199
Айтыс VI том
ринатта пайым бар ма оны ойлаған.
Қазақты мінеп-сынап кеше бүгін,
орысша қоспап па еді Абай бабам.
отырмын бақ жұлдызың өрлесін деп,
Балдызым мін-сынымды термесін деп.
өзіңе өзің қатты таңқаласың,
деймісің бұл жалғанда тендесім жоқ.
Әдейі
сынап айттым орысшаны,
рухы қазағымның өрлесін деп.
Әдейі сатираны қолданғанмын,
Бір сәуле Абай жаққан өлмесін деп.
Балдызжан, топ алдында жайнағансың,
сен маған кінә тақпай ойланарсың.
Шешенсің, айтыстарда көріп жүрмін,
тіл-аузын талайлардың байлағансың.
орысша сөзге қоспақ түгілі сен,
Полиглот адам болып ойнағансың.
Ақмарал, Каримамен айтысқанда,
немісше, ағылшынша сайрағансың.
Келгені көк мойнақтай көсілерің,
Көсілсең мерейіңді өсіремін.
ертісте
туған бала болсаң дағы,
ел үшін ерке толқын осы ма едің?
студент күндеріңде білім қуып,
менсінбей елордаға көшіп едің.
Ал бүгін Астананы сынағышсың,
тағайын сынады деп несіне мін.
су ішкен құдығыңа түкірсең де,
Шалалық сөздеріңді кешіремін.
Ринат:
нашар екен жездеке ақпарларың,
Бөтен тілден жөн болар сақтанғаның
Жетіп
жатыр бағана мақтанғаның,
Кімге керек енді кеп ақталғаның?
200
Қазақ өнерінің антологиясы
Абай айтқан орысша
«самородный»» сары алтын.
ол Абайдай ұлыға
Бүгін кінә тағарсың.
сенің сөзіңе қарасам,
«убью» деп айтасың.
тастамайтын
жаман сөз,
өзің неткен адамсың?!
дей алмаймын өзіңнен асқан едім.
мінезінді Балғынбек, таста керім.
Қаласынан кетсем де отаныма,
ұмытпаймын ешқашанАстана елін.
сөйлегенді орысша,
дейсің жақсы білемін.
ол әзілдің айтысы,
Жетсін тағы тілегім,
Айтпақшы
мен сол кезде,
Астанада жүр едім.
сен бүгінде ерекше толып жүрсің.
өлеңменен көп жерді шолып жүрсің.
Экс-астана тағы да, секс Астана,
деп Алматы бәлесін көріп жүрсің.
өзің ұшқан қала ғой, бұл Алматы,
сен де саңғып ұяңа не ғып жүрсің?
мақамына салып ап, бөріктінің
Аманжолдың шәкірті болып жүрсің.
мына қарыны қампайып,
екі
аяғы талтайып,
отырысын жалпайып.
Басына бөрік кигізсе,
Айнымаған Әлтаев.
Достарыңызбен бөлісу: