Балғынбек:
Әрине, жалғыз ұлы Хақтағала,
Ау, мәке, ұқсамайсың ақ табанға.
Баяғы бабалардың салты емес пе,
осылай бір мақтап, бір даттағанда.
Бірақта ешбір ақын бара қоймас,
Азаттықтың ақ туын таптағанға.
менімен көмір қазып не қыласыз,
не жетсін абыройды сақтағанға.
Бірлігімнің қадірін білер ұлтқа,
сабақ қой кешегі өткен «Ақтабан да».
енді хан қайсың барсың деп сұрайсың,
172
Қазақ өнерінің антологиясы
нені айтасың патшаны айтпағанда?!
Бағанадан не айтып мен отырмын,
Бұл мэлс ниетінен қайтпаған ба?
Қозғайын ескі ертекті есімдегі,
Айтайын елордамды есілдегі.
тыңның 50 жылдығын атап өттік,
Болған соң үкіметтің шешімдері.
Қанша мақтап жүрсек те масаттанып,
ол той бірақ ызғарды өшірмеді.
Хрущев өсірем деп бір уыс шөп,
Құртыпты құнарымды төсімдегі.
даламдағы қырыпты дарындарды,
санамдағы сәулені өшіргелі.
Жерім түгіл діліммен тілді құртты,
Қаптаған келімсекті көшіргені.
мэлстей теріс сөзді айтқаным жоқ,
нұраға, артық айтсам кешір мені.
Ақ патша білесің ғой құрық салды,
ұмыттың әдет, салт-ғұрыптарды.
Қаралардың барлығын құл қылыпты,
Парамен ауыздықтап ұлықтарды.
Қазақтарды көшіріп шөлейттерге,
Басына әз халқымның бүлік салды.
Ақ патша ештеме емес, советтер кеп,
Ау, мәке, сағымыз шын сынып қалды.
үш жүз жыл Ақ патша түк жасамады,
никита үш-ақ жылда құрық салды.
никитаның қулығы қазағымды,
никотиннің уындай қырып салды.
сайлауды сен айттың ғой біз білетін,
Кандидаттың білесіз шын ниетін.
Ауылға аттың басын бұрады енді,
Әдеті депутаттың дүрлігетін.
Қасында бата бергіш молдасы бар,
Әртісі бар елді алдап күлдіретін.
Атым озсын деп тілер аталастар,
Бармақ басып, көз қысып бір жүретін.
173
Айтыс VI том
Аталастан асатын рулас бар,
Жиылып құмға кеме жүргізетін.
мәселен, шай үстінде мәжіліс қып,
иілместі пұлменен идіретін.
Қатындарға қант-май үлестіріп,
Шалдарға бір-бір шапан кигізетін.
Алтау ала болған соң аузым жырық,
осы ғой жанымызды күйдіретін.
сайлау деген сор болды бұл қазақты,
ел ішін ала тайдай бүлдіретін.
Жекпе-жек сынайды ғой төзімдерді,
демегін бұл Балғынбек сезімге ерді.
өткен сайлау, ағайын, сабақ болсын,
суайттар үйіп-төгіп сөзін берді.
Жарылқаймын дегендер жалт бұрылып,
серттен тайған серкені көзім көрді.
екінші рет алдандың аталасқа,
тербеген соң туыстық сезімдерді.
...................................................
Байқадың бауырдан да безінгенді.
Алла айдап алдыңа қайта келер,
сайлаушым сергек ұста өзіңді енді.
төрт жылда төрде отырып не тындырдың,
деп есеп сұрайтұғын кезің келді.
ұйқыда жата бермей оян қазақ,
мойынға шығармайық жебірлерді.
сен десе естіледі сан ысқырық,
Білесің ол айтыста таныс қылық.
Аллаға мен де, мәке, тәубе айтамын,
Халқыммен жатқан мынау қауыштырып.
термеңізге салайын келер кезек,
екінші домбырамды ауыстырып.
сені мэлс, жаратты,
Айтыстағы серке ғып.
ел ақыны болған соң,
елбасына айтқан базына,
Жарасатын еркелік.
174
Қазақ өнерінің антологиясы
Алаңда алаң-алаң жұрт,
Ақ ала орда қонған жұрт.
есілдегі елді айттым,
Жаңа астана қонған жұрт.
елбасымыз нұрағаң,
Жаңа қала салған жұрт.
Балғымбаев бірінші
Премьер болып барған жұрт.
Парасатты парламент,
Қалаулыға болған жұрт.
Астанам менің осындай,
Бақ жұлдызым жанған жұрт.
есіл деген елім бар,
ексе шыбық өнген жұрт.
суырып сап айтайын,
мейлі маған сенбеңдер.
Бес жүз мыңдай халқы бар,
Әлемге кеткен даңқы бар.
Бес жүзді таратып айтайын,
екі жүз мыңы кешегі,
Хрущевтің көзін көргендер,
тың игеріп келгендер.
далаңда масақ тергендер,
молаларды қопарып,
нан өсіріп бергендер.
«Қарлаг» пен «Алжирде»,
Құрыпты ғой өлгендер.
Алматылықтар жүз мыңы,
елбасыға еріп келгендер.
Шымкенттен жүз мыңы,
саудаға ғана сенгендер.
Ал, енді қалған жүз мыңы,
Арқалық бүгін мұңды деп,
Қонысбай қоныс қылды деп,
торғайдан ауып келгендер.
тірегі болсын елімнің,
Айналайын, елбасы.
діңгегі болсын дінімнің,
төрде отырған дінбасы.
суырып салып айтайын,
Құрышың қанып тыңдашы.
175
Айтыс VI том
Ал, енді осы термелеп,
торғайдың мұңын, мэлсжан,
дәл өзім құсап жырлашы.
Мэлс:
Жырла десең-ай, Балғынбек,
Қалай да қарап қалайын.
Қол соғып алдымда,
Қаптаған мынау ағайын.
Ағайынмен қол соққан,
Алыс-жақын ағайын.
Шайды айтқанға сөкпегін,
ішіп те жүрсің талайын.
өзің құсап тағы да,
Жан-жағыма қарайын.
Қолымда жалғыз домбырам,
Ауыстырмай салайын.
Кедейден бүгін қарасаң,
Балпаңдап жүрген байлар көп.
сондайлардың ішінде,
Болып та жатқан майдан көп.
майданның жөнін сұрасаң,
Келе жатқан сайлау көп.
Біреулер оны ойлайды,
Қарындарын майлау деп.
Біреулер тағы ойнайды,
төрт жыл сонда отырып,
несібесін шайнау деп.
Әке-ау, бұл кім деп қарасаң,
сөзінде оның байлау жоқ.
тағы бірі өкінген,
Қолыңда қазақ қайран деп.
елбасы менен еліме,
Шығардым өлең ойдан көп.
Бір сөзімде тұрамын,
мен сен құсап айтыста,
табаным бүрсіз тайған жоқ.
Қазағым қастерлеген табандыны,
Адалдықпен өрілген адамдығы.
176
Қазақ өнерінің антологиясы
Жаңағы өзің айтқан, өзім айтқан,
Жүйкеге түсіп тұр ғой заман мұңы.
Желден жүйрік заманға тап болғанда,
Жылқының қор қылады шабандығы.
іңірде жын-шайтанға тап боласың,
Жарықта ойламасаң қараңғыны.
Бір-бірімен жауласып жатқандардың,
интернетке жүгірту мамандығы.
досқа күлкі, дұшпанға таба болар,
надандығын жеңе алмай адамдығы,
Бұл іштен ірітудің айласы ғой,
немесе ол шет елдің қараулығы.
Ағасын інісіне айдап салған,
Жымысқы саясаттың баяулығы.
Балғынбек, саған қарап мен отырсам,
Ағаңның шаршатпасын жаяулығы.
Қазақтың жауы қазақ болмаса екен,
өтініш қылып айтам саған мұны.
Байлығың мырыш та емес, күріш те емес,
Байлығың басыңыздың амандығы.
Ал, Бәке, қарап тұрсам тарлансың ба,
немесе асқақтаған заңғарсың ба?
төмен қарап ойланып кеттіңіз ғой,
Айтылған әңгімені аңдарсың ба?
сүгірдің термесіне салған кезде,
Әуені әдемі деп тыңдарсың да.
екінші домбыраңды алып едің,
Болмайды мұндай жерде жалғансуға.
тағы да шайыңды айтсам ренжіме,
сен шөлдеп шыныменен қалғансың ба?
Бірінші домбыраңыз қолыңда тұр,
Жып еткізіп ауыстырып алғансың ба?
дегендей енді маған қазақ келсін,
Қалайша бұл ағаңды шабан дерсің?
Жүрсін ағаң көрсетті қолыменен,
Жаңағы өзің айтқан маман дерсің.
Қолында бір домбыра қазақтардың,
ұшы үшкір үш найзасы аман болсын.
177
Айтыс VI том
Достарыңызбен бөлісу: |