Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет134/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   162
АЙБЕК ПЕН ЕРКЕБҰЛАН
Айбек:
Алла деп ақындарың жыр бастайды,
ұлықты елді рухты ұл бастайды.
Алғашқы жұп боп біздер шығып тұрмыз,
өмірде алға қадам кім бастайды.
Әуелден бұл айтыстың салты солай,
Бірінші жұп ешқашан қырды аспайды.
еркек тоқты құрбандық деген осы,
Қазының да бағасы шынға аспайды.
Алайда бірінші боп шықты екен деп,
Көңілін бұл Айбектің мұң баспайды.
Аймүйіз ақ серкедей қой бастаған,
Бұл тойды мен бастамай кім бастайды?!
Шығарып тұнық терді сауырынан,
Жараған тұлпар едік бауырынан.
Алла деп аламанға келіп қалдық,
Қазақтың қалмайық деп сауығынан.
Ассалаумағалейкүм арда қазақ,
тынбаған замананың дауылынан.
сіздерге дұғай сәлем әкеп тұрмын,
Киелі қарт торғайдың қауымынан.
ер Жәнібек батырға бата беріп,
Ат қойған тархан баба ауылынан.
Бармысың еркебұлан, ұзын жігіт,
Айтыста сөз айтатын үзілдіріп.
Алдымнан дәріс алған шәкіртім ең,
Болғанмын сенің әбден сырыңды ұғып.
дәріс алды дегенім әншейін сөз, 
Әйтпесе оқыдың ғой үзіп-жұлып.
Бөрідей түнде жортып жүруші едің,
Қаланың қызығы мен қызын қуып.
ұйықтап жатқан жеріңнен оятып ап,
есіңді жиғызушы ем жуындырып.
Қасыңда иран-ғайып – сары досың бар,
сендерді оқыттым ғой қуып жүріп. 


358
Қазақ өнерінің антологиясы
енді міне, есейіп ер жеткен соң,
Халықты сөйлейсіңдер қызындырып.
Айтулы ақын болдың Алашыңа, 
Айтыс деген өнерге туыңды іліп.
Қарық қып кетпесең де білім қуып,
өнерде тұрған жоқ па жырың жүріп.
ендеше кезегіңді ұсынайын,
Жанымды жібергейсің жылындырып.
Ал енді еркебұлан, сен сөйлей тұр,
Ауызымды алғанша суындырып.
Еркебұлан:
Алғанша ауызыңды суындырып,
ортаға мен шығайын туымды іліп.
Айбектей ұстазымның айтуынша, 
Шәкіртте мен екем ғой бұзық жігіт.
Бойымның ұзындығы ештеңе емес,
тілді де берген Алла ұзын қылып.
ұйықтағаным болмаса анда-санда,
Кетіп ем түзу тұрып, түзу жүріп.
сенің өзің көп кетіп айтыстарға
зорға сабақ берген ең үзіп-жұлып.
мен сонда декандарға дым білдірмей,
Бастағам тобымызды тізіп жүріп.
сенен қайыр болмайтын болғаннан соң,
үлкендерді іздедім тізім қылып.
мырзағаң, рымғали мен Ақселеудей,
Шалдардан маржан тердім сүзіп жүріп.
Айеке, сіз айтқандай жаман болсам,
дипломды алмаймын ғой қызыл қылып!
Бісміллә, ерттеп мінсем тойдың атын, 
ұл едім сөз құрықтап, ой қуатын.
Ассалаумағалейкүм, қазақтарым,
Жүрмісің есен-аман бой қуатың?
Бабама берген тойың құтты болсын,
Бұл күнде естіп жатыр ой-қыр атын.
сенің дархандығыңның шегі бар ма, 
Қонақ келсе қорадан қой қуатын.


359
Айтыс VI том
Әйтпесе, жер бетінде қанша ел бар ғой
Жомарт боп шығарды олар қайбір атын?
Батыста орыс дейтін бір көршің бар,
мәрттікпен жарысуға қаймығатын.
Қуанса күні бойы арақ ішіп,
ертесі бас жаза алмай қайғыратын.
Шығыста Қытай деген бір көршің бар,
Асына бақа-шаян қойдыратын.
түстікте өзбек дейтін бір көршің бар,
Қонағын көк шәйменен тойдыратын.
Арқаның қазақтары бармысыңдар, 
Жұмасына бір жылқы сойдыратын.
екі күнің бірінде думан қылып,
орынын төрден ғана ойдыратын. 
тірісінен ештеңе таба алмаса, 
өлгенін есіне алып той қылатын!
Атағым болмаса да атсыз қалмай,
Шапаным болмаса да бақсыз қалмай.
Қол бастаған бабамның бұл тойында,
сөз бастасақ екеуміз мәртпіз қандай?
Айбек аға, жүрсің бе аман-есен,
Ағалығың арқамнан қаққызғандай.
Айтыста сізді көріп мәз боп қалдым, 
Жәнібек жауға шауып шеп бұзғандай.
Ағалардың қатары сиреп қалды,
орманды ортасынан шапқызғандай.
Аманжол Әлтай ағам айтыспай жүр,
үкісін мұражайға тапсырғандай.
дәулеткерей төрге іліп домбырасын,
саусағына қаламын қапсырғандай.
мелс пен мұхамеджан ағалар да,
Аманатын біздерге артқызғандай.
Қазы болып кетіпті сері ағам да,
сөзіңізді таразға тартқызғандай.
Жібек деген апамды көрмей жүрмін,
тербеліп отырушы еді аққу-қаздай.
есесіне көбейді жас балалар,
Жамбыл Жәкем тоқсан ұл тапқызғандай.


360
Қазақ өнерінің антологиясы
Қоямын деп жүргендер әлі де бар,
Шаруасы бітпей жатып шарт бұзғандай.
Әйтеуір Жүкеңді алға салып жүрміз,
солардың қас-қабағын баққызғандай.
Кетем деген келіннің аяғына, 
Кемпірді көлденеңдеп жатқызғандай. 
Әй-аға, қызынсаңыз асаудайсыз,
сызылсаң қызға берер жасаудайсыз,
Жұрт сізді ақиқатшыл ақын дейді,
өзіңе-өзің жарнама жасардайсыз.
Қай ауылға барсаң да ебін тауып,
Әкімін жамандаудан бас алмайсыз.
Күңіреніп сөйлесең Қорқыттайсыз,
Аңыранып сөйлесең Асандайсыз.
мен де сіздің әкімді зерттеп едім,
Ал енді ақиқаттан қаша алмайсыз.
18 миллион теңгені жеп кетіпті,
сіз әншейін ауызды ашардайсыз.
Айеке, жұрттың бәрін сынай бермей,
неге өз әкіміңнен өш алмайсыз?
Жемқорды желмая ғып мініп алмай,
Асан қайғы атаңнан аса алмайсыз.
осылай ақиқаттан кетпей мүлде,
Айлаңды өзің айла етпеймін бе?!
Қазынаңды қопарып жұтып қойған,
Әкіміңіз жұмыстан кетпей жүр ме?
осы жайлы естідім бір жаңалық,
немене сіздің сөз де өтпей жүр ме?
өзгеге тегін берген ақылыңыз,
өзіңнің ауылыңа жетпей жүр ме?!
Айбек:
Бұл еркеш бала ма екен, дана ма екен,
сын көзбен жанарыңа қарап өтем.
Ағаларын іздесе сахнадан, 
Шынымен де шәкіртім саналы екен.
ең үлкені мен екем осы айтыстың,


361
Айтыс VI том
мұны да құдай басқа салады екен.
сондықтан бұл Айбекті Жүрсін жездем,
Қызыл кітапқа енгізсе болады екен.
Кейінгі жас ақындар беттен алад,
деместен қарт ақынға обал екен.
Айтыстан қатар құрдас-құрбымды іздеп,
Көңілім құлазиды ала бөтен.
Қатар теңі болмаса қасында адам,
отыз бесте қартайып қалады екен.
несіпбек ағам айтқан алты қаздай,
Бізден де дәурен озып барады екен!
естіп, біліп жүрсің ғой жұрттан жайды,
Кетпей тұр қазақ деген ұлттан қайғы.
Жердің бетін топан су қаптаса да,
торғайдың даласына түк тамбайды.
Әкімдерің жемқор деп айтып қалдың,
Боп тұр ғой өкіметте сұқ қол қайғы.
еркеш-ау сол әкімнен шаршап болдық,
ол кетпей Арқалыққа құт қонбайды.
Жыланның басын жұтқан Жәнібектің,
ерлігі оның жанында түк болмайды.
18 миллион теңгең ештеңе емес,
одан зорын жұтса да күп болмайды.
18 мың ғаламды қылғытса да,
Бұлардың жұмырына жұқ болмайды!
Қай жерде тура сөзден жалтарыппын,
Айтайын мәселені жан салып шын.
он ай әкім болғанда Берік келіп,
Көңілін тауып еді бар халықтың.
оны да маңдайыма сыйдырмады,
Қайда да жолы болсын мәрт алыптың.
содан соңғы екі әкім шала қазақ,
Басын қосып сөйлей алмас алты әріптің.
Бір жылда төрт әкімді ауыстырып,
рекорд жасап еді даңқ алып кім?
енді жемқор әкіммен атым шығып,
даңқымды алты алашқа сан таныттым.


362
Қазақ өнерінің антологиясы
Жемқор басшы, парақор қосшысы бар,
Жағдайы мәз болмай тұр Арқалықтың!
Қаржысын үкіметтің жатып жеген,
Әкімін Арқалықтың батыр деген.
үстінен қылмыстық іс қозғалса егер, 
орынын босатпай ма әкім деген?! 
Қасқайып біздің әкім орнында отыр,
Кресло, мықты екен тақым деген.
мәдениет басшысы коррупционер
Атанып, іске басын шатылды ерен.
тырп етпей ол апам да орнында отыр,
звондап көкелерге жақын деген.
Әйтеуір Қостанайдың саясатын,
түсіну қиын боп тұр ақылменен.
Айтпақшы, Астаналық соттар жайлы 
Бір жаңалық естідім жақында мен.
Көшеде пісте шағып, түкіргенді,
Бір күнге қамап тастап жатыр деген.
Жазықтыны жазасыз қалдырмайтын,
соттары Астананың батыл неден?
Әділетті сол соттар бізге келсе, 
Қос қолымды көтеріп мақұл дер ем!
Шымкент жер ғой талай барып келген,
дәстүрге беріктігін анық көргем.
ордалы онтүстіктің жігітісің,
Қазақы салт-дәстүрге қанып келген.
Жігіт едің Керейдің қызын алып,
Жарыңның тектілігін танып көрген.
Қайынжұртта көсемсіп сөз сөйлейсің,
Жайғасып орыныңды алып төрден.
Керейлер де мәрт екен байқап тұрсам,
Күйеуді төрге оздырып, шабыт берген.
Қазақта күйеу төрге отырмайды,
тәрбие солай дейді халық берген.
Бірақ сен еркебұлан мықты екенсің,
дәстүрге пысқырмайтын анық кердең.


363
Айтыс VI том
Қайын жұрттың тойында ту көтеріп,
Атасының асына шауып келген.
сонда да сөйлемейсің жарды баспай,
Әдеппен айтысайық жан жыласпай.
ер Жәнібек батырға күйеу болсаң,
Жүргенің жөн болады арды баспай.
Күйеулердің міндеті самаурын ғой,
Қайнатып, шөлімізді қандыр аспай.
одан да пиалама шәй құйып қой,
тойға келген қонақпен салғыласпай.
Құттықтап келіп едім қуанышпен,
Қуанып қалдым мен де мынау істен.
Кесірлі кер заманға кез болдық қой,
Құдайдың қара суын сұрап ішкен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет