152
Уә афини фимән афайт. Уә тәуәллини фимән тәуәлләйт. Уә қини шарра мә қадайт.
Уә бәрик ли фимә әътайт. Иннәкә тақдый уә лә юқда ъалайк. Фәиннәһу лә юзәллу
мән уәләйт. Субхәнәкә раббанә тәбәрактә уә таъалайт» деген сөздерді үйретті», –
деді (Мусаннаф Ибн Әбу Шайба). Мағынасы: Аллаһым! Мені дұрыс жолға салған-
дарыңмен бірге дұрыс жолға сала гөр, кешіргендеріңмен бірге кешіре гөр, Өзің
қамқоршысы болғандармен бірге маған да қамқоршы бол, Өзің үкімін шығарған-
ның жамандығынан сақта, бергеніңді маған берекелі ет, Сен үкім шығарасың, Саған
ешкім үкім шығармайды, Сен қамқоршысы болған адаспайды. Сен кемшілік атау-
лыдан пәксің және ұлықсың. Бұл екі дұғаның бірін жаттамаған не дұрыс оқи ал-
майтын кісі басқа жатқа білетін дұғасын оқуына болады. Мысалы: «Аллаһуммә иғ-
фир ләнә» деп үш рет айтуына не «Раббана әтинә фиддуния хәсәнә уә фил ахирати
хәсәнә, уә қинә азәбән-нар» дұғасын оқуына болады.Егер намаз оқушы қателесіп,
құнұт дұғасын бірінші я екінші ракағаттан кейін оқыса, оны үшінші ракағатта қай-
та оқымайды. Сол сияқты үшінші ракағатта рукуғке дейін оқымаса, оны рукуғтен
кейін де оқымайды.
Достарыңызбен бөлісу: