201
Айтыс VI том
Қалқайды деп айтасың,
сен де қалқам, балдызжан,
Жан емессің құлақсың.
тайдың ба деп сертіңнен,
Қойдыңыз ғой сұрақ сіз.
Әр арнаға құятын,
Арнасы жоқ бұлақсыз.
сен де
талай әуенге,
саласың ғой, балдызжан
Жігіт пе едің тұрақсыз?
Балдызжан, неге ойнайсың, қарыныммен,
ойланып сөйлесеңші сабырменен.
Бөрік кисе Әлтаевтан айнымайсың,
осы ма халыққа айтқан мәлімдемең.
Қарағым, ел алдында әлек болмай,
Байқасындап қарасаңшы әліңменен.
сен айтатын Қабанбай Қаракерей,
Қалың ел қабырғалы нарым деген.
Белі жуан, ат көтермес Бөгембай да,
Атанның жілік майын шағып жеген.
Анадан арда туған ер Қарасай,
Жолбарыстың жүрегін жарып жеген.
Абайды да ат көтере алмапты ғой,
Қазақтың малын жемей қамын жеген.
солардай болғаныма қуанамын,
Қазағым ірілікті қадірлеген.
ірілер ұсақталып кетпесін деп,
Жалынып-жалбарынам әмірге мен.
сен неге жүрегімді жаралайсың,
Ағанды ел алдында табалайсың.
мұңымыз бен сырымыз бір болған соң,
Жыртығын көңілімнің жамағайсың.
Астанада ертіп жүрген
ағаң едім,
сен бүгін қарсы келіп абалайсың.
өзімнің салмағымды айта бермей,
сөзімнің салмағына қарағайсың.
202
Қазақ өнерінің антологиясы
Бұл балдыз Балғынбекті сынап қойды,
Жездем ғой деп құлағын бұрап қойды.
екеуміз бетімізге келе берсек,
Ал сонда ел сенімін кім ақтайды?
мен сені сүріндіргім кеп тұрған жоқ,
Батыраш пиғылды ағаң ұнатпайды.
семейім махаббаттың символы боп,
Халқымның жүрегінде тұрақтайды.
Қозы
Көрпеш-Баян сұлуды білетіндер,
сезімін әрбір ғашық шумақтайды.
еңлік-Кебек аңызын естіген жан,
ешқашан қызын енді жылатпайды.
Қалқаманмен мамырды туған семей,
ұлардай енді ұрпағын шулатпайды.
Қызын ап күйеу бала болғаннан соң,
семейім сені маған сынатпайды.
сен секілді ұлдарын ұнатқанмен,
Қыздарын қыл көпірде құлатпайды.
Бұл өзі айтыс еді бірде көрер,
Көмбеге сен шығарсың бірге келер.
сен маған түсіңді бір жорыттың ғой,
түс жору ел алдында білген өнер.
мен
саған да бір жұмбақ айтайыншы,
соны тапсаң жездең саған жүлде берер
ол өзі оңай жұмбақ, таба алмасаң,
орныңнан ринат балдыз, тұр да жөнел.
Балдызым дұрыс тыңда, екі ғайып,
Бір жаққа көшіп барады бірдеңелер?
Ринат:
Жарты сағат қарынды термелейсің,
Қайынжұртқа
Балғынбек, еркелейсің.
менің саған айтқаным мысал еді,
мен не деймін құдай-ау, сен не дейсің?
Бар еді ғой ерекше,
елге ұнайтын жалының.
Қазақтарда бір сөз бар.
Кей ақылды адамдар,
203
Айтыс VI том
Көрсетеді дарынын.
Кей ақымақ адамдар,
Көрсетеді қарынын.
Жырладың ғой қайын жұрт семейім деп.
өсе түссін семейім мерейің тек..
Күйеу балаң едім деп айтқаннан соң,
отқан шығар жұрт дауыс берейін деп.
Күйеу баласың, ол
рас
өтірік дейді оны кім?
Бірақ айтқан ойыңды
Жақсылыққа жорыдым.
сен үйленбей тұрғанда,
Басқаша еді порымың.
енді міне қарасақ,
Бөлектенді орының.
мен саған бір сөз айтайын,
семейден дауыс сұрадың.
Жықпасын деп сол ұлын
талдықорған құлатпас,
дәл өзіңдей зор ұлын.
Біз берген нәрсе аз ба еді.
Қыс
сайын өзің жейсің ғой,
Шұбартаудың соғымын.
Қоя кеттің және де жұмбағыңды,
сөзіңе сендіресің мұнда кімді.
Болсадағы жауабы тым өзгеше,
Жақсылыққа қояйын жұрнағымды.
Біреу көшіп бара жатса,
оған ринат не істесін.
тілейтінім қазағым,
Жамандық еш кешпесін.
Басында тұрған бақыты
ешқашанда көшпесін.
Достарыңызбен бөлісу: