Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет118/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   162
Қазақ өнерінің антологиясы
Бұхарбайдың қос баласы би болыпты,
Қысылғанға тиетін көмек себі.
Алты алашқа әйгілісі – Алданазар,
туралығы оның да бөлекше еді.
Бар адамның бәрінде бар дегенмен,
Көтібардың орыны ерекше еді.
өзің жақта, торғайда отыз жылдай,
Болыс болған еңбегін ел екшеді.
Яғни, көрдің бе аға, мен шындасам,
Бағындыра аламын демек сені.
сол бабамның ерлігін бір қайталап,
уысымда ұстауым керек сені.
дірілдемей бақайым, башпайым да,
Бұл тойда толқымай сөз бастайын ба.
Ақтарсаң сен тарихи деректерді,
мен де бүгін, ағасы, ашпайын ба.
Қоқандар қара бөгет салған кезде,
су болмаған бұл жердің рас бойында.
Ақыры, мысық билер ақылдасып,
оларды жүгіндірді ақ сойылға.
ер бабам ерен ерлік көрсетіпті,
Жалынды рух ойнап жас бойында.
Бұхарбайдай бұлқынып келіп едім,
Атамның шабайын деп ас тойында.
Қарабөгет секілді Қалиев тұр,
Ағайын, аспайын да, саспайын да.
нағашымның қылышын бір көтеріп,
тас-талқанын шығарып тастайын ба?!
Айбек:
Қандырып өлең жырға сарайды енді,
Ағаңыз енді саған қарай келді.
Қыр дуанды жайлаған бабаларым,
сыр дуанды жапсарлас, жанай қонды.
Қиын қыстау кезінде торғайлықтар,
осынау сыр бойына талай келді.
Арып-ашып жеткенде бауырласқа,
сырдың жомарт елінен арай көрді.
мұхтар болса тас-талқанын шығарам деп,
Көздеріне қан толып қарай берді.


321
Айтыс VI том
Қонағын құдайындай күткен мынау,
Алты алаш жомарт елге санай келді.
сарыжелекті қызғанған Әлімдердей,
«Шевролетті» қызғанып қарай берді.
Ақсақалдай асығыс іс жасасаң,
Жанқожаң мен болайын жарайды енді.
елге келген қонаққа есерленіп,
Қылыш ап жүгіргенің қалай болды?
елімнің өткен әркез қорғаны боп,
Баһадүр, ер Бұхарбай заңғарың ед.
Бұхарбайдың қылышы өзің айтқан,
Бабамыздың көзіндей ардағым ед.
Бағалап сол қылыштың асылдығын
Кезінде орыстар да аңғарып ед.
Хатқа жазып қалдырып тарихқа,
Кезінде ғалымдары таңғалып ед.
мұхтаржан, кесем десең, міне басым,
Бойымызда қасықтай қан қалып ед.
Батырға серік болған наркескеннің, 
Қасында басымыздың салмағы жоқ.
Айтып-айтпай немене Бұхарбайдың,
Қылышы кескен бастың арманы жоқ.
Жалағаш жұрт болса да бүгін көрген,
Аз ғана бөлісейін сырымды елмен.
он таңбалы табында теке жұрты,
Кіші жүздің ішінде тұғырлы елден.
Адамшадан туатын Құдайсүгір,
Кемеңгер адам екен ғұмыр көрген.
одан туған естекбай бабамыз да,
Адал күш еңбегімен күнін көрген.
естекбай қамшыменен бір-ақ ұрып,
Құлатады екен жанды қырын келген.
Қарулы қара күштің иесі екен,
түйені алатұғын жұлып жерден.
Біраз жыл шикіөкпеге зар боп жүріп,
Бұхараға баруды ырым көрген.
Алладан мінәжаты қабыл болып,
он ұлға татитұғын бір ұл берген.
нағашысы айтулы Бәйтен батыр,


322
Қазақ өнерінің антологиясы
Күні жоқ қалмақтарға тыным берген.
осындай асылдардың сынығы еді,
Бұхарбай сан майданның сынын көрген.
Алла деп, Алаш үшін атқа қонып,
Жоқ еді дұшпандарын шыбын көрген.
Батырдың Бұхарбайдай аты өшпейді,
соңғы қазақ кеткенше жұмыр жерден.
Халқына ер Бұхарбай тыныс болған,
Қолына азаттық деп қылышты алған.
таратқан алты Алашқа батыр атын,
Күмісқорған түбінде бір іс болған.
Қазақтың қанын теспей, сорып ішкен,
Хиуаның қолында екен Күмісқорған.
мысық би, Байқадам мен Қабан батыр,
дұшпанға қарсы тұрды тынышталған.
Бұхарбайдың он жеті жасар кезі,
Ат жалын тартып мініп, ту ұстанған.
Хиуаның бас батыры Жұманияз,
мерт болды жекпе жекте құрыш қолдан.
Батырдың даңқы кетіп сахараға,
осыдан соң сыр бойы тыныш болған.
Қосылып Хан Кененің қосынына,
мүддесін азаттықтың шын ұстанған.
Байқалды Бұхарбайдың қайсарлығы,
Ақмола, созақты алған ұрыстардан.
толғатып толағайдай ұл тудырған,
табындар құрсағына ырыс қонған.
тұлғасы бұл мұхтардың мүлде бөлек,
Жаныма жақын тарттым бірден елеп.
Жақсылығын айтайын, нұры тассын,
Жасырып жақсы ісіңді кімге керек?
Жайраңдап қарсы алмасаң сыр елінде,
тайраңдап бұл ақындар кімге келед?
мұхтарымда құт бар деп Қызылорда,
өзіңе жұма сайын жүлде беред.
Жақайымның тойынан жарап қайттың,
Жанкүйерің қарсы алды гүлге бөлеп.
мұратбаев тойында мұратыңа,
Жеткізіп көңіліңді бірлеген ек.


323


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет