Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет65/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   162
Балғынбек:
Жекпе-жек дәстүр болды, шүкір, тәубә,
түссе де баспасөзде пікір-дауға!
Жүкеңнің жекпе-жегі басталғанда,
Ауылда тоқтайды екен бүкіл шаруа.
Жүрегімнен шығатын сөз айтайын,
Жаппар ием, тіліме күпір салма?
Қазағым, дауыс беріп дуылдайсың,
телефонға қарыз боп тұтылсаң да.
Жүген ұстар жекпе-жек бітер емес,
«суперстар» кезектен құтылсаң да.
Құраннан қуат алып бай білімді,
ел-жұртым асырайын айбыныңды.
мен есіл болған кезде, мэлс Жайық,
Айтыста толтырармыз айдыныңды.
Біз тұлпар текті халық едік,
Жылқысыз елестетем қай күнімді?
Балғымбекті Байшұбарға баласаңдар,
мэлсті біліңіздер тайбурыл деп.
Бірақ та хан ордасын шауып ал деп,


168
Қазақ өнерінің антологиясы
Басыма мэлс үйді қайғы-мұңды.
ұрпаққа үлгі болар сөз айтсаңшы,
Жаңағы жаман сөзің қайбір үлгі?
Арқырап шаба алмасаң неге келдің,
Көрсетіп сәйгүлікке сай дүбірді.
Айналдым ықыласыңнан нұр Алашым,
сөзімді бәлкім менің құп аларсың.
елімнен айналайын, еңсең биік,
Қыранға тұғыр болып тұра аласың.
мэлстің жаңағы айтқан ұрыс сөзін,
Қалайша інісі кеп сынамасын.
тәуелсіз мемлекетке жаман айтпа,
сайлаған патша қылып нұрағасын.
ешқашан ордамды мен шаппас едім,
олай етсем батам ғой күнәға шын.
елімнің шаңырағы аман болып,
ешқашан уығы да құламасын.
Шапалақ сартылдайды қол боп маған,
сапарды оң қылса екен қолдап бабам.
мэлс аға, ол сөзді қалай айттың,
Қазақты заман бар ма сорлатпаған.
сырттан, іштен шығатын жау болса да,
мен қайта Хан одамды қорғап қалам.
еңсемді отырмаймын басып төрден,
сен емес сол жағына сасып келген.
Астафыралла, деп алдыңда елің отыр,
Жөн болар ойларыңды ашып берген.
Бүгінгі Алла берген азаттықты,
Алашым ғұмыр бойы тосып келген.
мен саған ұрыс айтпай дұрыс айтсам,
Кетпейсің Балғынбекті басып белден.
Хан ордаға қастық қылған сатқын жандар,
Қақпасын отырардың ашып берген.
Мэлс:
Жүректен сарқыраған өлең ақсын,
сол өлең жүйткіп тасып, жедел ақсын.
Балғынбек, түсінісіп кетеміз ғой,


169
Айтыс VI том
Қазіргі әңгімеңе дереу-ақ шын.
Хан сыртынан жұдырық түймесін деп,
ойымды айтып едім берен-ақ шын.
елбасы мен еліміз аман болсын,
тәубеңе енді түсіп келе жатсың.
Жігіттер өздеріңше жарқылдарсың,
Бүгінгі заманыңа сай туғансың.
«Ақ жолың» бар, тағы да басқасы бар,
сайлаудың алдында бір аңқылдарсың.
тағы да жеті-сегіз партия бар,
Шығарған іштерінен жарқын даусын.
мен деген көзқарастан айнымаймын,
Балғынбек, құлақты сап сәл тыңдарсың.
сыртынан сынағанша ел ордасын,
өлеңмен осы бүгін алтындарсың.
Ал енді, қалың елге ашып айтшы,
Президент болатұғын қайсың барсың?!
Алқалап келіп қол соқсаң,
Алдымда тұрған ағайын.
Алдарыңда іркілмей,
Арғымақтай шабайын.
Арқам қызып тұрғанда,
Жарыспай неге қалайын.
Бұл айтыстың қызығы,
толтырғандай маңайын.
Асқарлы шабыт берсеңдер,
сіздерге бір сәт қарайын.
сүгірге де салайын,
дүбірге де салайын.
сөз тыңдап қошеметпен ел қарасын,
Бізге де мойын бұрып сәл қарасын.
Бүгінде ел ішінде әңгіме көп,
Қалайша азаттықты саудаларсың.
елбасымен бастаған ерегесті,
заманбек біреулерге заңғар-ау шын.
Ал, сонда Президент кім болады,
дегенді, ағайындар аңғарарсың.


170
Қазақ өнерінің антологиясы
Қажыгелдин АҚШ-тың азаматы,
Бушқа барып сүйенген балдағы алтын.
Жандосовтың жағдайы белгілі ғой,
Қазақша бір ауыз сөз қармамайтын.
үкіметте Премьер даниял бар,
Ақындар оны онша қолдамайтын.
министрдің байқасаң көбі шикі,
ойланып бір қағазға он қарайтын.
Балғынбек, осы сөзді тыңдағасын,
сен-дағы сұлу сөздеп сомданарсың.
Алтынның қолда барда қадірін біл,
Қашанғы қиқымдарды малданарсың.
Қаптаған партиялар келіп, кетер,
демеймін оларменен жанданарсың.
«Қазақтың өлісінің жаманы жоқ,
тірісінің жаманнан аманы жоқ»,
дегенін Абай атам аңғарарсың.
Қайғысыз қара суға семіреді,
демеймін бармағыңнан бал жаларсың.
елбасыға сыртынан сын айтқасын,
Көңілің мұңаюмен қам боларсың.
еліңді сұм сұлтандар билегенде,
сен ертең нұрсұлтанға зар боларсың.
Әлеумет қарағасын шырайлана,
Жүрсінші көңіліңде күн айнала.
елбасы да адам ғой өзіміздей,
сүйенген көпшілікпен бір Аллаға.
Ал, айтшы көпке жаққан кісі бар ма,
ерікті ұнамауға, ұнауға да.
Айтыстарда әр түрлі әңгіме айтып,
сыртынан қиын емес сынауға да.
Кеше жүрген Әлихан Бәйменовың,
Жүрмеп пе еді, саясат дейтін бір ауылда.
Алтынбек сәрсенбаев министр боп,
ұқсаған елші болып жырауға да.
солардың көзқарасы қызық болды,
Жүргендей жердің бетін күн айнала.
Көзіңе көзілдірік кигеннен соң,
Қазақстан көрінген тұмандана.
табақтарың жігіттер ортайғасын,


171
Айтыс VI том
Қабақтарың қалыпты қыраулана.
Бәріміз де адамбыз, Балғынбек-ау,
Жүретін бас қатырып бір айлаға.
Атамыз Адам Ата сафиолла,
Хауана оған жалғыз сыңар ғана.
Адамдар қателесіп жатады ғой,
Қателік жасамайтын Құдай ғана.
Ақын да болсаң Балғынбек,
Алдында жұрттың өрлеген.
Шындықты айтып шыңғырдың,
Бұрын да естіп көрмеген.
сөйлейсің бізге сын тағып,
Жарысып жүргін желменен.
Қабағыңды түймеші,
одан да сен билеші,
мына отырған елменен.
Ақын болсаң інім-ай,
Жарысарсың желменен.
Жырменен көсіп қостадың,
Көңілің шалқып көлменен.
Көңілің шалқыса көлменен,
Бірге де болар елменен.
Басы аман болғанның,
өмірде сірә өлмеген.
Жалғастырып айтарсың,
суырып салып термемен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет