Мухитдинов на печать indd


Құзырында – алдында, қабылдауында, қасында. Құлһу



Pdf көрінісі
бет112/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Құзырында – алдында, қабылдауында, қасында.
Құлһу. Құлқуалла. Құлһу аһат.Құран кәрімнің «Қул һууа Аллаһу Ахад» 
(мағынасы: (Уа, Пайғамбар!) Былай деп айт: «Ол – Алла – Жалғыз (серігі жоқ)) 
деп басталатын реттік нөмірі 112-сүресі. Ол сүре «Ықылас» сүресі деген атпен та-
нымал. Қазақ әдебиетінде «құлһу» сөзімен де кездеседі. 
«Кәзір жарқылдата, шартылдата күн құйып бергенде, Әбен құлһу Алла мен 
аятылкүрсіні төпей берді. Басқа білері жоқ» (Ғ.Мұстафин, Дауыл).
«Аллаға алғыс. Білсеңіз: «Құлқуалла!» – құран сөзі
Мұқтажсыз, мұңсыз, қамсыз болған өзі. 
Тумайды, өзі ешкім тудырмайды
Адамға ұқсас емес бір мінезі» (Мәшһүр-Жүсіп, Шығармалары). 


151
«Құлқуалда» шалдар-дағы оқынып
Бір-біріне дейді: «Нәпіл оқылық» (Б.Майлин, Шығармалары). 
«Мажыра тағы талықсып кетті. Ақылбай тағы ақырды. Ерназар екіленіп екі 
салып кетті де, қара шараға құйған суды Мажыраға құлқуалданы үш қайырып оқып 
бүркіп қалып еді, суық судан селк етіп Мажыра көзін бір ашты» (І.Жансүгіров, 
Шығармалары).
«Аруақтың орнына келген екенбіз дұға оқып жіберейік деп тынамқа бір 
қарады да молдаларша жүрелеп отырды да мақамдап құлқуалланы төпеп берді»
(О.Сәрсенбаев, Жалғыз күрек).
«– Шай артынан құлқуалланы қайта соғып бердің – деп күлдірді Төлеубай» 
(Ш.Өтепов, Өшпес жалын). 
«– Рас, әже, олла – біллә, «құлқуалланың» қазақшасы тап осылай» 
(Қ.Сатыбалдин, Қараторғай). «Қолында сандықтан алған құралы бар, құлқуалланы 
білетіндердің аузында дамыл жоқ» (С.Торайғыров, Шығармалары).
«Құлһу аһаттың үшінші қайталанар тұсында әуезді дауыстың бауыры кенет 
жазылып, бейне шұбат аққандай көсіле тайпалып кетті. Талай естіген сөздері бей-
таныс мазмұнның таныс сөздері» (А.Сүлейменов, Бесік).
Құнұт (құныт, қунут) تونق – үтір намазының үшінші ракағатында Фатиха 
және зәм сүресін оқып болғаннан кейін рукуғтың алдында оқылатын дұға. «Құнұт» 
сөзінің лексикалық мағынасы өте ауқымды. Ол «дұға», «ұзақ уақыт тұру», «бағы-
ну», «қорқу» деген мағыналарды береді. Шафиғи мазһабында «құнұт» дұғасы таң 
намазының екінші ракағатында рукуғтан кейін оқылады. 
Намазхан үтір намазының үшінші ракағатында «Фатиха» мен зәм сүресін 
оқып болғаннан кейін, «тәкбиратул-ихрам» кезіндегідей екі қолын көтеріп, тәкбір 
айтады. Сосын екі қолын қайта байлап, құнұт дұғасын оқиды. Мұнда тәкбір алу 
мен кез келген бір дұға оқу – уәжіп. Ал екі қолды көтеру және құнұт дұғасын оқу – 
сүннет (Р.С. Мухитдинов, Фиқһ әл-ғибадат). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет