Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет110/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   162
Бекарыс:
Шынберген, әр сөзімді бос етпейсің,
ізет қып алдымды да кесе өтпейсің.
Барлық жердің бәйгесін жинайсың деп,
дүние нені сонша шешед дейсің.
сен менен аз таппайтын көрінесің,
ол жағын неменеге өсектейсің?
Шөмішпен құйғандарды санамайсың,
Қасықпен жиғандардаы есептейсің.
сен біздей ренжідің елге несін,
Бабама бармадың деп шерленесің.
Ақшатаудың басына қалай барам,
өзің күтіп алуға келмегесін.
Жүрсін ағам барыпты Ақшатауға,
оның жайын айтайын елге сосын.
Шынбергенді ол жерден көре алмапты,
Көлеңке іздеп кетті ме терлегесін.
Жүрсінге шай беруге жарамапты,
Бекарыс осы жағын термелесін.
Жарылқайды деймісің Бекарысты,
Жүрсінге бір шәйнек шай бермегесін?!
Бұл жерді дей алмаймын босқа тау ғой,
Біздікі сіздікінен басқа тау ғой.
Пойыздан бір директор күтіп алды,
Байқауымша ол кісі жақсы адам ғой.
Жат дегесін үйінде жата бердім,
менен көрі үлкендеу ақсақал ғой.


300
Қазақ өнерінің антологиясы
Қасында кесенесі жоқ демесең,
директордың үйі де Ақшатау ғой.
Шынберген:
Бекең сөзі кетіпті майдаланып,
мен де қалдым біртүрлі ойға қалып.
сені басқа жігіт деп есептеуші ем,
нең бар ед Ақшатауға, шайға барып?
мені ешкім көрген жоқ деп айтады,
осы жағын ағайын, ойланалық.
сен де отырсың қасымда Бекарыс-ау,
тапқан табысымды есептеп, тойға барып.
сол жерде арнау айтқан мен емес пе ем,
Келген құрметті қонақты жайлап алып.
Батасын алып келдім ағаш үйден,
Әбдіжәміл ағамды жайғап алып.
Біздің ел қалай енді арман емес,
Қонағын жайсыз күтіп алған емес.
Қандай қонақ еліме келген кезде,
ықыласына кімнің көңілі толған емес.
Шынында жаңа шыққан сегіз ақын,
олардың ешқайсысы да барған емес.
Бір-бірін өлеңменен баптап жатыр,
дәстүрін қазағымның сақтап жатыр.
Біреуі батырымыз, би болды деп,
өз әлінше соларды жақтап жатыр.
тағы бірі шығып ап ортамызға, 
Ақшатауға бармай-ақ мақтап жатыр.
ой түйесің, ағайын, одан қалай,
Жүргенді жақсы көрем оңайламай.
Көргенді айту керек ақын деген,
Халықты өйтіп, бүйтіп көп алдамай.
Айтпасқа болмас бұл күні,
түспесін енді жыр құны.
Ақшатаудың ыстық-ау,
Жантағы менен жыңғылы.


301
Айтыс VI том
Атамыздан тараған,
Жаманақұлы Шыңғыстан
Жақайым деген бабамыз 
Көрсеткен көпке үлгіні.
сол атамнан тараған,
Ағыс, Көгіс, Ақбура,
тоқбура деген төрт ұлдың
Кесілген дейді кіндігі.
сырлыбай ханды кім білмес,
Қай ханнан кем дер кім мұны?
Байымбетқұл мен Жылқыайдар,
Жылқаман менен толыбай,
Жауына сұққан сүңгіні.
тайжан, Құрым, Байсалбай,
Билердің болған білгірі.
үш жүз түгел таниды,
Жетес бидей тілдіні.
мың баланы ерткен кешегі
сартай биден қалған ғой,
Аңырақайдың да қырғыны.
Болған жағдай бұл дағы,
Аңыз деп жүр-ау бұл күні.
рамберді мен Қосыбай,
Кім білмес мұндай пірліні.
Аллаға болған құлдығы.
нұрмағамбет, нұртуған,
Жаңаберген, еспембет,
елімнің болған дүлдүлі.
Айтпақшы Қыз Жібек апамның 
осы жерден естілген
Шолпысының да сыңғыры.
Әбдіжәміл атаммен танылған,
тарлан теңіздің тірлігі.
Құлақта қалған әуенмен,
Кешегі Бекұзақ ақынның
домбырасының күмбірі.
оңталап ақын шығарған,
талай елге құндыны.
Бүгін де жүр жыраулар,
Берік ағам Жүсіпов,


302
Қазақ өнерінің антологиясы
демеу менен Айбекпен
түрілген жырдың түндігі.
елмұра менен набаттар
Бола білген сыр гүлі.
Бұл жердің ән боп шалқиды 
Баласының да былдыры!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет