Мухитдинов на печать indd


Мухрим م ِرْحُم – қажылықты немесе умраны ниет етіп, ихрам халіне өткен  адам.  Мухсар



Pdf көрінісі
бет141/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Мухрим م ِرْحُم – қажылықты немесе умраны ниет етіп, ихрам халіне өткен 
адам. 
Мухсар رصحم – белгілі кедергілер себебінен қажылығын немесе умрасын 
аяқтай алмаған адам.
Мухталаф әл-хадис ثيدحلا فلتخم – егер хадистің беретін мағынасына сырт-
тай қарсы мағынада келген хадис болса және осы бір-біріне қарсы мағыналы екі 
хадисті бірге қарсы еместей қылып түсіндіру жеңіл болса, ол хадисті «мухтәләф 
әл-хадис» деп атайды. 
Мухтәлат طَلتخم – жасы үлкею себепті есте сақтау қабілеті нашарлап, жаттаға-
нын шатастырып алу. Сол сияқты, егер рауи хадисті кітаптан оқып, риуаят ететін 
болса, бір себептермен көзі жазым болып көрмей қалғаннан кейін немесе кітаптары 
өртеніп кеткеннен яки жоғалтып алғаннан соң, есте қалған хадистерін риуаят еткен 
кезде қателесетін болса, оның хадисін «мухтәлат» деп атайды. Ал қателескен неме-
се шатасқан рауи «мухтәлит» деп аталады. Егер ондай рауидің шатасқанға дейінгі 
хадистерін шатаса бастағаннан кейінгі риуаят еткен хадистерінен ажырату мүмкін-
дігі болса, шатаса бастағанға дейінгі хадистері қабыл етіледі. Ал егерде ажырату 
мүмкіндігі болмаса, оның риуаят еткен барлық хадистерімен амал жасалу анық-қа-
нығын ажыратқанға дейін тоқтатыла тұрады. Осы ережеге сәйкес барлық күмәнді 
рауилердің хадистерімен амал жасау анығын білгенге дейін тоқтатыла тұрады. Он-
дай рауиден, яғни мухтәлит адамнан шатаса бастағанға дейін хадис алған адамдар 


185
белгілі болса, олардың риуаяттары қабыл етіледі. Ал белгісіз жағдайда амал жасалу 
хадистің анық-қанығын анықтағанға дейін тоқтатыла тұрады. 
Мухтәлит طِلتخم – қателесуші, шатасушы, жаңылысушы. Қара: мухтәлат.
Муһажир رجاهم – қоныс аударушы. Мүшріктер тарапынан зәбір көрулері се-
бепті Аллаһ елшісіне ілесіп Меккеден Мәдинаға қоныс аударған мұсылмандар 
осылай аталған. 
Мушаббиһа ةهبشم – Аллаһтың есім сипаттарын адам және басқа да жара-
тылыс иелерінің сипаттарына ұқсататын, сол секілді дейтін адасқан топ. «Мушаб-
биһа» сөзі араб тілінде ұқсатушы деген мағына береді. Қара: ташбиһ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет