Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет116/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   162
Жарқынбек:
десек те айшықты әзіл айтысты ашар,
Артықтау кетіп жаттың әр тұста сәл.
Қайта-қайта басымды айта бердің,
тақырып таппаған соң тартыс жасар.
Басты айтпай орнымыздан тұрайық та,
ыңғайымыз болса да айтыс жасар.
Қазақтың Жарқынбегін ленин деген,
Аман бол айтыстағы «маркс сақал».
маркс сақал дегенге өкпелеме,
Шәкәрім бола алмайды тәмпіш сақал!
 2012 жыл.


314
Қазақ өнерінің антологиясы
МҰХТАР МЕН АЙБЕК
Мұхтар:
Бісміллә, жырласа екен, дәмді таңдай,
Қаларсың кәусарыма мәңгі қанбай.
Қара ағаштай қаулаған Жалағашқа,
сәлем бердім, иіліп сәмбі талдай.
естекбайдың баласы ер тұлғалы ед,
Қарсы келген дұшпаны қан жұтардай.
Күндік жерден қарасын көрген кезде,
Құйрығын бұтқа қысып, жау зытардай.
Алдарыңа келгесін ағылайын,
Ағайын, кеудемдегі жан мұқалмай.
екі жүзге күнде кеп жатқан жоқ қой,
Анадан арда туған нар Бұхарбай!
Жұтылмай, жолдан қалмай сана, дәстүр,
тарихпен сабақтасып салалас тұр.
туған елдің алдында толғанбасам,
Қызыл тілім қырқылсын, қара басқыр.
өз елім өзегімді таныстырмай,
Бойыма ішкен асым тарамас бұл.
Батырлықтың шыңында бұл халықтың,
Байқадам, сәрке, сейіл, тоғанас тұр.
Ақындықтың шыңында бұл халықтың,
өмірбай, нысанбаймен аралас тұр.
Арландардың айналған апанына,
өріп шыққан талай-талай дара қасқыр.
Алғаш рет кеп тұрсың, Айбек аға,
таныстырып кетпесем жарамас бір.
мың долларлар сыңсыған Астана емес,
мың доғдырлар тұратын Жалағаш бұл!
Ақ киімді, денелі, сақалы жоқ,
Қасыма Айбек кепті атағы көп.
Жұрттың бәрі қорқады осы сізден,
Құралайды көзінен атады деп.
ер жігіт жауын таңдап соғыспайды,
мұхтардың атағыңда шатағы жоқ.


315
Айтыс VI том
сен болсаң Жалағаштың құт қонағы,
Қасыңда ініңнің де нық талабы.
Бұдан басқа ақынға болмайды деп,
мұхтарды сізге әкеп тықпалады.
Арыстанның азуын көргенімен,
Жанарын жасытқан жоқ мұхтар әлі.
Қасқырға қарсы ұмтылған қоянның да,
Жүрегінде бір қарыс түк болады.
Бұл Айбек, талайларды күйретті ғой,
Шыңғыртып, шылбыр салып сүйретті ғой.
тәуекел, бір амалын жасаймыз ғой,
Қу өмір қулыққа да үйретті ғой.
елдің қамын айтам деп талай жерде,
Астыңнан тақ, қасыңнан сый кетті ғой.
Жанарың жалт-жұлт етіп отырушы ең,
Бұл күнде жанар жүдеп, ми кепті ғой.
уақыт маңдайыңа әжім салып,
Қабағыңды қамырдай илепті ғой.
ой жеп қойған басыңның төбе жағы,
Қой жеп қойған адырдай сирепті ғой.
түйе емеспіз шөгетін шөк десеңіз,
өгіз емен, жүретін өк десеңіз.
Қасыңдағы жалынды інің едім,
Кетпейтін жігіт едік көпке есеміз.
Жалғыз өзің, ағасы, жылай берме,
Жаныңызда інің боп септесеміз.
Жарар ед, басың пісіп, шашың түсіп,
өзіңізге бір зиян етпесеңіз.
Қазақты қазақ қылам деп жүргенде,
өзіңіз монах болып кетпесеңіз!
Айбек:
сөз бастап қонағына ащы қылып,
Бұл мұхтар танытады жақсы қылық.
Шыға салып шашыма жармастың ау,
ұйқыңнан ояндың ба бастырылып?
мұхтар-ау, қай кәдеңе жаратпақсың,
төбемнен бес алты тал шашты жұлып.
Ағаңның ойлағаны жұрттың жайы,


316
Қазақ өнерінің антологиясы
Көз ілмей, кеудесінде қасқыр ұлып.
уақыт өз дегенін жасайды екен,
Жыласаң да жанарға жас тығылып.
ұлтымды ойлай-ойлай шашым түсті,
Көңілім де төмен түсті, пәс жығылып.
сорлы маңдай ұзарып бара жатыр,
Желкеме қарай қашқан шашты қуып.
дегендей шашымды айтып састырамын,
Ағаңнан шыға салып шаш сұрадың.
Қыл-қыбыр, жүн-жұрқаны әңгіме етіп,
Ауызыңның кетірме тәтті дәмін.
Құдайдың берген басы осы болды,
Жүз бастан таңдағам жоқ жақсырағын.
Алмастай жыраудың да шашы сирек,
ол жағын да ойлап қой, шашқұмарым.
ұлықбек, Жүрсіндер де шашқа кедей,
Құдай солай жаратар жақсыларын.
Әшірбек ағамды да шашқа кедей,
Басқа бай азамат деп топшыладым.
Қасқа бас, басқа бастан жақсы істейді,
мұхтаржан, осы болса нақ сұрағың.
сондықтан бас жағына барыспағын,
Жеңілістің татарсың ащы дәмін.
Әйтпесе сақалыңды күзеп алып,
Парик қылып басыма жапсырамын.
Көкшетау, Баянауыл, Қарқаралы,
ұлытау мен торғайым Арқадағы.
сенім артып айтысқа жіберген соң,
салмақты болсын сөзім алқадағы.
ұлтымның мұңын жырлап мен өтермін,
ештеңе емес, жүйкемнің шаршағаны.
Шабамын демім жеткен жерге дейін,
Бас-терімді сыпырып алса дағы.
сөйлеймін аузым жеткен жерге дейін,
Шаш түгіл басым түсіп қалса дағы.
Ассалаумағалейкүм, Жалағашым,
Жалағашты жайлаған нар Алашым.


317


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет