207
Айтыс VI том
суылдап,сұқсыр іліп, қаз қуғандай.
Бесіктегі бөбегің әнімді естіп,
Қадамдап қаз-қаз басып қаз тұрғандай.
тана қуып келгем жоқ,
тай жетелеп,
Ақуыз жыр әкелдім ас қылғандай.
ел тұрмақ елікті де идірейін,
Киіктің лағын теліп қапсырғандай.
ел алдында ептілік танытайын,
Барқытқа барқыт жамау жапсырғандай.
Жұмыртқасын еппен ап кекіліктің
ұлардың бауырына бастырғандай.
Құс көрпеңе жамбасым тимесе де,
мысты өлкеңде сөйлейін бәс тұрғандай.
Қабағымда
қиылып қас тұрғандай,
Жанарымда үйіріліп жас тұнғандай.
Шымболаттың тойында сарқырайын,
Арындап тас қопарған тасқындардай.
Ассалаумағалайкум менің ұлтым,
тамағыңда болмасын тас тұрғандай.
Ақ шындықтың арасын айырайын,
тасбақаның баласын тасқа ұрғандай.
Буыныңды бозадай босатайын,
Күшәлалы қымызға мас қылғандай.
сары дала сағым ойнар сәтті күні,
сал дала ақындардың тәтті күні.
дәулеттің
әр сөзінен атан шөгер,
сары далада естілсе пәктік үні.
Құр ауыз сөйлемейтін ақын едің,
Бір ауыз сөйлегені аттың құны.
тіліңнің тіркестері сұлу, көркем,
Арасынан өтпейді аттың қылы.
сахнаға былқ-сылқ етіп зорға шықтың,
Басыңда желбірей ме бақтың туы?
Жоқ әлде буыныңды босатқан ба,
дәулет-ау,
Алматыда тақтың буы,
Армысың, дәулеткерей Кәптің ұлы,
Бармысың, жалғыз Алла- хақтың құлы?!
208
Қазақ өнерінің антологиясы
Дәулеткерей:
Айтыста көтерілген бақ тұғыры,
дәл бүгін аман екен Кәптің ұлы.
Қасыма тілеген кеп сөйлегенде,
естілгендей болды ғой ат дүбірі.
Ал,
енді сен сары да мен қарамын,
деп айтпассың теңеуді таптың ірі.
Қара мен сары келіп тоғысқандай,
Бұл дағы бір құдайдың сәтті күні.
тәуелсіз атып жатқан таңдары азат,
Алаштың ақ пейілі Аллаға жақ.
Ассалаумағалайкүм асыл елім,
Ақындарың сыйласын жанға ләззәт.
Шымболатты қондырып тұғырына,
Бақыт та бұдан асқан бар ма ғажап?!
Құдайдың бұл күніне шүкір дейін,
Болмасын пиғылдарың тәубаңа жат.
Ақ
саулықтай қоздатқан ақ батасын,
Армысың, Арқадағы арда қазақ?!
Қалмайды бүгін тойда жыр есілмей,
Асыл жыр ақындардың үлесіндей.
екеуміз де қалмаспыз ысырылып,
сөйлеуге жарамаған күресіндей.
мешіт пен шіркеу қатар осында бар,
тілеген оны жақсы білесің ғой.
Ал, мешіттің күмбезі көк болады,
Болса егер үмітіңнің үдесінде ой.
Қасыма
сап-сары боп қайдан келдің,
екі миллиондық шіркеудің кресіндей?!
тілеген беделің зор бек жігітсің,
Арқалы Арқадағы елге үмітсің.
Шымболаттың тойына келген кезде,
таңдайын тәтті өлеңмен ел жібітсін.
Кешегі тайжан, нартай, Шашубайдың,
Шабытынан бойыңа қондырыпсың.
Шымболаттай ағаңның жолын қуып,
сүрлеуін маңдайға алып жол қылыпсың.
209
Айтыс VI том
Қай-қайдағы
теңеуді жиып-теріп,
Ақындығыңа еліңді сендіріпсің.
Барыңмен базарлап көр, ал, ендеше,
мені де бір кездесер деп жүріпсің.
Достарыңызбен бөлісу: