Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет68/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   162
Балғынбек:
Ағайын жүйрік екен, шабан десем,
Бұл менің інім екен, ағам десем.
Айтақынмен айтыстым деп лағып отыр,
мен оған іні болып жағам десем.
Қасыма ертіп келген нөкерімді,
өзің біл бір есебін табам десең.
Бауырыңа баспадың Бауыржанды,
Жақсы қайдан болады жаман десең.
Қанаттың да, ау, мәке, тауын шақтың,
Жарасады өзіңді сараң десем.
Шынарбек айтысқа еріп келер еді,
Жекпе-жекке мен кетіп барам десең.
салауат та сағыңды сындырмайды,
Қасыңа нөкер қылып алам десең.
Жалғыздық бір құдайға жарасады,
мен сені тәубәсі бар адам десем.
Жапандағы жалғыз үй сияқтанып,
Жалпайып отыра бер маған десең.
өткенде жомарттықты қылмасаң да,
Жол беріп кетсең қайтеді жөніңменен.
екеуміз де қазақтың баласымыз,
еншісі ешқашан да бөлінбеген.
Ажыраса арамыз ажырайды,
Ажалмен, топырақты өлімменен.
Бірақ біз жұмақта да бір боламыз,
Шырқаймыз сол жұмақтың төрінде өлең.
екеуміз бір атаның баласымыз,
марқаның бір құлағын бөліп жеген.
ер болсаң ардақтайды елім деген,
Айттық қой алты Алаштың төрінде өлең.
дәулеткерей келмесе біздің елге,
сен оның ұстазы боп көрінген ең.


180
Қазақ өнерінің антологиясы
махамбеттің тойында жолды бермей,
Кәдімгі қамал құсап берілмеп ең.
мен сенің жолыңа еш таласпаймын,
өзімнің кете берем жөнімменен.
сен маған көңіліңді берсең болды,
мен саған жүрегімнің төрін берем.
Мэлс:
Көз көріп, естігенді құлақ демер,
Балғынбек, інім едің су ап келер.
Жалғыз деп неге маған тиісесің,
мұныңды естіген жұрт уақ көрер.
студенттер менің шәкіртім ғой,
сабақта топырлатып сұрақ берер.
мен себебі өзіңдей мұғаліммін,
Жерім жоқ, жастарымды жырақ көрер.
Бәйгеге қалың жылқы қосылғанда,
Құдайым жүйрігіне қуат берер.
ей, ағайын, түсінсеңдер сол сияқты,
мың аттың ішінен де бір ат келер.
Ақындар қайғыратын күрсінгенде,
Жүрегі мына жұрттың дүрсілдеуде.
Халық бар, қазысы бар өзі шешсін,
не жетсін жүректерге жыр сіңгенге.
екеуміз айтысамыз, тартысамыз,
тұрғанда тыпыршумен тылсым кеуде.
мен ешкімнен жол сұрап таласқам жоқ,
мұны да болады ғой мүмкін деуге.
Айтыс сайын жағадан аласыңдар,
немене жолға сыймай жүрсіңдер ме?
отырған қалың қауым ел сияқты,
Бұл-дағы шабыттанған жер сияқты.
Бұйырғаны болады Балғымбекжан,
Көңілі көрерменнің көл сияқты.
Жылжысын таңдайыңнан маржан сөзің,
Құйылған маңдайыңнан тер сияқты.
Бірінші Алла, екінші ел шешеді,
өзіңдей мен де ақынмын сен сияқты.
 2004 жыл.


181
Айтыс VI том


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет