Мухитдинов на печать indd


Қу-қуалла. Құлқуалла.  «Иманымды айтып, қу-қуалламды үш қайырдым да көзімді жұмдым. Әбден  шаршаған секілдімін» (О.Бөкеев, Мұзтау). Қулла



Pdf көрінісі
бет109/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Қу-қуалла. Құлқуалла. 
«Иманымды айтып, қу-қуалламды үш қайырдым да көзімді жұмдым. Әбден 
шаршаған секілдімін» (О.Бөкеев, Мұзтау).
Қулла ةلق – орта ғасырлардағы су сақтайтын үлкен құмыра. Қазіргі кезде ға-
лымдар оны шамамен 204 келіге тең деп есептеген. Шариғатта қулла судың мөл-
шерін аз не көп деп үкім шығару үшін қолданылған.
Қурайза ةظيرق – Мәдинада Мұхаммед пайғамбармен одақтас болуға келісім-
шарт жасасып, кейіннен сол келісімді бұзған яһуди тайпасы.
Қурға ةعرق – жеребе тастау. Қара: жеребе.
Құба мешіті ءابقلا دجسم – қазіргі кезде Мәдина қаласының аумағына кіретін жер-
де орналасқан Исламдағы ең алғашқы салынған мешіт. Құба елді мекені алғашқы 
кезде Мәдина қаласының аумағына кірмейтін болған. Кейіннен Мәдина қаласы үл-
кейіп, Құба мешіті тұрған жер де Мәдинаның құрамына кіріп кеткен. Ол мешітке 
арнайы дәрет алып барып, екі ракағат намаз оқу сүннет. 
Құбыла ةلبق – Қағба орналасқан тарап. Намаз оқыған кезде жүзді Қағба та-
рапына бұру «құбылаға қарау» деп аталады. Намаз оқыған кезде құбылаға қарау 
намаздың шарттарына (сыртқы парыздарына) жатады. Қазақ тілінде «құбыла» сөзі 
әртүрлі тіркестерде ауыспалы мағыналарда көп қолданылады.
«Ол кісі құбылаға қарай тізерлеп отыра кетіп құран оқыды» (Д.Исабеков, 
Мазасыз күндер). 
«– Намазды бұрын құбылаға қарай оқитын еді, ал мына татардың батысқа 
қарап оқитыны несі?» (С.Хайдаров, Теңіз салмалы).
«Оңтүстік батыс, күнбатыс; батыс жақ. құбыладан соққан аңызақ жер-дүние- 
ні күйдіріп, жаусатып жатты» (С.Шаймерденов, Мезгіл). 


147
«Құбыладан қаптаған тұтас алапат бұлт күннің көзін қайтадан сірестіріп ба-
сып алды» (С.Жүнісов, Ақан Сері). 
«Бата жасалған соң, Балқожа қойды құбылаға қаратып жықты да, аяқтарын 
айқастыра ұстады» (Н.Қазыбеков, Тұсаукесер).
Бетін [басын] құбылаға берді. Жүзін (басын) құбыла жаққа, күннің батысына 
қарай түзеді.
«Сөйтсем, төрдің қақ төбесінде бетін құбылаға беріп, Мақпал намаз оқып 
отыр» (Б.Соқпақбаев, Өлгендер қайтіп келмейді). 
«Кім болды екен деп жақындасам, әкем екен. Құбылаға бетін беріп, шарт жү-
гініп күбірлеп отыр» (Т.Иманбеков, Үш айдың үш күні). 
«Осыдан үш күн бұрын мынау оң жақ бұрышта басын құбылаға беріп әкесі 
жатып еді» (С.Мұратбеков, Жабайы алма).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет