Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет105/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Қадір түні ردقلا ةليل – рамазан айының соңғы он күнінің тақ түндерінің бірінде 
кездесетін мың айдан да қайырлы түн. Аллаһ тағала бұл түні ғибадат еткен барлық 
жанның күнәсін кешіреді. Көптеген ғалым ол рамазан айының жиырма жетінші 
түні деп айтқан. Қадір түні туралы Құранның «Духан» және «Қадыр» сүрелерінде 
айтылған. 
Қажет намазы. Қажет намазы – қиын жағдайға тап болғанда оқылатын екі 
ракағаттан тұратын нәпіл намаз. Қажет намазының мәні – оны оқып болғаннан ке- 
йін Аллаһтан бір істі жеңілдетуді немесе бір қажетін өтеуді сұрап жалбарыну. Бұл 
намаз көбінесе адамның басына бір ауыртпашылық түскенде, қиын жағдайға тап 
болғанда, Аллаһтан медет сұрап оқылады.
Қажылық جح – ай күнтізбесі бойынша, зул-хижжа айында Аллаһ тағалаға 
құлшылық ету үшін Меккеге барып бекітілген амалдарды орындау. Немесе Аллаһ 
тағала үйіне, белгілі уақытта діннің бір тірегін орындау үшін зиярат ету. Қажылық 
– Ислам дінінің негізгі бес тірегінің бірі. Денсаулығы жарамды, қаражаты жететін 
мұсылманға өмірінде бір рет қажылыққа бару – парыз. «Қажылық» (Хаж) сөзі араб 
тілінде құрметті орынды зиярат ету деген мағына береді.
Қаза. Бекітілген уақытында өтелмеген құлшылық.
Бизарурат қоймаңыз сүннетімді, 
Қаза қылма ораза, намазыңды (Бабалар сөзі // Діни дастан).
Қаза намазы – белгілі бір себептермен уақытынан кешіктіріліп оқылған 
намаз. Қаза намазының ниетімен «әдә» (уақтылы) оқитын намазды және «әдә» 
(уақтылы) намазының ниетімен қаза намазын оқуға болады. Намаздың қазасын 
өтеу – уақытында оқи алмаған намазды кейінірек оқу.


143
Қаза ораза.Өз уақытында тұтылмай қалған ораза.
Қазф. Жала жабу. Ислам шариғатында нақақтан жала жапқан адам заң ал-
дында жауапқа тартылады. «Қазф» термині «Жинаят» тарауында қолданылатын 
термин.
Қазы ضاق – Ислам шариғаты бойынша үкім жүргізетін сот, төреші. 
«Ақжонас ертеңгісін әкімдерді шақырып алып сұрады: 
«Қазы, мүфти сіз деді, 
Перзентсіз болдық біз деді
Жас жетпіске толғаны. 
Үлкендіктің мысалы 
Жүз алпыс екі тамырдың 
Бәрі бірдей солғаны. 
Елуде еді алғаным, 
Бір перзенттің зарпынан 
Күшті болды арманым» . 
Сонда қазы мүфти қамалды, патшасы бұлай айтқан соң, Таба алмады амал-
ды» (Батырлар жыры).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет