Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет56/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   162
Қазақ өнерінің антологиясы
омарқұлдың баласы, 
сабыр деген шер өссе, 
Күйеуі қайтыс болғасын, 
Бахрайым анасы, 
рахымды ағам деп, 
Пана болар маған деп, 
Қасына көшіп барыпты
зәру болған көмекке. 
содан кейін сол бала 
рахымов сабыр боп, 
Жазылыпты дерекке. 
ойлап, қара, ағайын, 
Болашақ генерал 
Батыр болар сабыр ғой. 
өзімсініп өзбектер, 
Жатың болар сабыр ғой. 
Құралайдай анамыз, 
осылай деп сөз етсе. 
сол Құралай анамыз, 
Көк базарда теңселіп
Қол жайыпты терекше. 
сабыр қазақ батыры, 
сақтау керек ел есте. 
өзбекке керек батырың, 
Қазаққа керек емес пе?! 
Айбек: 
Айбекке назарыңды салмасаңда,
Ақындардың айтқанын жалғасанда, 
мэлс аға, өзіңіз айтқандайын
Жұмақтың бәрі жақсы бармасамда. 
мэлс ағам қай жақта қыдырып жүр? 
генерал деп сөзін мен жалғасамда.
өзіңіз бен өзіңіз айтыса бермей, 
Болар еді бізбен бірге самғасаңда. 
Айтысып отырған боп көрінейік, 
Айбек деп айтып қойшы анда-санда.
Жұртымның алғаннан соң нәр батасын, 
Бүгінде өрлегендей тауға тасың. 


141
Айтыс VI том
Халқымның шапалағы демеу болсын, 
мұсаның ұстағандай сәнді асасын. 
үніме қосылады деп отырсам
Ботадай әлтек-тәлтек жар басасың. 
елдің мұңын қосылып жырлайық та, 
Қайтеміз бұл жалғанның далбасасын. 
Біржандай ақиқатты батып айтсам, 
етекке Поштабайдай жармасасың. 
тілімнің тұмар болып тастақ әні, 
Айыра білейікші ақ-қараны. 
Әдебиет, мәдениет, руханият
Бәрі де тілден аға, басталады. 
Ағылшынша білмесең қызмет жоқ, 
деген сөз жайлап кетті Астананы. 
елбасы да кешегі жолдауында, 
Қолдады дәл осындай бастаманы. 
Көре береді екенсің жүре берсең, 
Биліктің таусылмай тұр «мәссағаны». 
Ағылшынша білмесең қызмет жоқ, 
табаныңның айрылады төс тағаны. 
Ағылшынша білмесең қой бағасың
Құйрық маймен асырап аш баланы. 
Қара қазақ мал бағып, арба сүйреп, 
Шала қазақ еліңді басқарады. 
социалистік қағиданы қатаң ұстап, 
Кейбіреу әлі күнге тас қараңғы. 
Кеңестің күлі сіңген көсеулерге, 
Қарап тұр қазағымның қас-қабағы. 
тілімнің тағдырынан жаным жүдеп, 
тәңірім неге сонша тарылды деп, 
Қазақша білмей тұрып өзге тілде
сайрағанға қайнайды қаным да көп. 
Ағылшынша сөйлесе мәңгүрт деудің, 
орнына қолпаштаймыз дарынды деп. 
үкімет шетел жаққа шықса-дағы, 
Ағылшынша тілін бұрайды танымды боп.
Қазақты қай ұшпаққа шығарады. 
Қазақ тілін білмейтін полиглот.


142
Қазақ өнерінің антологиясы
мемлекеттік тіл деген желеу екен,
Қазақ тіл өз елінде неге бөтен?
Басқа түгіл біздің шала қазақтардың,
үйренгісі келмеуі неден екен?
Күні ертең ажал жетсе сол мәңгүрттер,
иманын қай тілде айтып өледі екен?
Атам қазақ таяқты аюға да,
намазды үйретеді деген екен.
мәңгүрттерге қамшымен тіл үйретсек,
осыған мойынсұнып көне ме екен.
Бабамыз тілі шықпаған жас балаға,
итаяққа су құйып береді екен.
Бізге де парламенттен бастап енді,
итаяқтан су ішкізу керек екен.
Қозғайтын жақын түгіл жатымызды,
сөздерінде нәрлі ойлар жатыр ізгі.
түнгі клубқа «Қыз Жібек» деп ат қойыпсыз.
Бұдан алып қашпассыз басыңызды.
Қыз Жібектің ары үшін күйінемін,
Әйтпесе, андымаймын табыңызды.
Азат күнде осындай масқараға,
неліктен жібердіңіз ақыңызды?
Кешегі кеңестің кер заманында,
Қисынсыз есім таптап қақымызды.
Колхозбай совхозбаймен, мэлс, марлен,
сиязбектер қаптады құжатымызды.
Ал, махамбет, осыған не қыл дейсің?
Келтірді сұрауыма құдай ізгі.
махамбет дегеніме өкпелеме,
Атағым келмей отыр атыңызды.
Мэлс:
Жыр теңізін сапырсам,
Шабатымды шақырсам,
Бүкіл қазақ жүретін,
Біраз жерге барармын.
Жайып салып жанымды,
Қоздыратын қанымды,


143


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет