Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет128/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   162
Мейірбек:
Қазағым, байтақ жатқан бай далаңда,
табаның мұнша неге тайғанауда.
ешкімді алдымызға шығармаймыз,
елім бай, жерім бай деп сайрағанда.
Күні ертең байлығымыз таусылғанда,
Аяр досың қалмайды айналаңда.


345
Айтыс VI том
Ағайын осы бастан қамданайық,
Бұл оңай шаруа емес ойлағанға.
Қойыңды қасқыр шауып бітірген соң,
Қораңды бекіткеннен пайда бар ма?
Хан мен халық арасын көпір қылған,
Бабаларым жоғары бәсің маған.
Патшаны пайғамбарға теңестіріп,
Бай-манапқа жағынып бас ұрмаған.
Жұрт ішіне жұмыртқа лақтырардай,
Абыройы айрандай шашылмаған.
Кешегі Жаңаөзендей жағдайларды,
Жеті ай бойы ханынан жасырмаған.
Балалардың жырып жеп несібесін,
Аналар бүгінгідей ашынбаған.
үш биден шенеуліктер үлгі алса екен,
өзінің қазанынан ас ұрлаған.
Көзілдірік кисе де көздері әлі,
Көруге елдің мұңын ашылмаған.
елдің мұңын жырласам Асандай бір,
Қарсылас екпінімді басар қай бір.
Кешегі үш би құсап біздің билік,
Халқына шарапатын шаша алмай жүр.
төле, Қазыбек, Әйтеке секілденіп,
ұлтына өз үлесін қоса алмай жүр.
Қаншамасы шендінің шетел асты,
Қаншамасы еліңде қаша алмай жүр.
маужырап парламенттің партасында,
ұйқысын депутаттар аша алмай жүр.
63-ке көбейтіп зейнет жасын,
Жан салуда жаңалық ашардай бір.
Баланың да азайтып жөргек пұлын,
Ананың да жағдайы жасалмай тұр.
өле өлгенше жұмысқа салып қойса,
Аналар ұзақ жас жасар қай бір.
63 былай тұрсын мұғалімдер,
58 жасты да тоса алмай жүр.
Баланы баға алмасаң тумаңдар деп,
министр мәселеңді шеше алмай жүр.


346
Қазақ өнерінің антологиясы
Кешегі төле, Қазыбек, Әйтекенің,
орынын бүгінгілер баса алмай жүр.
Бидің сөзін айтатын билігіміз,
үйдің сөзін айтудан аса алмай жүр.
Кезінде тұлпар мініп жылқы баққан,
Қазаққа сөз болып па мылтық атқан.
ұлы отан соғысында бабалардың, 
ерлігін ету керек ұлты мақтан.
Бақтыораз, төлеген мен Бауыржандар, 
Фашистің шыбын жанын шырқыратқан.
Хиуаз, Әлия менен мәншүктер ед,
дұшпанның сай-сүйегін сырқыратқан.
рахымжан жеңіс туын желбіретіп,
Қуандық жеңіс жасын сүртіп аққан.
Азаттыққа апарар азапты жол,
Қазақты мың тұрғызып мың құлатқан.
маңдайыңа жазылған тәуелсіздік,
маңдай тердің өтеуі шылқып аққан.
ібіліс кеп іріткен ішімізді,
не пайда сымбатыңнан сырт ұнатқан. 
Жасағаннан қол жайып тілейтінім,
Жасанды сақтай көрсін жылтырақтан.
ошақтағы отымыз сөнбесе екен,
түтініңді түп-түзу бұрқыратқан.
Қазандағы сүттей боп ұйып тұрған,
Қазақты айырмасын ынтымақтан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет