Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет136/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   162
Айтыс VI том
оған тартса өмірі
Келген жаумен айқасып,
Көрген жаумен шайқасып,
үй бетін көрмей кетеді.
Жәнібекке жиеншар
Абай менен Шәкәрім
секілді болса жетеді!
Алашқа аты тараған,
Айбек деген жан ағам.
Ары қарай сөзімді тыңдаңыз,
тыңдадым сізді манадан,
Бала деп кейде қаларсыз,
өзімді бала санаман.
Жастау болып көрінсем,
сүт кенжесі едім бір үйдің,
өнеге алған әкеден,
тәрбие алған анадан.
Кемпірменен шал көрсе,
Қабағына қараған.
сол әдетім қалмады-ау,
Ақсақалы айтыстың – 
Жүрсін деген көкемнің
Жәрдеміне жарағам.
Бұл кісіні де түсінем,
Жұмсайда кейде мынаған.
Баласындай болған соң,
Жұмсайды кейде анаған.
Айтысқа келсе жас бала,
Әуелі мені талаған.
соларды сізге жеткізбей,
оқтай қып сөзін өткізбей,
Араша түстім арадан.
Әңгіменің ашығы
төрт-бес жылдай айтысып,
Шаршадым бала-шағадан.
Қашанғы бала болайын,
отызға жасым таяған.


368
Қазақ өнерінің антологиясы
ер Жәнібектің тойында,
Жоспарым бар ойымда,
Берік болса бағанам.
Арыстандарды көрсем деп,
Жолбарыстарды жеңсем деп,
Қызыл тілімді қылыш қып,
Жорыққа шықтым жаңадан!
Бір елге мен де сүйеумін,
Бір елге сенде тіреусің.
Бағанағы сөзіңе
оралайын қайтадан,
Бір ұшы саған тірелсін.
Кім кімге күйеу болмаған, 
Кімдер кімге шіренсін?!
мысалы өзің Айеке,
Қайынжұрт көрген біреусің.
Шымкенттің жерінен
Қарындасымызды алып ең,
сонымен өмір сүрерсің.
Қайнағаң отыр алдыңда,
табаныңды қайда тірерсің?
Жасым кіші болса да,
Жолым үлкен емес пе,
Жөніңмен енді жүрерсің.
сіздің жақта салт болса,
Шәй құямын десеңіз,
Біздің де дайын кесеміз,
оны да көзге ілерсің.
Арғы жағын айтпаймын,
Күйеулігің қыстаса, 
сыпайылығың ұстаса 
Қалғанын өзің білерсің
Айбек:
еркештің көрмеймісің адасуын,
Қойды ғой тіпті бізбен санасуын.
Біз жақта шәйді келін құяды деп,
есілдің әрең бердің қара суын.
Біресе аға, біресе күйеу дейсің, 


369
Айтыс VI том
Көзіңнің ойнақшытып қарашығын.
осы ғой «шымкентский подход» деген,
Біледі қулықтың да бала сырын.
Керей менен Қаңлыны мақтай бермей,
үш жүздің тілесеңші жарасымын.
Жүзшілдік, рушылдық емес пе еді,
Қазақтың құртып тынған бар асылын.
Қаңлы менен Керейдің арғы атасы,
мен өзі нар қазақтың баласымын.
Атаңнан атам үлкен болғандықтан,
менімен жөн болады санасуың.
тағдырдың байқап тұрсам тезі мықты,
Батыр жайлы аңыз көп сөзі құтты.
ер Жәнібек түйесін іздеп жүріп,
Жапанда жалғыз үйге кезігіпті.
үйге кірсе ішінде жан адам жоқ,
Жантайып батыр сонда көз іліпті.
ұйықтап жатса ысылдап үй ішіне, 
Айдаһардың кіргенін сезініпті.
Жәнекең сыр берместен жата берген,
Қорықсын батыр кімнен, өзі мықты.
сескеніп Жәнібектің жатысынан,
Айдаһар жөнін тауып безініпті.
одан кейін есікті бұзып жарып,
дәу аюдың келгенін сезіп ұқты.
Аю кеп Жәнібекті иіскеп, түртіп,
Батырдың мықтылығын тез ұғыпты.
одан соң арыстан кеп төнген кезде,
Бетіне мұрты тиіп сезіліпті.
Жәнібек шертіп қапты маңдайынан,
сескенсін батыр жаудың қандайынан.
есін жиса үй де жоқ, басқа да жоқ,
Жапанда жатыр екен нардай ұлан.
Қабанбайдың әйелі бал ашыпты,
Хабар ап Жәнібектің жағдайынан.
Жәнібек, саған ерлік қонған екен,
Жүрегіңе қайсарлық толған екен.
Алайда арыстанды шекесінен, 


370
Қазақ өнерінің антологиясы
Шерткенің сірә, қате болған екен.
Арыстанды қумасаң үйде тұрған, 
Алмас қылыш жаныңда қалған екен.
Алмас қылыш ерліктің еншісі боп,
ұрпақтан ұрпағыңа қалмақ екен.
содан кейін Жәнібек ер атанып,
Жасанып талай жауға барған екен.
ел үшін ерлік еткен ер Жәнібек,
содан бері қазақтың ардағы екен.
осындай ерен туған ерден де өткен,
Шынымен сұм дүние жалған екен.
Жат келсе жалпаң қағып зырылдаймыз,
Астына көпшік қойып зуылдаймыз.
ысқырып айдаһардай Қытай келсе,
мұнаймен аузы-басын тығындаймыз.
Қорбаңдап орыс келсе одақтасып,
не айтса да мақұл деп шыбындаймыз.
Арыстандай ақырып АҚШ келсе,
Бас ұрып малымызды шығындаймыз.
Құлдық сана құрсаулап, бұл қазақтың 
тәуелсіз ел екенін ұғынбаймыз.
өзгелерге иіле бермей ылғи,
Бір мезет қаһарлансақ жығылмаймыз.
үлгі алсақ Жәнібектің ерлігінен,
Жағынып ешкімге де құбылмаймыз.
Бес күннің еншісіне ерлік жазып,
ешкімнің етегіне тығылмаймыз.
тұрса деп қазағымның байрағы алда,
ұлтымның болашағын ойланам да.
Жылында бір шыққанда сахнаға,
ойдағы сөзімді айтпай жай қалам ба?!
Бар сырымды ақтарып қалайыншы,
намыстан қаным бойда қайнағанда.
Қазақстан әлемді мойындатты,
деп біздер кереметпіз сайрағанда.
ұлт тағдыры шешілер сәт келгенде,
Айналамыз мүсәпүр майда адамға.


371
Айтыс VI том
Шамамыз жетпейді деп көлгірсиміз,
Бүрі жоқ табанымыз тайғанауда.
Амал жоқ, не айтса да көнеміз деп,
Қорқақтықпен тартамыз айланы алға.
Әлсіз болсақ, сонда не айтса көніп,
Жүре беру керек пе айдағанға.
елулікке ендік деп ентігеміз,
Астанамыз көркейіп жайнағанға.
елу түгіл ел деуге ауыз бармас,
Азып жатқан ауыл көп айналаңда.
Қазақтың ысқырығы жер жарып тұр,
Алға сап бес ешкіні айдағанда.
Айбек елді бүлікке шақырды деп, 
Кейбіреулер баспасын байбаламға.
Қазақтың ақындары қарашаны,
Бүлікке шақырып ед қай қоғамда?
тарихтан түйгенімді жырға қостым,
ел жайлы, жақсы болса қайғы алам ба?
Жәнібек жайындағы әнгімеден,
үйренетін тәмсіл көп ойлағанға.
Керексізін өзіме қайтарарсың,
Керегін қажетіңе пайдалан да.
осымен қош аман бол көрерменім,
сөздерін түйіндесін қайнағам да.
Ағайын, бұл еркештен мен жеңілдім,
термелеп алдарыңда сайрағанда.
Ал, еркеш, осы жерден мен тоқтадым,
Көп сөйлеу жараспайды ойлы адамға.
Көк шандыр қазы болмас шайнағанға,
Қара су сорпа болмас қайнағанға!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет