Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет70/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   162
Балғынбек
сақалыма жабысып,


185
Айтыс VI том
осы ма маған сыйлығың? 
Қарсы қойған нұртайға
Қандай жаман пиғылың. 
Жүруші едім мен сені, 
топтан озған жүйрігім. 
Атаңа емес бұл күнде, 
Алашқа күллі сыйлысың. 
Көз алдымда дауыл боп, 
нөсер боп мейлің құй бүгін. 
Қара құйын дауылмын, 
Арнасы қатты ағынмын. 
мойындайтын жігітпін, 
Алланың ғана бұйрығын. 
Жүрмейді маған билігің.
Анадан алтау тусаң да, 
Беліңді бекем бусаң да, 
сақалдың жолы киелі, 
Айылыңды жи бүгін. 
он алты ақын ішінен, 
Қалдық екі кандидат. 
төртінші рет жарыстың, 
төрде отырып жан қинап. 
елге бердік билікті, 
телефонмен балл жинап. 
сұраған жездең жолықты, 
Барыңды енді салып бақ.
Алдына көпшіліктің келген кезде,
мен емес жұрт құмарын қандырмайтын.
Балдызым бүгін маған қарсы шықса,
мен емес намыс отын жандырмайтын.
Апай төс, атан жілік Балғынбекпін,
сен түгіл сенен зорға алдырмайтын.
сен едің семейдегі дарабоздай.
Бәйгеден жүйрік келсін, шабан озбай.
Қарлығаш, Әсем, сара, Фархат, ринат,
Айтыстан қалмайсыңдар сабақ аздай,
сүйрелеп бесеуіңді сиязбек жүр,
тіркеген бес вагонды паравоздай.


186
Қазақ өнерінің антологиясы
Қарағым, балағымнан тістей берме,
онсызда балтырымда жарам аздай.
Крыловтың шырылдауық шегірткесі,
деймісің шындық айтты ала жаздай.
тереңнен суырып айт ақиқатты,
Айдыннан балдыр тартқан бала қаздай.
Жөні келсе балдызжан,
Қайнағамды мақтаймын.
мақтаймын да қашанда,
ел сенімін ақтаймын.
Білесің ғой айтыста,
Жүрсінді ғана даттаймын,
өз іші де біледі,
Бекерге жала жаппаймын,
ырылдаймын, қаппаймын,
Жүрсіннен жақсы таппаймын.
сақ болсын деп сұқ сөзден,
Айтыс сайын қақсаймын.
Ал сен айтыс сайын мақтайсың,
оныңа кінә тақпаймын.
Шапан жауып, ат мінгіз,
Қолыңды бүгін қақпаймын.
мақтағандар бүлдірер,
осы сөзді мақтаймын,
мақтап жүріп жылатқан,
сайлаудан да құлатқан,
Қуларды қалай ақтаймын.
тура айтамын туысқа.
түспесін деп қуысқа.
мақтанудан сақтаймын,
сүрінгенде сүйеу боп,
түңілгенде тіреу боп, 
ырқыма көнбей жүрсе де, 
сыртынан сендей сатпаймын. 
Ринат:
Балғынбек, жөн шаба алсаң көрінеді, 
тұрғанда Алматының сеніп елі. 
сыртынан сатқанымды бұл Жүрсін де, 
Қай жерде, қай ауылда көріп еді? 


187
Айтыс VI том
сақалдың жолы үлкен деп айтасың-ау, 
нұсқайды ол сөзіңнің жөні нені? 
Адамды маймыл деген маркстің де, 
сақалы иегінде толып еді. 
озғайсың, ал жездеке, құтың әрі
демессің балдыз менен ұтылады. 
менен де зор адамдар жеңбеді деп, 
сөйлейсің басқаларды нұқып әрі. 
Кейбіреу түйедейден құтылдым деп, 
Біздейін түймедейге тұтылады. 
Қасыңа келген жоқ қой басқа бала, 
сен мені айдалаға тастама, аға. 
Қаншама айтсаң-дағы қатты-қатты, 
ринат сөзіңізден жасқана ма?! 
Келген соң Алматыға шындық дейсің
тығылған бейкүнәдай тас қораға. 
Балғынбек, шыныңды айтшы осы неге, 
үндемей жүре бердің Астанада. 
Астана күннен-күнге жайнап жатыр, 
той түгел қойнауында қайнап жатыр. 
мысалы, кеше ғана Арқа жақта, 
«Астана күнін» жұртың тойлап жатыр. 
ол жерге шетел жақтан әртіс келіп, 
Жасанды бұлбұл құсап сайрап жатыр. 
Қазақтың миллиондаған ақшасына, 
осылай қанжығасын майлап жатыр. 
Ал енді ауылдағы ағайындар
Айлық қашан алам деп ойлап жатыр. 
Балғынбек, неге астана әлі күнге, 
Ауылдың тағдырымен ойнап жатыр?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет