349
Айтыс VI том
ұлыңның аты сенің ерман ия,
дедім ғой ол жағында нем бар ия.
сен сары болған кезде мен қарамын,
Айтыста сен жас жігіт мен қария.
мен семей болған кезде сен Ақмешіт,
мен Қара ертіс болғанда сен дария.
Ағайын бір қызықты қараныздар,
Жағдайымыз болып тұр кең жария.
түрің сенің неміске ұқсайды екен,
Көбіңе көрініп тұр ол жағы ия.
«Қазгермұнай» айтысына келіп тұрған,
мен Қазақстан, ал мынау германия.
сен өзі орыспысың, неміспісің,
осының ашығын айт ел естісін.
ресей үстемдігін жүргізіп тұр,
Жойсада баяғыда кеңес күшін.
төбеден протондарын жаудырады,
Білмеймін ұшыра ма тек ескісін.
сені көріп мына жұрт шошып отыр,
орыстар қысқаннан соң өңеш тұсын.
Қазақтар гептиль жайлы не айтады деп,
Айтысты кезіп жүрген елеспісің.
Байқатпай Байқоңырдан кіріп кеткен,
тыңшысы орыстардың емеспісің.
Достарыңызбен бөлісу: