Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет79/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   162
Тілеген:
Қанатыңнан қақпайын,
Қалықта, дәулет, қалықта.
Шаужайыңнан тартпайын,
Шарықта, дәулет, шарықта.
ұшық шықсын деп аузыңа,
Айтқаның дәулет анық па?
Жапалақ дедің сен мені, 
Жалпылдаған жардағы,
осы айтқаның дәулетжан
Жетті тағы халыққа.
Ақылы бар ақын ең,
Қол салмайтын дәулетжан,
Айналып тұрған шарыққа.
сен қорғасын, мен жалын,
Балқытқалы келгемін.
Кіргізейін қалыпқа,
сұрмерген ақын сен едің,
Желбезекке жебе дарытқан.
судағы жүзген балыққа.
осылай сөйле дәулетжан,
Ақындығың анық па?!
Қыран боп туған қырансың,
Қарғалығыңды танытпа!


212
Қазақ өнерінің антологиясы
тілмен түй, тісіңменен күрмеңді ағыт,
тасырқамай төгейін тілден жақұт.
дәулетжан Шымболатша ақтарылдың,
сен де бүгін үлдең мен бүлдеңді ағыт.
ұртын шайнап жатса да ұлтым деген,
Шымболат сілтей білген бірден бағыт.
Құс тұмсығы секілді қысқа жалған,
Болса да маңыздырақ сүрген бақыт.
сақсырың қанға толып тұрса дағы,
саңқылдап дұшпаныңа күлген бақыт.
өзіңнен өлмейтұғын өлең қалса,
өкінбей бақиға да жүрген бақыт.
Артыңда сұмдық емес, шындық қалса,
Шынболатша өлу де үлкен бақыт.
Шындықты мен айтайын шымшып тұрып,
Қабырғасын қазақтың қыршып тұрып.
Құлаған протонның кесірінен,
Қоғадай жапырыларсың сыңсып тұрып.
Жусан исі аңқыған жондарымнан,
уыстап у жұтамын шым-шытырық.
Қыршынынан қиылған жастар аз ба,
Ақиқаттың көзінде былшық тұрып.
Құрсақтағы ұрпақты түсік қылдық,
Жатырда жатқан анау тұншықтырып.
оны айтатын көкелер жоғарыдағы,
Шылбырдай шұбатылды-ау сусып тұрып.
Қыран деп қонақтатқан депутаттар,
Шиқылдап танытып жүр шымшық қылық.
у сауып, уыз жеймін деп жүргендер,
ұшынып қап жүрмеңдер ұшық тұрып.
Құтқаратын күні ертең ем таба алмай,
ұлт жарасын алмаңдар ушықтырып.
Аспанда ала бұлттан Ай сығалап
Қоғам тұр мына маған қайшы қарап.
семсер ұстай білмейтін сертсіз ұлдар,
өкінбей өкпеме тұр қайшы қадап.
Жаңаарқа, Қарқаралы, Жезқазғаным,
темір жауғанда ақ далам ойсырамақ.
Бабама берген сертім адыра қап,


213
Айтыс VI том
Кедей кердең боп барад, бай сұғанақ.
Балама не деп жауап берем ертең, 
далама өшікті екен қай сұғанақ?!
Жерім бай болғаннан соң, халқым кедей,
Алладан соң отырсың халқым демей.
Хантәңірге ұя салған қыран едің,
Қыран қабақ, дүр жігіт алтын керей.
Қобыз кеуде жігіт ең, Қорқыт үнді,
Жырларымды қабыл ал салқын демей.
Айтарыңды сен де елге ақтар енді,
түкті жүрек жігітсің, алтын көмей.
Қызықтап қыпшақ, найман қарап тұрсын, 
Қақтығысып көрейік арғын, керей.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет