Еркебұлан:
Айеке, жолдан кейде көп кетерсің,
Қылмасам айтқаныңды өкпе етерсің.
Біз жақта шәйді келін құюшы еді,
сен осы салтты ұмытқан жоқ па екенсің?
ойлама күйеулікпен құйды екен деп,
өйтсеңіз сыйластықты шектетерсің.
ұстазым болғаннан соң құйып бердім,
Әйтпесе, миымызды жеп кетерсің.
Шәкіртім өлерімде ауызыма,
Бір тамшы су бермеді-ау деп кетерсің!
Жиналып халқым сұрасаң,
сөйле деп бізге ұйғарсаң.
Бұл тойдың көркін айтайын,
сеніміңді артып шығарсаң,
Айеке енді сіз тыңда
ініңнің уәжін құп алсаң.
Жорға да жорға жорға бар,
Жорғасын қосқан орда бар.
364
Қазақ өнерінің антологиясы
Астана жұрты қолдаса,
тілімнен балым сорғалар.
сарыарқа менің өз елім,
Күйеулігім ол да бар.
Қошқар болар қозының,
маңдай алды дөң болар.
Жаман болса күйеулер,
Атыменен күл тасып,
Қорада жүріп қор болар.
Жақсы болса күйеудің
Алатын орны төр болар.
несібек ағам мысалы,
Қазы боп отыр қасқайып,
Бұны да айтсам жөн болар.
Айеке, мұны қызғанба,
Қызғансаң өзіңе сор болар.
Қонақпын десең өзіңді,
сіздердей қонақ, Айеке,
Біздей жігітке қол болар.
суыған шәйді қайтесіз,
өлеңім ыстық сөл болар.
Кеудемде өлең ағызып,
сөзіңнің майын тамызып,
Қалағаныңша асатсам
сыбағаң сенің сол болар!
заман да заман ілкі еді,
мінгенім шұбар жылқы еді.
тазыдай қылып шалдырған,
заман да біздің түлкі еді.
Күйеусің деп Айекең,
Шабымнан менің түртеді.
үш жұрты болар жігіттің,
Атамның бұл да ғұрпы еді.
Біреуін айтып Айеке,
екеуін айтпай қалдырсаң
намысқа қандай түрпі еді.
ішінен қозғап айтайын,
365
Айтыс VI том
Айтқаның сенің сырты еді.
тегімді менің сұрасаң,
тарихын тасқа жаздырған
тамыры терең түркі еді.
ұлтымды менің сұрасаң,
досына құшақ айқарған,
Жауының бетін тойтарған,
дорбамен келген міскінге,
Жорғасын беріп қайтарған,
Қазақ деген ұлт еді.
өз жұртымнан қозғасам,
сол қазақтың ішінде
ұлы жүздің үлкені -
нәсібін Алла әперген,
Қадірін хандай көтерген
Қаңлы деген жұрт еді.
Қожағұл менен сарбұқа,
Жауына төнген бұлт еді.
нағашым да сол жұрттан,
Жалаңтөс пен Айдарбек –
төрт қақпалы түркістан,
Бір қақпасының құлпы еді.
іздеушісі жоқ демеңдер,
Алдыңда тұрған бауырың
сол құлыптардың кілті еді.
үшінші жұртым – қайын жұрт,
өзің жырлап отырған
ер Жәнібек бастаған,
тұлпарын мініп күлтелі.
оспан батыр қоштаған,
мылтығын алып білтелі.
Ақынды да тудырған,
Батырды да тудырған,
Керей деген жұрт еді.
«Қатын алма қайын ал»,
деп өсиет қалдырған
ұлыларымның ұрты еді.
үш жұртымды қосқанда
366
Қазақ өнерінің антологиясы
Атынан атың үркеді.
табаны тиген топыраққа
Жамандар көзін сүртеді!
Алты Алашпенен үш жүзім,
үш жұртым аман тұрғанда
менің де бағым бес елі.
маған ұстаз боп жүрген,
сенің де бағың бес елі.
өзің де аға текті елсің,
сайраған талай шешені.
Бір шежіре қозғайын,
тарихтан тартып кешегі.
Шығыстағы тобықты
ырғызбайдың бәйбішесі –
ермек деген анамыз,
ер Жәнібек батырдың
Қарындасы деседі.
ырғызбайдан өскенбай,
Құнанбайдан ұлы Абай,
осылай өніп-өседі.
ұлы Абайдың өзі де,
«Ақындық түп нағашым –
Жәнібектен дарыған»
деп өсиет етеді.
сол ермектей ананың
сіңілісі деп білем,
үйдегі жарым некелі.
Жылына құрсақ көтеріп,
Шылқытып жатыр шекені.
осындай жерден қыз алған,
ініңнің түгел есебі.
үйдегі жүрген жамандар,
өзіме тартсын демеймін,
өзіме тартса өмірі
Айтысып көппен өтеді.
нағашысы – Жәнібек
оған да тартсын демеймін,
367
Достарыңызбен бөлісу: |