Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет71/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   162
Балғынбек
не жаман, бұл қазаққа сайлау жаман, 
Кандидатты оққа әкеп байлау жаман. 
ринат, ел алдында дұрыс айттың, 
Халықтың тағдырымен ойнау жаман. 
Электронды дауыс беру қалай болар, 
Әзірге қасқыр да аман қой да аман.


188
Қазақ өнерінің антологиясы
Көрпелері жетсе де көсілуге, 
серкелері сертінен тайған заман. 
есіктегі еліміз еншісіз қап, 
төрелер астанада тойған заман. 
сен ерді қашан саттым деп отырсың, 
есіңе түсірейін, ойлан,балам. 
той жасап тоқтасынов төлен деген, 
ринатқа ән айтқызып қойған заман. 
сәбилянов отқа түскен нұртай ағаң, 
топқа түсіп үш рет сайланбаған. 
төлен өтсе шығыны төленген ғой, 
сайлау деген осындай майдан балам.
төленді де мақтайсың, нұртайды да, 
Қос майданда соғысқан қандай жаман. 
сара емес, Абайдың ақынысың, 
мен сенің қылығыңа кайран қалам. 
Барыстай балдызыма жөн болады, 
мысықтың мысалына айналмаған. 
ринат, сен әлі жассың, кекілдісің, 
Халыққа жас болған соң өтімдісің. 
Кеңдігін көрсетіп бір көңілімнің, 
Бетіңді қақпайыншы, ниетім шын. 
Астанада үндемей жүресің деп, 
сол сөзбен сүрінед деп отырмысың. 
Әр сөзімді аңдығанға қарағанда, 
Балдыз емес, абысыным секілдісің. 
сақал деген болды ғой бітпейтін жыр, 
мен сені әзіл сөзбен үптейін бір. 
сақалға емес жүрекке байланысты, 
ізгілікке апарар құт дейін бір. 
Әйтпесе дінді бұзған дүмше молда, 
өтірік уағыз айтып жұрт жиып жүр.
Аңқау елге арамза молда болып, 
Жылтыр беттер жұртты жеп быттиып жүр.
сақалдың дінге қандай қатысы бар, 
сақал түгіл мұрты жоқ, мүфтиің жүр.


189
Айтыс VI том
сақалмен кімдер бүгін санасып жүр, 
Көсе болған мүфтиге жарасып жүр. 
тура жолдан тайған соң талай қазақ, 
өзге дінге адасып, шырмалып жүр. 
оларға уағыз айтар молдалар жоқ, 
Барлығы пітір жинап таң асып жүр. 
Бүгінгінің мекке барған молдалары
тек қана жаназаға таласып жүр. 
Ағалар елдік дейді, бірлік дейді, 
Бірліксіз баяны жоқ тірлік дейді. 
Бес жүз мың қазақ өтті басқа дінге, 
үлкендер бұған неге дүрлікпейді? 
миссионерлер зиялы мемлекетке, 
Қайырлы іс қылуға кірдік дейді. 
маркстен ілім алған атеистер,
миссионердің сөзіне құлдық дейді. 
имам жоқ уақытымен уағыз айтар, 
Жайбасар жатқаныңды дін күтпейді. 
мода қуып меккеге барған қажы, 
молда болып жүргенмен дым бітпейді, 
ішінде мысықтардың бәрі мешкей, 
Шіркеуде шыбынға да шыр бітпейді. 
Ринат:
ол рас, семей жақта той деген көп, 
Балғымбек айта білші ойлы өлең тек. 
Айтайын жағдайынан кандидаттың, 
Көрсетіп көзіменен көрген ел көп. 
өз ағам ажал үсті жатқан кезде, 
Хал сұрап па едің сен менен кеп. 
сол кезде қиналғаннан ақша таптым, 
Фәнидің жазғандығы сол ма екен деп. 
Әйтпесе өзің келіп көмек берсең, 
мен саған ешқашанда қой дегем жоқ. 
Бір өзің болғандайын дара құнды, 
сен маған қарсы қойдың жаңа кімді? 
дін жайлы толғанасың елге келіп, 
Ашқандай жүректе бір парағынды. 


190
Қазақ өнерінің антологиясы
сен сонша діншіл болсаң айт, Балғынбек
тастадың не себептен намазыңды? 
зор болса исламның келешегі, 
Бұл ойды ринат бүгін, елесе еді. 
Бұлайша ойлы болып көрінгенмен, 
санаңнан сенің талай жел еседі. 
намазды орта жолда тастап кеттің, 
Күндеді деме мұнша неге сені. 
Бір барып, қайта қайтып кететіндей, 
ислам қайын жұртың емес еді. 
Бұл Балғын айтыс сайын толушы еді, 
Жоқ-ау деп келешекте оның шегі. 
Айтыстан бір күн бұрын бұл жездеміз, 
семей деп жақсы түстер көруші еді. 
семейді ертең күні облыс боп, 
Қалады деп тағы да жүруші еді.
ойланбай он бес дауыс бере салып, 
менің де көңілім соған толушы еді. 
Бірақ та облыс болған семейім жоқ, 
ринат тек жақсыға сенуші еді. 
Әй, тегі, саған сенген мен де ақымақ, 
Бұл Балғын қашан жақсы оңушы еді. 
тегінде үкіметтің ауылында, 
Қай кезде қандай шындық болушы еді?! 
тексерейік, Балғымбек, 
тәуіп болған ісіңді. 
Қарсы алдымда отырсың, 
Бейне бір молда мүсінді. 
Ашық менмін балдызың, 
тап демеймін ішімді. 
осылай сөзді бастасам, 
ұйқасынан шумақтың, 
Балғымбек бәрін түсінді. 
Ал енді саған айтайын, 
өзімнің көрген түсімді. 
мен де өзімді жырласам, 
Келмейді саған қауіп бір. 


191
Айтыс VI том
Аякөзде той болып, 
Жасанып битімдей тауым тұр. 
Қарсы алдымда со кезде, 
Қол соғып үлкен қауым тұр. 
сол қауымнан ринат, 
Бір бақытын тауып тұр. 
Басқа түгіл көгімде 
маңдайыма шуақ ауып тұр. 
Айтақындай ағам кеп, 
Аяғыма етік кигізіп, 
үстіме шапан жауып тұр. 
осындай түсті жырласам, 
ішінен маржан теріп көр. 
Балдызыңа енді жауапты 
дұрысынан беріп көр. 
Шынымен болсаң көріпкел, 
осы түсімді жорып бер?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет