Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет72/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   162
Балғынбек
Ау, ринат, өзгермейтін қағидам бар, 
Бойыңда сенің-дағы ар-иман бар. 
ол рас, намазға мен жығылғанмын, 
мешітке тартқандықтан әр имамдар. 
Бірақ та бір жағымда уахабистер, 
Бір жағымнан кеп қалды талибандар.
солардың ниетінен шошып қалдым, 
менің-дағы бойымда зор иман бар. 
Қарағым, иман менің жүрегімде, 
тілімде қулқу алла, кәлимам бар. 
Балдызым бар сырымды біліп алды, 
Жырыңмен дүрліктірдің ұлы залды. 
тойға барып нәпақа таптым дейді, 
ринат өзін өзі іліп алды. 
Көмек берсең қайда қалдың деп отыр ғой 
Балдыздар мойнымызға мініп алды. 
сен өзің семейді айтпай тұра алмайсың, 
Әр кезде Қабанбай деп ұрандайсың. 
Қабанбай бар қазақтың әулиесі, 
ұлтқа ортақ тұлға екенін ұға алмайсың. 


192
Қазақ өнерінің антологиясы
Қуандықов біліпті қулығынды, 
түлкінің құйрығындай бұлаңдайсың. 
өскен елің семеймен кіндігі бір, 
өскеменді аузыңа бір алмайсың. 
Баламер сахариев ағаңыз бар, 
Шыңымен талас өскен шынардайсың. 
оралхан өр Алтайдың Кербұғысы, 
Қарайсың күмәнменен бұған қайсың. 
Атбегі Кітапбаев Бошайың бар, 
сен қазір сол баптаған құнандайсың, 
Қалихан қара сөздің боз жорғасы, 
Әр сөзін таң асырып тұмарлайсың. 
Қасым ағаң қайсарлықтың қолтаңбасы, 
Қолда барда қадірін біле алмайсың. 
төлеген тоқтаровтай батырың бар. 
Қылышы болсаң оңай сына алмайсың. 
Кешегі Көкжал Барақ бабаңыздай, 
Қолыңа неге, қалқам, ту алмайсың? 
Академик Ахметов, Аманжолов, 
ғылымын зерделесең суалмайсың. 
сөзіңе ұлыларды қосып айтсаң, 
Қияны көзбен шолар қырандайсың. 
Әй, саған, айтты не, бір айтпады не? 
той үшін толғау айтар жыраудайсың. 
Байқаймын балдызыма білім керек, 
Айқаймен айды аспанға шығармайсың. 
Балдызжан, ар дейтін бір ұғым бар ғой, 
семейдегі балдыздар құлындар ғой. 
семейің 2005-те ашылады, 
Айтатын әр сөзімде шыным бар ғой.
семейге бұл Балғынбек бөтен емес,
менің де жүрегімде мұңым бар ғой.
сен-дағы түсті жоры деп отырсың,
Алдын ала жасаған жырың бар ғой.
Айтақын шапан жауып жатса егер,
ринат үйленетін түрің бар ғой.


193
Айтыс VI том
Ринат:
Әр сөзін бұл Балғымбек сүйгізеді.
Байқатпай ринатқа да тигізеді.
Шапан жапса үйленесің деп айтасың,
Бұл ойыңыз байқасам шын ізгі еді.
Бірақ та түсінбедім онда маған
неге Айтекең темір етік кигізеді?
Болғандай әрбір айтқан сөзі нұсқа,
өзі мәнді сөйлейсің, өзі нұсқа.
өскеменді жырламасам айып етпе,
онсызда жалтақтаймыз облысқа.
Бар қазақтың даласы менің елім,
Жарар еді бұл Балғынбек соны да ұқса.
ұлылардың семейімде мерт қылғаны,
ұлықтарың қорқақтау қолы қысқа.
Бәрібір сол семейге оралады,
Кейбір қазақ тарих іздеп сабылысса.
дейсің бе уәдемен ел алдаймын,
мен өзім сөз аңдысам демалмаймын.
2005-дегенді айтып өттің,
дегендей төрт тұяқты тең алмаймын.
елбасының аузынан естіп пе едің,
мен бірақ ондайыңды көре алмаймын.
2030, 2005 қаптап кетті,
Шынымды айтсам, цифрларға сене алмаймын
ер бар ма бұл қазақтың көшін ұстар,
Жіберген қателерден шошыныс бар.
мысалы, көтерілмей казақ тілі,
Болмай қалды оған ешкім осы құштар.
тіл көтеру үш-ақ жыл демеп пе еді,
үкімет уәдесінде тосылыс бар.
тегінде бұл заманда қазағының
Қанында зерттелмеген қосылыс бар.
Әйтпесе қарға болып қарқылдай ма,
таранып төрде отырған тоты құстар?
махамбетше шыңғырып
Шындықты айтар күн туды.


194
Қазақ өнерінің антологиясы
Қайран қазақ тілінің
Жанарына мұң тұрды.
Балғынбек, айтшы осыны, 
сіз жақтағы ағалар, 
Бұзады неге шырқымды? 
Қолдау таппай ешкімнен, 
Қайран қазақ тілінің, 
Жағасы да жыртылды. 
Айтып-айтпай немене, 
дінімізді де бүлдірді. 
тіліміз де қырқылды.
Айта беретін сен құсап,
төрде отырған бастықтың 
уәделері бар, мың түрлі. 
ей депутат, ағалар, 
сіздерді халық сайлап па ед
Қандырып ал деп ұйқыңды? 
Әтеш құсап ән салып, 
Келтіресің күлкімді. 
Қайран қазақ қайтейін, 
Халық сенген қойлардың, 
Күйсегені бір түрлі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет