Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет112/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   162
Бекарыс:
сүйегі жігіт едің асыл, дара,
Болмайық мына жұртқа масыл бала.
Арнауды да айттың ғой, толғауды да,
Жететұғын бірнеше ғасырға да.
Айтыстан үш төрт жылдай алшақ кетіп,
ішің толып қалыпты ау есіл бала.
мен саған жат емеспін, өлкелеспін,
Ара жігін ашарсың ерте кештің.
Жарты сағат отырып ел алдында,
ел жұртқа сізбен бірге еркелестім.
Бәйгеге ат қостым деп айттың жаңа,
ол әрине ісі емес кеңкелестің.
Атыңның шашасына шаң жұқпасын,
Қызғанып өзегімді өртемеспін.
өзіңнің тағдырыңды қазы шешер,
Атыңның озуына қарсы емеспін.
 2012 жыл.
ЖАРҚЫНБЕК ПЕН БАЛҒЫНБЕК
Жарқынбек:
оңтүстігім, ордалым,
Әлемге мәшһүр есімі.
Көмкерілген бау бақша,
Алланың берген несібі.
Жарқын күнге жеткізген,
Азаматтардың шешімі.
осы елден өтіпті
Жібек жолындай көші ірі.
Ақ алмастай жарқылдар,
Қонақжай, дархан халқым бар,
Ақ тілекпен келгенге
Айқара ашық есігі.
тектілік көріп еліңнен,
Береке көріп жеріңнен,


306
Қазақ өнерінің антологиясы
мекендеп қапты далаңды
Қазақтың қанша дос ұлы.
оңтүстігім, армысың,
төрт көзің түгел бармысың,
туысқандық пен татулық,
достықтың болған бесігі.
Бұл өлкені ежелден,
мекендеп еді нар бабам.
оңтүстігім, шырайлым,
сақтардан қалған сардалам.
сақтардан кейін айталық,
Бірлестік құрып тайпалық,
Қаңлылар өмір сүргенін
танимыз тастан, таңбадан.
одан кейін ғаламат,
түркілер құрған қағанат,
Бір ғасыр өмір сүріпті,
Білмейтін оны бар ма адам?
түркештер билік құрғанда,
Көз тігіп әлем бұл маңға,
исфиджап пен Фарабқа
Ағылып еді бар ғалам.
Қарлұқтар өмір сүргенде,
Қытайлар басып кіргенде,
Жерімді жатқа алдырмай
Алдаспанын қамдаған.
Қарахандардың дәуірі,
дәуірдің болып тәуірі,
мемлекеттік дін етіп,
ислам дінін қолдаған.
солардан қалған мәдениет,
Әлемге ашқан жол маған.
Жерімді жаудан қорғаған,
Жәнібек, Керей нар бабам.
Қазақтың туын тігуге
созақтың төрін таңдаған.
Бастауы болған мұраттың,
Жердегі түрі жұмақтың,
оңтүстік деген қазаққа
Берілген сыйлық Алладан.


307
Айтыс VI том
Балғынбек, жүрген жансың бата қонып,
Келеміз екеуміз де қатар өріп.
Шымкентке жаңалық боп кеп тұрсың,
оңтүстіктің тойына сапа болып.
Шымкент талай-талай шақырса да,
Шалқайып жатушы едің сақа болып.
талай-талай айтысқа шақырып ем,
Қонақ бол деген едім жата қонып.
Баяғыда бұл елге бір келіп ең,
Желкілдеп кекіліңіз бота болып.
содан кейін бес жылдай келмей кеттің,
Жоқ әлде жүр ме едіңіз қапа болып?
сол бес жылда жүн шығып бетіңізге,
самырсындай кетіпті сақал өніп.
сексен жылдық облысқа құрдас құсап,
селкілдеп кеп қалдың ба, ата болып?!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет