Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет131/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   162
Иран-Ғайып:
ізінен тәлім алып Фарабидің,
даналығын бойыма дара құйдым.
тыңшысы емес осы елдің жыршысымын,
Келе сала басыма жаланы үйдің.
орыс дейсің, біресе неміс дейсің,
осыдан соң мен қалай аға деймін.
Келе сала барасың билеп-төстеп,
Қонағы билейді деуші еді жаман үйдің.
мен бірақ қонағыма билетпеспін,
Баласы болсам рас Бала бидің.
сыр елі, жыр елінде ғұмыр кешкен,
Ағайын, армысыздар күлімдескен.
Жүрсіннің жүйріктері келді ауылға,


350
Қазақ өнерінің антологиясы
тұлпардай тұяғынан дүбір көшкен.
солардың бірі болып мен де келдім.
Қырықтың бірін қазақ қыдыр дескен.
Астанадан кеп тұрған алып ұшып,
Шығармаған шығарсың ұлыңды естен.
Шынболат ақыныңның жалғасы едім,
Шындық деп сырда туып, қырыңда өскен.
сүлейлердің сарқыты болғаннан соң,
сәйгүліктей шабайын сүрінбестен.
Ал ендеше қиқулап шабыт бергін,
сәті келіп тұрғанда кідірместен.
мың жарым шақырымнан келген кезде,
тіл жағым бір сөйлесін мүдірместен. 
иранның атын айтып бөпесінің,
Жұртқа жайғандай болдың жеке сырын.
Балама ерман-Жүрсін деп ат қойдым,
Бөле жармай бір үйдің екі есімін.
Жоқ әлде атын қойсам айып па екен,
өзінің атасының, көкесінің.
Жұрттар құсап ұлыма қойғаным жоқ,
Шетелдің мағынасыз жат есімін.
Жүрсін ерман әкесі осы айтыстың,
Ал мен ерман-Жүрсіннің әкесімін.
Қасыңдағы ініңді сүйемей кеп,
отырсың кіл мақтауға иедей боп.
семіз қара шықты ғой, арық сары,
Біреуі от, біреуі күйедей боп.
Арғымақтың болмаушы ед артық еті,
Қасыма қайдан келдің түйедей боп.
маған да оңайлыққа түспей отыр,
түйедеймен алысқан шиедей боп.
Серікзат:
мынауың шыға салып түйе қылды,
Ал өзін кіп-кішкентай шие қылды.
Шәкірт қып баулығанда біліп па едім,
дәл осылай жыныма тиеріңді.


351
Айтыс VI том
Ағаңның азуына ілініп қап,
таба алмай қалып жүрме Шиеліңді.
Баланың жаман екен дәйім құлқы.
Жеңістің бар секілді дайын кілті.
иранғайып құтырмай кім құтырсын,
Қызылорда өз жұрты әрі қайын жұрты.
Жюриде де Жүрсіндей ағасы отыр,
Басымды торлап тұр ғой уайым бұлты.
Қос Қыпшақ қос бүйірден қысқан кезде,
Келеді қай жерімнен ойын күлкі.
Біз қашан бөлінуден арыламыз,
Қит етсе тағы екіге жарыламыз.
төрімді билетпеймін деп қоясың,
оған куә шығармыз тағыда біз.
мені қойшы қарағым қазақпын ғой,
Көз салып көрсек қайтеді арыға біз.
елу жыл Байқоңырды билеп тұрған,
Қонақты түрі сары не қыламыз?
төбеңнен у төгіліп төтен кеше,
мына жұрт қиналды ғой бекер неше.
Ашынып қалай оны біз айтпаймыз,
зардабы сол гептильдің өтелмесе.
Қазғарышты басқарған мұсабаев,
Бүйрегі бұрып кетер бөтен десе.
үкімет те үндемей жатып алды,
Жағдайға сүйтер ме еді ет өлмесе.
Жабулы қазан болып қалар ма еді,
Қырымбек Көшербаев көтермесе.
Басыңнан талай зұлмат өткен жоқ па,
Бабалар сол үшін қан төккен жоқ па?
Қу гептильден қырылып киіктерің,
Айтақырға атаның шөккен жоқ па?
Халықтың қамын жеген нағыз әкім,
ел үшін түседі ғой от пен шоққа.
Қырымбектің жасаған сол ерлігі,
Аңыз боп Алты Алашқа жеткен жоқ па?


352
Қазақ өнерінің антологиясы
Айналайын иранжан бауырым-ау,
Байқоңыр сағанда уын сепкен жоқ па?
Шашынның түсі сенің біртүрлі екен,
Протонның зардабын ол шеккен жоқ па?
зымыран құлап келе жатқан кезде,
Бір тамшы гептиль тамып кеткен жоқ па?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет