287
Айтыс VI том
ешқашан бұл інімнен күтпеп едім,
теңеуді айтады деп, бұлай жаман.
«Каналда қалып қойған камбала» деп,
тап таза көңілімді лайлаған.
Аралға ән айтам деп келгенімде,
Каналдан қайтамын деп кім ойлаған?!
Жатқанда
Астанадан алысқа кеп,
Әрине тырысамыз намысқа көп.
Қайдағы камбаланы қайдан айттың,
тым болмаса десейші толсталоп.
Я болмаса Балғынды Бекіре де,
уылдырық шашатын ағысқа кеп.
Қармаққа машина іліп қойдық дейсің,
мен бейне қызығардай табысқа көп.
Жалпы мен Жетісудың жайыны едім,
Байқаймын сенде ондай қамыс та жоқ.
сондықтан Балғынбекті бүгін бала,
Қармаққа түсіретін шанс та жоқ.
тіліңді тіліп түсер ұстара қып,
отырсың мен жүзетін тұста не ғып?
екі жүзді
балыққа теңеп қойып,
сен маған болып шықтың дұшпан анық.
мен де сені балыққа теңер едім,
Болмайды бірақ сендей қысқа балық.
Каналыңа қамалып не қылайын,
одан да түскен жақсы душқа барып.
сен қайта жазда туған бұзаудайсың,
Жайылатын ауылдан тысқа барып.
Бұзауды жайын құсап жұта салмай,
Бордақылап жемеймін қыста не ғып?
Көз тоятын көлемің болғанда егер,
Фарш қып шайнар едім ұстап алып.
сен
менің жұмырыма жұқ болмайсың,
Балаларға бермесем түшпара қып.
Мұхтар:
Айналдым Балғынбектей есіл ерден,
Бұл есіл ер болмаса көсілер ме ем?
288
Қазақ өнерінің антологиясы
Қандай балық болсам да, сырдың ұлы,
Қай кезден ақ осы елдің төсін емгем.
Қысқа балық болмайды деп мен секілді,
Балғын аға, сахнада шешілер ме ең.
Андай балық, мындай балық теңім ед деп,
Көңілің арылмады қос үрейден.
Қандай
балық болсақ та жарты сағатта,
«Капченный» боп кетерміз ау осы жерден.
есінеген аюдай үңгірдегі,
дауысың залға сыймай күмбірледі.
Балдарға түшпара ғып берем дей ме,
Жеңіл ас деп ойлай ма бұл бір мені.
Бала менен шағаға қор қылғанша,
Асасаң өзің асап тындыр мені.
Бірақ та ұмытпассың Алланы да,
Жүргесін бес уақыт жалбарына.
Балғынбектей ақынға жем болам деп,
Ағайын, шыққан жоқпын алдарыңа.
Біреудің баласында нең бар сенің,
маған әбден көңіліңнің қалғаны ма?
Ашығып, ас
таңдамай жей берсе егер,
сақалыңды орып бер балдарыңа.
домбыра алып келген соң қолға бүгін,
Көрінсін топ алдында жорғалығым.
Жақайымның тойы ғой бүгінгі той,
Көрдің ғой Балғын аға, зор қадірін.
Шектінің шежіресін шерте берсең,
ұрпаққа тәлім болар ол да бүгін.
сахнада негізі керек емес,
Балықтығым, немесе молдалығым.
Жақайым Қыз Жібекпен мақтанады,
сұлулық символы ғой ол мағлұм.
Бірақ та төлегенге қосылмаған,
тағдырдың бастан кешіп сор дәуірін.
мен
болсам төлегеннің інісімін,
Қызғыш құстай білетін көл қадірін.
Бәріміз Жетірудың баласымыз,
289
Айтыс VI том
Жабысқан болмаса да жан бауырым.
Ал, ағайын, бұл сонда не боп кетті,
Құда бала болдым ба сонда бүгін?
Жақайым құдаларын құрметтейді,
Балғынбектен сыйлымын онда бүгін.
сәйгүліктей сауырым қызғанда анық,
Жөн болар бір қамалды бұзған барып.
Бұл Бәкеңді Аралға алдырамын деп,
Біз қаншама бұл жақтан звандадық.
Барған сайын ағайын байқадың ба,
ызаланып қарайды ызбарланып.
Бет-ауызың Бекежаннан аумайды екен,
оны халық та аңдады, біз де аңдадық.
төлегеннің тағдыры еске түссе,
Бұзылар көңілді күй, ізгі ән қалып.
өгіздей қып өкіртіп өрге айдаған,
өш алғым кеп тұрады сізден барып.
Достарыңызбен бөлісу: