Мухитдинов на печать indd


Қайнуқағ عاقنيق – Мәдинадағы яһуди дінін ұстанатын бәну қайнуқағ тайпасы- ның атымен аталған базар. Қаиф



Pdf көрінісі
бет106/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Қайнуқағ عاقنيق – Мәдинадағы яһуди дінін ұстанатын бәну қайнуқағ тайпасы-
ның атымен аталған базар.
Қаиф – адамдардың сырт келбетіне қарап, олардың өзара туыс немесе туысқан 
еместігін ажырата алатын адам. 
Қайыз ضيح – етеккір, балиғат жасқа толған әйелдің белгілі мерзіммен көретін 
қаны. Бұл қан аяқ ауыр (екіқабат) кезде және ауру себебінен келмейді. Қайыз кезін-
де әйел адамға намаз, ораза секілді ғибадаттарды орындауға болмайды.
Қамат (иқамат) ةماقإ – парыз намазы басталар алдын айтылатын шақыру. Қара: 
иқама.
Қантара ةرطنق – көпір. Шариғатта сират көпірінің жаннатқа жалғасқан бөлігі 
«қантара» деп аталады.
Қара тас دوسلأا رجحلا – Қағбаның бір бұрышында жерден шамамен 130-140 см. 
жоғары, көп бөлігі қабырғаның іш жағында орналасқан тас. Ол тастың жаннаттан 
түсірілгендігі және алғашқы кезде ақ болғандығы туралы деректер бар. Қара тастың 
тарихи деректерде Ибраһим мен оның ұлы Исмаил пайғамбарлар Қағбаны тұрғы-
зуды бастап бұрышына жеткен кезде, Ибраһим (аләйһис-сәләм) сол бұрыштың 
ерекше болуын қалайды. Сөйтіп, Исмаилге осы бұрышқа лайықты бір тас әкелуін 
бұйырады. Бірақ лайықты тас таппай қайтқан Исмаил кенеттен сол бұрышқа бір 


144
тас қаланып, Ибраһимнің құрылысты жалғастырып жатқанын көреді. Ибраһим 
пайғамбар оны Жәбірейіл періште жаннаттан алып келгенін айтады. Ол туралы де-
ректерде «Ол алғашында ақ тас болған. Сосын қарайған. Оны қарайтқан Адам ұл-
дарының күнәлары» деп айтылған. Ол тас қазіргі кезде Қағбаның Зәмзәм тараптағы 
бұрышына қойылған.
Қарат – бір даниқтың жартысына тең, ал бір даниқ – дирһамның алтыдан 
бірі. Сол кезде бір алтын динар жүз жиырма даниқ, екі жүз қырық қарат тұратын.
Қари (қары) – Құранды жатқа білетін адамға берілетін атақ.
Қарин. نراق– қажылықтың қиран түрін өтеуші қажы. Қара: қиран.
Қарин. Адаммен бірге болатын жын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет