Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет78/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   162
Тілеген:
тартылған көл шетінде дабылға да,
ұша алмай семіз құстай мамырлама.
Шіркеудің күмбезіне теңей салдың,
Ат шалдырмас жігіт ең тақырға да.
Күннен күнге барасың толықсып-ақ,
дәулетжан құр бекерге дабылдама.
мен сенің буыныңды бекітейін,
сөз салып ине тілмен қабырғаңа.
топқазы болған аттай ыңқылдайсың,
Келесің қалжың менен ақылға да.
Көбең жүрген көк аттай көбіктеніп,
Қазы бітіп қалыпты-ау қабырғаңа.
Кеудеңнен күмбірлеген күй ұғып ем,
сіз дескен әр сөзімнен сый ұғып ең.
маралкөз бұлбұл үнді дәулет едің,
Күлетін қарсыласқа миығымен.
Жанарыңды тәкаппарлау төңкересің,
дегендей бұл айтыстың биігі мен.
Жоқ әлде тұяқтыға жеткізбейтін,
сарыарқа сары даланың киігі ме ең?!
Қоян жұтқан ителгі сияқтанып,
Көзіңнің қарайсың ғой қиығымен.
ердің қасы қайрылып,
Қапталы кетсін айырылып.
үзілгенше дәулетжан,
тартысайық ал, енді.
тұяғымыз жер тіліп,
содан кетсін кертіліп.
Қиылғанша шашамыз,
тарпысайық ал, дәулет,
Азуымыз сақылдап,
тіске тіс тиіп шақылдап.
Қамыстағы қабыландай,
Қарпысайық ал, дәулет.


210
Қазақ өнерінің антологиясы
Қоңыраулы найза қысқарып, 
істік болып қалғанша.
Шарболат қылыш мұқалып,
Кездік болып қалғанша.
Айқасайық дәулетжан.
Ай, дәулетжан, дәулетжан,
тілімізден тіліміз,
Шайлығып сірә, қалғанша.
Бірімізді біріміз,
өңгеріп атқа салғанша,
Білегіміз талғанша.
саусағымыз қалжырап,
Бастан жығаң салбырап,
дулыға жерге түскенше,
Шайқасайық, дәулетжан!
Дәулеткерей:
Шабытын бұл тілеген іркер емес,
Ақын ем, ақиқатты бүркелемес.
өлгенше айқасайық деп отырсың,
Күтпейді-ау екеумізден жұрт ерегес.
Келсең-кел, сенен қорқар мен емеспін,
өлгенде көрген бұл да бір төбелес!
Болғанда екеумізге ел көпір шын,
дегендей екі ақыным тең көсілісін.
Жерден, көктен теңеуді жинап алып,
Қасымда қарсы қарап сен де тұрсың.
ителгі жеген қоян секілді деп,
енді сенің тілеген нең көпірсін?
Қоянның басын жұтып тояттап ап,
Жарбиған жапалақтай сен де отырсың.
өлеңдей келер болсақ нәрлі уызға,
Айтармыз ақындықпен әнді қызба.
Шымболаттың тойына келген кезде,
Шындықты айтар ақын деп алдыңызда.
маған теңеу айтқаныңа рахмет,
демеймін тұлпарымды салды мұзға.
Шымболаттың тойына келген кезде,
өлеңнің уызына қандыңыз ба?


211
Айтыс VI том
тақырыпты талқылап айтар болсаң,
ұшық шығып кетпейді аузыңызға.
Аталы сөз күтеді ел арлы ақыннан,
Атадан ақын болып арда туған.
Бұқар жырау халықтың мұңын айтса, 
Кенде емес еді ғой хан да ақылдан.
Кешегі кеңес деген кесір қоғам,
Шымболаттың көзіне қан қатырған.
Шындық деп бар әлемге жар салуда,
заманның зарын айтып зарлатудан.
тілеген сен де солай жырласайшы,
той болып жатқан кезде алқа думан.
Шымболат ел көңлінде мәңгі қалар,
Шындықтың шолпанындай таңда туған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет