Мухитдинов на печать indd


Құбылаға бас қойды [берді]



Pdf көрінісі
бет110/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Құбылаға бас қойды [берді]. Намазға жығылу.
«Құбылаға бас қоймақ
Мұсылманның тарығы 
Руза, намаз қаза қылмасаң
Көңілің де құдай барлығы» (А.Байтұрсынов, Шығармалары). 
«Құбылаға бас қойып, тоңқаңдап жатқан кемпір-шалды Дәрмен осы жақтан 
көп көрген» (Т.Әлімқұлов, Сейтек сарыны). 
«Құбылаға бас беріп, 
Екі көзге жас беріп
Байбөрі хаққа налынды: 
«Алмадың, құдай, жанымды» (Алпамыс).
Құбылаға бет алды [қойды]. Күннің батысына қарай жүру; намаз оқу үшін 
жүзін құбыла тарапына қарату.
«Жаздай жайлап, елдің шаңын шығарып тастаған жайлауын қақ жарып құбы-
лаға бет қойыпкеле жатырмыз» (Б.Майлин, Шығармалары). 
«Қаймағы бұзылмаған қайран дінім, 
Қаймағың быт-шыт болды қайдан бүгін?! 
Құбылаға бет алып қол қусырып
Сәждеге бас қоятын қайда күнім?» (М.Мақатаев, Шығармалары).
Құбылаға қарап күн өткізді.Жұмыссыз, бекер өмір өткізді.
«Сонда қалай, балам, біз секілді кәрілер енді үйде қол қусырып отырып, құ-
былаға қарап күн өткізбек пе» (О.Сәрсенбаев, Шығармалары).
Төрт жағы [тең] құбыла. Барлық мүмкіншілігі бар, жағдайы жақсы. 
«Асырып айтқаным емес, төрт жағымыз құбыла. Абырой да, дүние-мүлік 


148
те жетіп жатыр» (Ж.Еділбаев, Бүгінгі.). «Ал бұдан артық ғұмырда япыр-ау, нені 
тілермін. Төрт жағым тең құбыла, мен онда, достар, түгелмін» (Ш.Мұхамеджанов, 
Шағала көңлім шарықта).
Төрт құбыласы сай [тең]. Ешқандай қайғы-қасіреті жоқ, барлық арман-тіле-
гі орындалған, ешбір уайымсыз.
«Бауыры жара, көңілі нала, ал өлең айтқан түріне қарасаң, төрт құбыласы 
сай, ешбір қайғы-уайымы жоқ жандай» (I.Есенберлин, Қатерлі өткел). 
«Әйелдің сөзі шат, расында қатты риза боп, сүйсінген кісінің сөзіндей 
қалтықсыз естілді. Өзі төрт құбыласы сай адамдай жайбарақат, мол, сенімді» 
(Ж.Нәжімеденов, Аспан шақырады). 
«Олар келсе, дастарханым бай менің, 
Олар келсе,төрт құбылам сай менің. 
Әнмен, жырмен дірілдетер едік қой 
Терезенің әйнегін» (Т.Молдағалиев, Жүрек қазынасы). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет