Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет133/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   162
Иран-Ғайып:
Қулықпенен құрдың ба оң бір айла,
Қазып қойдың ау сәке, орды қайда.


355
Айтыс VI том
германия егерде қашып кетсе,
Қазағым кенелер ед мол мұнайға.
Айтысты тастап қашып кетпе дейсің,
суық жүзбен қарадың соңғы райға.
Кімнің бүгін кетерін құдай білсін,
сен аға бастап кеттің жолды қайда?
сіз сыйынып кеп тұрсаң бір Құдайға,
мен де сеніп отырмын сол Құдайға.
Аралап қайтсақтағы аз белінді,
Жадыратып тастадың жаз көңілді.
естіп емес көзбенен көріп қайттық,
Жиырмаға келіп жатқан Қазгеріңді.
Жүздеген жұмысшымен жолығып ек,
Барлығының жағдайы мәз көңілді.
Жиырмадағы Қазгердің арқасында,
Қаламызға толықтай газ берілді.
Күз келіп жатсадағы Ақмешіттің,
Жағдайы осыдан соң жаз көрінді.
Қазгермұнай жасаған жақсылықпен,
Бүтіндеп тастапсыңдар біраз жеріңді.
Болғанда сыр Алаштың анасындай,
Қала бар ма Ақмешіт қаласындай?
не керектің барлығы табылатын,
санаймын Қызылорданың даласын бай.
Батыста бар мұнайың бізде де бар,
Көзіңнің ағыменен қарасындай.
Шығыстан шыққан алтын бізде де бар,
Қаратау етегінің жағасындай.
солтүстіктің бидайы бізде де бар,
Бұл сөзіме бар екен таласың қай?
Астананың есілі бізде де бар,
сарқылмас сыр елінің саласындай.
Жырласаң бітпейтұғын бүгін айтып,
Байлығымыз жетеді тағы осындай.
Жер кіндігін жеті рет айналсамда,
Жерұйық таба алмаспын дәл осындай.
Бір түрлі боп кетті ғой секең бүгін,
Қара өлеңге көрсетіп бекемдігін.


356
Қазақ өнерінің антологиясы
Әрине шәкіртің ем бала кезден,
Қадіріңе айтыста жетем бүгін.
ұстаздан шәкірт озады демейді ме,
осы сөзді дәлелдеп кетем бүгін.
секеңде дәлелдеуге тиісті ғой,
өзінің қандай ұстаз екендігін.
тура қарап және де көзіңізге,
Бір мысал келтірейін сөзіңізге.
Шәкірт нашар болуы ұстаздан деп,
Айтушы едің студент кезімізде.
ендеше озуымды тілеп отыр,
сөз тимесін десеңіз өзіңізге.
Серікзат:
Алғансың ақпаратты қайдан жинап,
ұстазды қайтарғандай тойдан қинап.
ұстазым академик рымғали,
Кеудесіне білімді қойған жинап.
менің мына ұстазым академик,
Ал сенің бұл ұстазың жай кандидат.
Болсамда саған ұстаз қартаймадым,
Қартайып өлең таппай жантаймадым.
Ағайын өлеңіме тойдыңдар ма?
десек те осы болсын бар тойғаның.
серікзат осыменен қоштасады,
ертіп ап кетеді енді сары тайлағын.
Иран-Ғайып:
Айтар болсаң ойыңды ерікті етсей,
Көп тосылмай және де көрікті етсей.
рымғали ұстазың болса егер де,
Қасыңдағы ініңді жеңіп кетсей.
рымғали бірақта кетіп қалған,
сен де солай жолыңды беріп кетсей.
 2013 жыл.


357
Айтыс VI том


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет