313
Айтыс VI том
сарыағашқа шипа іздеп сабылады.
түлкібас, төлебиде мәуе ағаштан,
тізіліп тұр жемістің алуаны.
осылардың бәріне бас боп тұрған,
Шымкентімнің анық қой бағы бары.
даламды емес адамды жырла десең,
Балғынбек тілден қалай жаңылады.
Шымкенттен екенін ұмытпаймыз,
Қазақтың Қажымұқандай балуаны.
Шымкенттен шыққанын ұмытпаймыз,
Қазақтың Шәмші сынды саңлағы.
Шәмшінің сазы екенін ұмытпаймыз,
Қазақстан елінің әнұраны.
сондықтан да Шымкентті жамандаған,
Әр адам ақиқаттан жаңылады.
Әлдекімдер Шымкентті «южан» десе,
Жүрегім шым-шым етіп ауырады.
Бекболат тілеухандай ағамыздың,
Бір сөзі бар тым терең мағыналы.
Шымкент пен оралманды кім даттаса,
сол қазақтың жауы боп табылады.
Көрсе де қиындықты небір басың,
Жарқынбек ұзақ болсын өмір жасың.
Астанаға аман сау мен жетейін,
Бұл жақта сен аман бол ленин басым.
ленинге теңедің деп өкпелеме,
Хан Кененің басы емес сенің басың!
Достарыңызбен бөлісу: