145
Қафез. Құранды жатқа білетін адам. Хафиз. Ол араб тіліндегі ظفاح «хафиз»
(жаттаушы, жатқа білуші) деген сөзден шыққан. Қазақ тілінде бұл термин адам аты
ретінде де қолданылады.
«Өлген адам ба деп шошып тұр едім. Қафез абзи сіз бе едіңіз? Не күйге ұшы-
рағансыз? – деп құшағына алды» (Е.Рахимов, Тентек).
Қимар رامق – ақша тігіп ойнайтын құмар ойын. Шариғатта қимарға тыйым
салынған.
Қиран نارق – қажылықты өтеудің бір түрі. Онда алдымен умра жасап, одан
кейін ихрам халінен шықпай, ихрам киімін шешпестен қажылық уақытын күтеді.
Қажылық уақыты басталғанда алғашқы ихрамымен қажылығын жалғастырады.
Яғни қажылыққа умраны қосу арқылы екі ғибадатты бір ихраммен өтеу.
Достарыңызбен бөлісу: