156
өз өмірін қию; бір нәрсенің жолында жазықсыз жапа шеккен адам; жемтік; садақа
деген мағыналарда да қолданылады.
«
Құрбанға өгіз союшы еді. Малайларына бір бөлек арнатып құрбан союшы
еді. Бұл төреден мырза жан жоқ еді» – деді» (С.Сейфуллин, Тар жол тайғақ кешу).
«Соғыс басталған күні Алдаберген
өз еркімен майданға сұранып, Ұлы
Отан соғысының алғашқы
құрбандарының бірі болды» (С.Мәуленов, Шыңдағы
шұғыла).
«Рабфак студенттері оны құтқармақ болып заң орындарына барса, ондағы-
лар тыңдап, шара қолданудың орнына кіріспей-ақ қойыңдар деген «ақыл» айта-
ды. Ақыры қыз ескіліктің
құрбаны боп кете барды» (І.Есқожин, Сәбит Мұқанов –
публицист).
«Жүрмеді ол
жай жөніне бос қаңғып,
Өз
құрбанын өзектерде тосты аңдып.
Өзі еркін болғанымен өзгеге
Беруге ол қарсы болды бостандық» (С.Мәуленов, Алыс кетіп барамын).
«Кетсем де кейде күйіктен қаңғып,
Үміткер едің биіктен барлық.
Жақсылық
айтар адамға құрбан,
Жомарт та қылған,
сараң да қылған,
Көңілім менің, көңілім» (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә).
«Айттым сәлем, қалам қас,
Саған
құрбан мал мен бас.
Сағынғанда
сені ойлап,
Келер көзге ыстық жас» (Абай, Толық жинақ).
«Отанның біз де жасымыз,
Халықтың гауһар тасымыз.
Жастық борыш бізде тұр.
Ел үшін
құрбан басымыз.
Ұрысқан
жерде тұрыс жоқ,
Алға қарай басыңыз» (Жапсарбаев, Сөйле, тілім).
Достарыңызбен бөлісу: