Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет114/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   162
Жарқынбек:
Айтыста талайларды арқандаған.
Жігіт ем, шаппа шаптан жалтармаған.
Басына парик киген директор деп,
Балғынбек не деп отыр балпаңдаған.
Ал өзінің, ағайын, түрі мынау,
Айналса айналасын талқандаған.
суммоға түсетұғын жапон құсап,
Жүрісіңе болайын талтаңдаған.
Құлағаны, тұрғанын білмек түгіл,
Қырық күн қырын таппай қомпаңдаған.
Балпаңдаған, ағайын, Балғынбекті,
Адам емес ат сүйреп тарта алмаған.
дегенменен жақсы ғой семіргенің,
Арық адам болғанша қалтаңдаған.
Бұтынан бұзау өтсе былқ етпейтін,
Аулыңа келіп қапты аңқау балаң.
Құнан қошқар секілді қой соңында
Құйрығын көтере алмай салпаңдаған.
Балғынбек мына сөзің қиын соқты,
тастадың ду күлдіріп дүйім көпті.
Қисық сөйлеп отырсың қырсықтанып,
Аралап көрген жансың қиыр шетті.
сақалыңыз парикке жарамайды,
Амалдап жасамасаң киім щетка.
оңтүстік, мына маған ақ бесік ед,
Айқайлап аламанға ат қосып ед.
Құрдасыма айтар көп қалжыңдарым,
Балғынбек айтыстағы нақ досым ед.


310
Қазақ өнерінің антологиясы
үмметіне сай бол деп сүннетіме,
Қалдырған пайғамбарым жақсы өсиет.
Ал, бұл болса сақалын саудаға сап,
Байқасам сақал құнын қатты өсіред.
мен де өзіңдей бірімін қыршаңқының,
оңдырып айтпаймын ғой әсте тілек.
сақалыңды көрген соң еске түсті,
Айтатын отыр бүгін нақ сәті кеп.
менің атам өмірден өтер кезде,
сақалы сенікіндей қатты өсіп ед!
Балғынбек:
Жарқынбек жігіт едің аққу свет,
отырсың айғыр құсап көп кісінеп.
менің қойған сақалым сіздің жақта,
Киімнің тазалайтын щеткасы ма ед?
марқұм болған атаңды айтқан кезде,
Көз алдыма кеп қалды ескі сурет.
менің де әкем өмірден өтерінде,
Шаштары сенікіндей көп түсіп ед.
несіне Жарқынбектен сескенейін,
несіне құрдасыма дес берейін.
сақалдан щетка жасап алам дейді,
ол жағын бір түртіп ап ескерейін.
Көп іздеп тал бойымнан мін таба алмай,
семіз деп тиісесіңдер кешке дейін.
мен секілді балпаңдап жүрер едің,
Шешеңнің төсін емсең беске дейін.
Жаңағы сөзің сенің астамшылық,
Жатыр ғой небір пәле достан шығып.
Балғынбекке ілесіп шабар болсаң
сауырыңа шабытты бас қамшы қып.
мәдениет басшысы болсаң егер,
ұлтыңның өнеріне қоссаңшы үміт.
Ауылдарда клубтар қаңырап тұр,
Араққұмар боп кетті жастар сынып.
Кей жерде кітапхана атымен жоқ,
сәуле түспей үзілді рас қанша үміт.


311
Айтыс VI том
директор болсаң соны түзесеңші,
«Жол картасы» секілді жоспар сызып.
Ал, сен болсаң басыңды күйттеп жүрсің,
Әңгімең жоқ айтатын шаштан шығып.
Халықтың саған қарап көзі жетер,
Балықтың жатқандығы бастан шіріп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет