Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет67/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   162
Балғынбек:
Ау, мәке, сенің тегің айдан бе екен,
домбырам қолымдағы найзам ба екен.
саған қарсы қос найза алған жоқпын,
маған деген ниетің қандай бөтен.
сүйінбай да дат айтқан тезек төреге,
немене екі сөйлер айуан ба екен?
Баймағанбетке дат айтқан Шернияздай,
табынының бүрі оның тайған ба екен?
сен өзі баба салтын білмеймісің,
Әңгімең болмады ғой шайдан бөтен.
домбырам қаруым емес, аруым ғой,
ештеңе түсінбейтін, қайран көкем!
мэлсті олай-бұлай шымшылайын,
Ағайын көңіліңнен бір шығайын.
термелерді айтшы деп бір сынадың,
рұқсат етсең мен де оны бір сынайын.
Ақындар жекпе-жекке жең түріпті,
Құлағын екеумізге ел түріпті.
Шындықты айтсақ жақпаймыз шекпендіге,
Кел, екеуміз айтайық өтірікті.
Айтпаймын өлтірсең де өтірікті,
таппайсың біздің елден кемшілікті.
Шекарада бір қазақ түшкіріп қап,
отыз екі өзбекті өлтіріпті.
Айтайын шындық сөзді ең көрікті,
Құлақпен естігенді көз көріпті.
Қазақтар жер бетіне сыймайды деп,
Қытайлар шығыс жақтан жер беріпті.
елімнің байлығын сен байқаймысың,
«доллар» мен «евродан» теңге мықты.
Қаланы ауыл бүгін асырап тұр,
себебі керегесін кең керіпті.
Қалалықтар ауылға көшіп жатыр,
Әкімдері болған соң елге құтты.
Келімсекті қуып тастап кеңсесінен,
оралманға билік пен төр беріпті.


178
Қазақ өнерінің антологиясы
тіл білмесек қызметсіз қаламыз деп,
Барлық ұлт қазақ тілін меңгеріпті.
...................................................
тіл білмейтін мәңгүрттер сенделіпті.
Қытайдың қызын алып жігіттерім,
Күшік күйеу болуды жөн көріпті.
таласып тауарыма Қытай біткен,
Жылтыраққа жабысты ең көрікті.
Пекиннің де базарын жаулап алып,
Қазақ осы қоймайды-ау, пенделікті,
Бұл менің шындық сөзім ең көрікті.
Қоздырды демегейсің пенделікті,
осылай өтірікті айтып көрші,
ел білсін сен бе мықты, мен бе мықты.
Мэлс:
Балғынбек құманына ой салыпты,
тыпырлатып қалтаға қол салыпты.
Байқасаң екеуміз де мықты емеспіз,
Жәшікке талай адам гол салыпты.
түсім емес өңімде қарап тұрсам,
Алматыға Храпунов жол салыпты.
Шенеуніктер қарасам есікте жүр,
Білмеймін теріс кеткен несіп пе бұл?
Ал енді әрі қарай жалғастырсын,
өзіңнен әңгімені естіген ұл.
Әбсаттар дінбасымыз әңгіме айтып,
рәтбек қажыменен мешітте жүр.
Бұл-дағы сынайтұғын отың екен,
емессің бұл ақынның несі бекем?
Балғынбектер арт жаққа кетіп қалып,
Айтақынмен айтысып отыр екем.
Қыс дегенім қарап тұрсам көктем екен,
Ал енді әрі қарай ептеп өтем.
менің тілім қарыштап осы бүгін,
Атағы аспанда айға кеткен екен.


179
Айтыс VI том
Бірінші бөлімінде бұл айтыстың,
Ақындар шетке сапар шеккен екен.
еркін ағам елуге толып тұрған,
дәл қазір жүзге толып кеткен екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет