308
Қазақ өнерінің антологиясы
Кешегі өзбекәлі ағамыздың,
Бағасын біліп жүрміз мұнда ғана.
Әдебиетте
Әлімқұлов, сүлейменов,
ие болған алыптар дүр бағаға.
Көпбай, тәушен, Әселхан ақындардың,
Әр шумағы татиды бір қараға.
ғашықтарды тербеткен әніменен,
Шәмші ағамның қайығы тұр жағада.
Асқаровтан кейінгі Асқар әкім,
Шымкентті айналдырған гүл қалаға.
торқалы
тойларыңа тілек айтып,
Балғынбек балпаң басып кірді араңа.
Жаужүрек мың баладай болмасам да,
Құшағыңды аш ақ жүрек бір балаңа.
Келмей, келмей, келген соң зарықтырып,
Көрерменді алмайық жалықтырып.
өлеңімді әзілмен әдіптейін,
тойға келген қайтсыншы халық күліп.
Балғынбекті
ата қылдың, сақа қылдың,
Шымкентке келгенімді тарих қылып.
директор болыпсың ғой мәдениетке,
Айтайын бұл хабарды анық қылып.
Қозы қарын байланып қалыпты ғой,
Әйтпесе, жігіт едің арық тұрық.
сахнаға
шыққаннан жалтыр басың,
Жанарымды барады қарықтырып.
иек түгіл төбеңе түк бітірмей,
Құдай сені қойыпты ау ғәріп қылып.
Жарқынбекке жақсылық жасайыншы,
тілектес екенімді таныттырып.
мен саған жүрегімді жұлып берем,
демесімді отырсың анық біліп.
Бірақ та
сақалымды қырып берем,
Басыңа киіп алсаң парик қылып.
Жақсы ғой, мәдениет үйі көптігі,
Жарқынбек жарып қапты би боп міне.
директор болғаннан соң түсінікті,
өзіңе көрсетілер сый көптігі.
309
Айтыс VI том
Бұл бетіңмен кетерсің өсе берсең,
мәдениет саласын билеп түбі.
Басшы адамдар көрнекті болу керек,
өзіңе осы бастан үйрет мұны.
Балғынбектің сақалын қаптап алсаң,
Шашыңның білінбейді сиректігі.
мәдениет
емес пе парик кисе,
мәдениет үйінің директоры.
Достарыңызбен бөлісу: