Бекарыс:
тарқаттың туған елдің шежіресін,
Шынберген, тағу қиын сөзіңе сын.
Арнауын тыңдай берсем бұл ағамның,
Абызбен сөйлескендей сезінесің.
Біздерге болсын сенің оң қабағың,
Барлығы бірдей емес жолдаманың.
Алдыңкүні келіп ем, тәшкен жақтан,
сол жайында кішкене толғанамын.
Жақайым бабаң сонда жатқан жоқ па ед,
Құдайдың тірлігіне бар ма амалың?
сен маған Ақшатауға бармадың деп,
Бекарысты бекерге қорламағын.
Барлығың бер жағынан қайтып келдің,
Басынан келіп тұрған мен ғанамын!
Болмасын бірін-бірі талағандай,
Шынберген ілтипатпен қарағандай.
нұртуған, нұрмағамбет секілденіп,
Байыпты сөйлеп отырсың бабалардай.
Қара сөздің қаймағын қалқып алған,
Әбдіжәміл ағам бар қара нардай.
Бұл елдің қаймақтарын тере берсем,
сірә, кімнің жүрегі дауалардай.
Айтбай Көшербаев ағаңыз бар,
Қандай ауыр іске де жарағандай.
Қазақтың жақсысы мен жайсаңының
Жартысы Жақайымнан тарағандай.
Бабамнан мұра болған есіл өнер,
Көсіліп қызыл тілім шешіле көр.
Атасына ас берген осындағы,
Жалпақ елдің мерейін өсіре гөр.
303
Айтыс VI том
Азды-кем, алдарыңда айтыс қылдық,
Артығы болса, халқым, кешіре гөр.
Жаратқан, Жақайымның бар жұртына
тасыса таусылмайтын несібе бер.
Шынберген:
ташкентте жатыр бабам, ел білгенге.
Бармадың деп сын айттың Шынбергенге.
сенің басынан келгенің дұрыс болды,
ол жағын ойланбасам мен мүлде де.
Бабам байқұс сол жақта қайтыс болған,
түркістанды азат етем деп жүргенде.
осы ма Бекеңнің бір тыңдағаны,
Аздық етпес әрине жырлағаны.
сен тұрған жерді қорғап, сонда жатса,
сен бармасаң ол жерге кім барады?
Жан едім айтыс десе елеңдескен,
Жігітсің меніменен өнерде өскен.
Жігітсің құймақұлақ, иманы пәк,
Асыл сөз, сұлу мақам кемелдескен.
Жылдық асын жинаған құмырсқадай,
Бойыңа өнер, білім шебер көшкен.
Жаралған жаның оттан, жағың шоқтан,
Жартасты да жыр деген жебең тескен.
өнердің төл перзенті өзің едің,
туғанда кіндігіңді өлең кескен.
теңізде туып, тірліктің ашқам түндігін,
Жақайымдарым, мол болсын, ауыз бірлігің.
Жүрсең де жайлап әлемнің алты құрлығын,
Біріңді бірің танитын келді күн бүгін.
Ауызын ашса Ақұдай сөзін алғандар,
Жақайымдарда үлкен дағы бір арман бар.
Бірігіп жүріп, бөлінбей бірақ ешкімнен,
тату болайық теңізде туған тарландар.
Бір туған дейді тәйірі,
Әлім мен Шөмен көңілдер сөзбен байыды.
304
Қазақ өнерінің антологиясы
Алты ата Әлім Шөменге әркез сүйеніш,
Жеті ата Жетіру, он екі ата Байұлы.
ұл менен қызың мәрт сұлу болды, марқайдың,
еңкейгендерге еңкейдім, шалқайғандарға шалқайдым.
себебі біздер ұрпағы едік Жылқаман,
Жылқыайдар, толыбай,
Жетес би менен сартайдың.
түп тамырымыз тереңге кеткен тұңғиық,
нұртуған бабам санама кеткен жыр құйып.
Болар елдің баласындай батыр деп,
туған да елім, туған да жерім,
мәртебең сенің тым биік.
ел менен елдің арасын ұстап егессіз,
Біз деген жатты бауырына басқан белеспіз.
Жандары жайсаң, Жақайым деген халықпыз,
ешкімнен артық, ешкімнен кем де емеспіз.
еңбегін елдің ақтайды,
Біреуге болса бақ қайғы.
Ақын деген осылай,
елінің қамын жоқтайды.
Әкім деген, ағайын,
ел сенімін ақтайды.
Біздің елдің әдеті,
сырттан келген қонағын
сарымайдай сақтайды.
Арасында айттым әзілді,
Айып етпе, Бекарыс,
Қытығына тимесең
Құмырсқа да шақпайды.
Қалмайық өнер көшінен,
мол болсын дедің несібең.
Жақайым деген әрқашан,
Жұрекке жаттар есім ең.
тарыдай тасысын деп жатыр,
Бақ пенен ырыс, несібең.
305
Айтыс VI том
өзіңе кезек берейін,
Арнауды қойып осымен.
Достарыңызбен бөлісу: |