен,
Қымыран, қымыз ішкен шайнап құртпен.
мұғалімдер, армысың,
жаңа оқу,
Жылының құлпын ашқан тайпақ кілтпен.
Қонақтар, армысыңдар, елге келген,
Құрметіне сай боп бұл жайнап күткен.
Атамның ұрпақтары, армысыңдар,
Басына Ақшатаудың байрақ тіккен.
Бәке, бүгін
шаттыққа бой ұрыңдар,
Күлкің бар, қалжыңың бар, ойының бар.
не айтсаң да көтерем, бүгін енді,
Әзіліңді көтерер той ұлың бар.
он ақынның ішінде жалғыз түйір,
Жақайым болсам қандай айыбым бар.
Құшақтаймын десеңдер қойыным бар,
Пышақтаймын десеңдер мойыным бар.
Ауыздықпен алысып мен кетейін,
Кеп жатса қолдарыңнан қайырыңдар.
естуші ем
біздің елді өскен ел деп,
Бұл асқа ағайын мен дос келер деп.
Жақайым атасына ас берді деп,
Алыстан, жақындардан хош келер деп.
үш төрт жылдай айтыспай қалып едім,
Жүр едім енді қандай көшке ерем деп.
Жүкең де жерлес болып шығып жатыр,
енді менің қорқатын ештеңем жоқ.
296
Қазақ өнерінің антологиясы
Бекарыс
емес аты бек арыстан,
Бекарыспен кез болды-ау мен алысқан.
Келе сала салды ғой өзіңменен,
үш төрт жыл келіп едім демалыстан.
Көңілімді кетіп жатсың жырға бөлеп,
сөздеріңнен төгілген сыр да бөлек.
міне, менің жерлесім шалқып отыр,
Қошеметін естісем нұрға бөлеп.
Арыстанмен айтыссам не тәйірі,
Халқым отыр көңілімді жырға бөлеп.
иесі
қасында тұрып айтақтаса,
мысық та арыстанды тырнап өлед.
сенімен қалай енді мақтанбайын,
Бекеңе қалай жырды ақтармайын.
Бабамызға ас беріп жатқан кезде,
несіне шаттық кернеп шаттанбайын.
Кезегіңді ал енді Бекарысжан,
Бір сөйлесем деп отырмын тоқталмайын.
Шамалы айтып кезекті өзіме бер,
Байланыстан тыс жерде боп қалмайын.
Достарыңызбен бөлісу: