Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет119/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   162
Айтыс VI том
Жүлденің де қалған ба миы айналып,
сені айналып шықпай жүр шыр көбелек.
Қызылорда елінде сен боп тұрсың,
ильядан кейінгі шын керемет.
Мұхтар:
Айекең көп нәрсені ұқпай жүр ғой,
ол рас, мұхтар туын жықпай жүр ғой.
Жүлде түгіл Жүкең де Қызылордадан,
Бір ай болды айналып шықпай жүр ғой.
Жүндеуге оңай дейді жуас адам.
Жол бермейтін жігітпін туа соған.
Айекеңдер асырып айтқанменен,
Көп нәрсеге көзімді жұма салам.
Шүкір бірақ еңбегім еленуде.
ырзығын басқа тебер жыласа адам.
Бұл жерге жүлде алуға кеп тұрғам жоқ, 
Бәрін айтпай болмайды сірә, саған.
Бірақ жиен не істесе де жарасады,
өткеннен өздеріңе сыр аша алам.
тамада өмірбайдай би өтіпті,
тарих баға береді рас оған.
Бір күні Бұхарбайға жолыққанда,
іздесең табылады куә содан.
Астындағы ақбоз атын түсіп берген,
өмеке, сыйлығым деп мына саған.
тамалардың жақсы бір әдеті бар,
Бір асаған жерінен мың асаған.
содан бері тақымым сәл суыса,
табындардың еліне тұра шабам.
Жан емеспін кеудемде жыр қаңсыған,
Халық айтыс дегенде жылдам шығам.
Қылыш алып шықтың деп кінәлама,
өмірімнің шырынын жырдан сығам.
Айтыстың басты шарты – айқасу ғой,
Жөн болар қылышпенен бір жаншыған.
Кебінге ұқсас киіммен кеп тұрған соң,
Алдыңнан, аға, қалай құр қол шығам.


324
Қазақ өнерінің антологиясы
Айналған ауаң шекер, суың балға,
табындар, көтермеген туың бар ма?
Қас дұшпандар тұрады құты қашып,
Біздің ерлер қылышын суырғанда.
Қазақтар қуанды ғой, жаңағы айтқан,
Бөгет салған өзбектер қуылғанда.
Бірақ та одан бері қанша заман,
Айеке, білесің ғой, зуылдауда.
Батырлардың жоқтығын пайдаланып,
өзбектерді көп нәрсенің буы ұрған ба.
мақта менен басқаны пайдаланып,
Қысты ғой суыңнан да, нуыңнан да.
мысық бидей ешкім де барған жоқ қой,
Әму менен сырдария буылғанда.
енді ғана қимылдап жатырмыз ғой,
Көк теңіздің ақ тұзын суырғанда.
Аралдың көні кеуіп жатпас еді,
Бұхарбай бұл заманда туылғанда.
Кең жайылып тұрғанда керегеміз,
Қозады ағайын жұрт делебеңіз.
Ауылына әкеп сабады деп кінәлама,
Жол танымас жан ба едік, немене біз?
Қостанай, торғай жаққа барған кезде,
Кеңитіні шамалы керегеміз.
өздерің дәл осылай соғасыңдар,
Біз қайбір қонақ болып еленеміз.
Қонақты қуып жүріп тістелейтін,
өздеріңнен үйренген «өнегеміз»!
Бірақ одан бас жарылып, бет іспейді,
демеңіздер, ақылың жетіспейді.
Арғымақтар шыққасын аламанға,
Бір-бірін не тебеді, не тістейді.
Кезінде наурызбай мен Бұхарбай да,
Бір бірімен қырылған оқыс дейді.
Ақыры Хан Кене кеп араласып,
Алысқанмен алысқа кетіспейді.
сондықтан да, ағасы, айып етпе,
ініңіз қимылдаса оқыс мейлі.


325
Айтыс VI том
Айтыстың соң жағында татуласам,
«ер азамат шекіспей, бекіспейді».
Айбек:
Алқаңда сөз сөйлесем арқаланып,
Болмайды жұртым арқа-жарқа не қып?
Кешегі Кеңестің кер заманында,
тарихым бұтарланды, балталанып.
талай ердің есімі ұшып жатты,
Шежіре Бәйтеректен жаңқаланып.
ол кезде Бұхарбайдың атын айтсаң,
ешкім еркелетпеуші ед, арқа қағып.
сейітнәби мен төлеген қаймықпастан,
елдің жүгін көтерді арқаға анық.
орнатып батыр баба құлпытасын,
танытты тектілік пен жалпы ағалық.
Камал мен тыныштықбай кітап жазып,
Бөленген алғысына ортақ анық.
Жүз сексен жасын тойлап берген екен,
Баймақанов, далдабаев, Шауқаманов.
сіздердей ел тұрғанда өшпек емес,
Ағайын, Бұхарбайдай шалқар алып.
Бабасының атағын аспандатқан,
Жалағаштың төрінен тарқама құт!
сен едің сыр бойының зеңбірегі,
зеңбірек екеніңді ел біледі.
түсініп, тәубеңе де кеп жатырсың,
Байқаймын, осы мұхтар жөн біледі.
інілердің ішінде ірісісің,
саған деген көңілім мөлдір еді.
тектінің Бұхарбайдай жиенісің,
Бектігің бесенеден белгілі еді.
Алашқа ортақ туған бір ұл едің,
сен десе ел жүрегі елжіреді.
мұхтаржан, осыменен тоқталайық,
Әңгіме қып айтамыз енді нені?
Қонақ болып еліңе келіп қалдық,
Бауырымсың деп жүрген жол біледі.
Біздің торғай айтысқа сен келгенде,
меккеге қадамыңды оң қып еді.


326
Қазақ өнерінің антологиясы
Қажылыққа жолдама беріп саған,
сен десе көңілдерін кең қып еді.
мәрттігі сарттығынан басым тұрған,
Жігіттің біреуі едің кең жүрегі.
Арғы жағын айтқызбай түсінерсің,
Ауыздың қайда екенін қол біледі.
Мұхтар:
Ауыздың қайда екенін қол біледі,
Ауылдың қайда екенін жол біледі.
менен несін сұрайсың, оның жайын,
Қасымызда отырған ол біледі.
Айекең не айтса да отты айтады,
Қалайша зеңбіректен оқ қайтады?
Жалағаш мырзалықтан жаңылған жоқ,
демеңіз мұхтар інің қатты айтады.
Бұл жерге жаяу мұса боп келген адам,
Шорманның мұстафасы боп қайтады!
Халыққа айтып жатсың толымды ақыл,
тұрсақ енді тұрайық оның да ақыл.
мұхтар сенен аямас ештеңені,
Бірақ менің қай айтқаным болып жатыр.
Жүкең деген жездең ғой өзіңіздің,
Барлығы сол кісінің жолында тұр.
ғалым ағам Арғынның мықтысы еді,
Бас қазы болатұғын порымда тұр.
Желідегі жүйріктің барлығы да,
Жездең менен ағаңның қолында тұр.
 2012 жыл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет