347
Айтыс VI том
Бір жаманы – қариялар үйінде жүр,
Қазақтың қарты менен ойлы анасы.
Бір жақсысы – шетелде оқып жүрміз,
Бір жаманы – оқиды бай баласы.
Бір жақсысы – көмірдің үстіндеміз,
Бір жаманы – қи жағады қайманасы.
Бір жақсысы – бидай мен мұнайың көп,
Бір жаманы – қымбат ұн, май бағасы.
Бір жақсысы –
байлығы ең көп елміз,
Бір жаманы – тасуда айналасы.
сол байлықтың қызығын көріп жатыр,
Қаймана қазағымның қай баласы.
Қазақта ерлер өтіп мықты-мықты,
сертінде селт етпестен нық тұрыпты.
тәуке хан,
Абылайдың дәуірінде,
Қазақта орасан зор күш бірікті.
үш пайғамбар секілді үш алыпты,
Қазаққа Алла берген құт қылыпты.
Бүтін билік иесі төле бабам,
тәкәппар тексіздерді ықтырыпты,
он
жасында дау шешкен ер Қазыбек,
Қалмақтың қонтайшысын бұқтырыпты.
Айбарлы арлан жүрек Әйтеке би,
Әр сөзін нар түйеге жүк қылыпты.
сол үшін бидің екеуі өзбекстан,
Жерінде қалып қойды түпкілікті.
төле
бидің ташкенде жатқандығы,
Көршілердің көңілін күпті қып тұр,
Әйтекеге мекен боп науаида,
нұрата баурайында үш құдық тұр.
нар тұлға наркескендей бабалардың,
өлімінің өзінде мықтылық тұр.
ұлан-ғайыр
өлкені иемденген,
Кешегі бабам үні нық шығып тұр.
даласының қай жерден басталғанын,
моласының өзімен ұқтырып тұр.
мейірбек өз жұртыңа жарық таң бол!
өмірде ештеме жоқ халықтан зор.
348
Қазақ өнерінің антологиясы
Халқыңның құлай сүйген
ұлы болып,
төле би бабаңыздай данышпан бол!
Қазыбектей халықтың қамқоры боп,
Әйтеке бабаңыздай арыстан бол!
2013 жыл.
Достарыңызбен бөлісу: